267
Ұлы Рамазан айы
Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға
парыз етілгендей
сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә
атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер»
636
деген.
636
«Бақара» сүресі, 183.
Рамазан оразасы һижраттың екінші жылы парыз болған. Рамазанның сауаптылығы
туралы айтылған көптеген хадистер бар. Мысалға алсақ:
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Рамазанның бірінші түні Алла бәріне пейіш
есіктерін ашады. Ай бойы бұл есіктердің ешбірі жабылмайды. Алла бір жаршыға
бұйрық бергенде ол: «Уа, жақсылық күткен пенде, кел! Уа, күнә жолына түскен пенде,
күнәдан қайт!» – деп жар салады.
Одан: «Күнәларының кешірілуін сұрағандар жоқ па? Күнәлары кешіріледі.
Тілек
тілеген кісі жоқ па? Тілегені беріледі. Тәубе жасаушылар жоқ па? Тәубесі қабыл
болады», – дейді. Бұл жағдай таң сөгілгенге шейін жалғасады. Алла Тағала айт күні
түнде азапқа лайық болған мыңдаған кісіні тозақтан азат қылады».
Салман Фарси риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айының ақырғы күні
бізге қарап:
– Уа, адамдар, сендер ұлы айға кірдіңдер. Онда мың айдан да жақсы және қайырлы
Қадір түні бар. Алла бұл айда ораза ұстауды парыз қылған. Түнгі ғибадатты еріктеріңе
қалдырған. Кім бұл айда бір сауап іс жасаса, ол сауабынан
тысқары бір парызды
орындағандай болады. Бұл ай – сабырлылық айы. Сабырдың сауабы – пейіш. Бұл ай
– өзара жәрдемдесудің айы. Бұл айда мүминнің ризығы артады. Кім бұл айда ораза
ұстағандарға ауыз аштырса, бір құлды азат қылғандай сауап табады. Күнәлары
кешіріледі, – деді. Біз:
– Уа, Алланың Елшісі, бәрімізде ораза ұстағандарға ауыз аштыратындай мүмкіншілік
жоқ қой? – дедік. Ол:
– Алла бұл сауапты ораза ұстаған кісіге бір ұрттам сүт, бір ұрттам су не бір құрмамен
ауыз аштырған пендеге де береді. Кім бір ораза ұстаған кісіні тойдырса,
бұл оның
күнәларының кешірілуіне себеп болады. Жаратқан Иесі оның шөлін менің бұлағымнан
қандырады және ол мәңгілік шөлдемейді. Бұл айдың басы – рақым, ортасы – кешірім,
аяғы – тозақ отынан құтылу. Кім бұл айда қызметшісінің жүгін жеңілдетсе, Алла оны
тозақтан азат қылады. Сендер бұл айда төрт нәрсені көбейтіңдер. Осы төрт нәрседен
екеуімен Жаратқан Иелеріңді разы қыласыңдар. Қалған екі нәрсе сендерге сөзсіз
керек. Жаратқан Иелеріңді разы қылатын екі нәрсе «Лә илаһа иллаллаһ», яғни
«Алладан басқа сиынуға лайық құдай жоқ» деген сөз және өз әлсіздіктеріңді мойындап,
Алладан кешірім сұраңдар. Сендерге сөзсіз керек болған екі нәрсе пейіш пен тозаққа
тиесілі. Сондықтан бұл айда Жаратқан Иелеріңнен пейішті сұраңдар. «Тозақтан
құтқара көр» деп Алладан сұраңдар, – деп жауап берді.
Тағы бір хадисте айтылған: «Кім шын жүректен сеніп және Жаратқаннан ғана сауап
күтіп ораза ұстаса, Алла оның өткендегі және келешектегі күнәларын кешіреді».
(Алла Тағала айтады): «Адамзаттың барлық істері өзі үшін. Бірақ оразасы бұның
сыртында. Ол – Мен үшін. Оның сауабын жеке Мен өзім берем.
Пайғамбарымыз айтқан: «Менің үмбетіме Ораза айында бес өзгешелік берілді, бұл
менен бұрынғыларға берілген емес:
1. Ораза ұстаған кісінің аузының иісі Алла үшін мисктен де жақсы.
2. Періштелер ауыз ашарға шейін ораза ұстағандардың күнәларының кешірілуін
сұрайды.
268
3. Бұл айда шайтандар байланады.
4. Алла әр күні пейішті сәндейді және «Тақуа
пенделерім жамандық және
қиыншылықтан құтыларына жақын қалды», – дейді.
5. Ол айдың ақырғы түні оларды кешіреді».
Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ол – қадір түні ме?» – деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ. Бірақ әрбір жақсы іс жасаған кісінің жақсы істері қабыл
болғанда сауаптары беріледі», – деді.
Достарыңызбен бөлісу: