Имам ғазали жүректің сырлары


Раббым! Мен үшін Өз құзырыңда, жұмақта бір үй тұрғызғайсың! Мені



Pdf көрінісі
бет23/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Раббым! Мен үшін Өз құзырыңда, жұмақта бір үй тұрғызғайсың! Мені 
Перғауыннан және оның жаман ісінен (зұлымдығынан) сақтай көр! Мені бұл 
залым қауымнан құтқара көр!»
52
 
– деп дұға қылды. 
52
 
«Тахрим» сүресі, 11. 
Салман (р.а.): «Перғауын әйелін күннің қайнап тұрған аптабына тастап қинады. Бірақ 
(перғауын жақындарымен) ол жерден кетісімен періштелер оны қанаттарымен 
қалқалады. Асия болса пейіштегі үйін көріп отыратын еді», – деп айтқан. 
Бұл оқиға туралы Әбу Һурайра (р.а.) былай деп риуаят етеді: «Перғауын әйелі Асия 
үшін төрт қазық қақтырып матап қойды. Көкірегіне бір диірмен тасын қойдырды. Содан 
соң басын Күнге қаратып бұрдырды. Сонда Асия көкке қарап: «Өзің маған пейішіңнен 
үй тұрғыз!» – деп дұға қылды. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Алла оны құтқарды. Содан соң пейішіне алып 
кетті. Ол сол жайда өмір сүріп жатыр», – деген. 
Бұл жерде қиыншылық сәтте Алла Тағалаға сиынып, Одан жәрдем сұрау мүмин 
пенделердің сипаты екеніне дәлел бар. 


28 
Алла тағалаға мойынсұну және Пайғамбарды сүю 
Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы 
(шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді 
жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла – Ғафур (құлдары қанша 
жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим 
(әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді)»
53

53
 
«Әли Имран» сүресі, 31. 
Пенденің Алланы және Оның Пайғамбарын сүюі – оларға мойынсұну, бұйрықтарына 
бас ию болып саналады. Алланың өз пендесін сүюі оған жақсылық-нығметтерді беруі, 
сыйлауы, оны кешіруі. 
Пенде ұлы Жаратқанның ұлылығын, кемшіліксіздігін және өзіндегі жақсы қасиеттер 
Алла Тағаладан екенін түсінгенде Алланы сүйген болып саналады. Пенденің бұларды 
түсінуі оны жақсы істерді жасауға жетелейді. 
Хасан Басридің айтуы бойынша, кейбіреулер Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, 
Мұхаммед! Біз Жаратқан Иемізді сүйеміз», – деп айтқанда жоғарыдағы аят түсірілген. 
Бишр Хафи (р.а.) былай дейді: 
Бір күні Пайғамбарымызды (с.а.с.) түсімде көрдім. Ол: «Бишр, Алла сені қайсы 
қасиеттерің үшін құрдастарыңнан жоғары қылып қойғанын білесің бе?» – деп сұрады. 
Мен: «Жоқ, білмеймін», – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы кісілерге 
қызмет жасап, мұсылман бауырларыңа насихат айтуың, достарыңды және менің 
сүннетімді ұстанғандарды сүйгенің және менің сүннетіммен жүргенің себепті 
жоғарылатты», – деп айтты. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисте: «Кім менің жолымдыұстанса, мені сүйген 
болады және кім мені сүйсе, қияметте пейіште менімен бірге болады»
54

– деген. 
54
 
Тирмизи, 2678; Мунауи, ат-Тайсир, II, 390-бет. 
Адамдардың әдеп-ахлағы бұзылып, түрлі ағымдарға бөлініп кеткен сәтте, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетін бекем ұстанғандарға жүз шейіттің сауабы 
беріледі. «Сиратул-Ислам» атты кітаптағы мағлұматтар да мұны растайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кіргісі келмегендерден тысқары үмбетімнің бәрі пейішке 
кіреді», – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, кім пейішке кіруді қаламасын?!» – деп 
таңғала сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мағанмойынсұнғандар пейішке кіреді, маған 
қарсы шыққандар болса пейішке кіруді қаламағандар»
55

– деп жауап қайтарды. 
55
 
Бұхари, 7280. 
Тасаууф жолындағы бір кісі былай дейді: «Егер аспанда ұшқан, теңізде жүзген, 
аузына от салған және сол сияқты адам баласы жасай алмайтын істерді жасаған, бірақ 
Алла парыз қылған ғибадаттардан не Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерінен 
біреуін біліп тұрып жасамаған тариқат шейхын көрсең, оның көрсеткен өзгеше істері 
керемет емес истидраж
56
 
екенін біліп қой. Оның жамандығынан Құдай сақтасын». 
56
 
Имансыздарды ақиқат жолдан алыстатып, жоғалтуға ұшыратқан кейбір таңғажайып өзгешеліктер. 
Жунайд Бағдади (рахматуллаһи аләйһи): «Алланың жәрдемінсіз ешкім оған жете 
алмайды. Аллаға жетудің жолы – елшісі Мұхаммедтің жолымен жүру», – деп айтқан. 
«Сиратул-Ислам» атты кітапта баяндалғаны бойынша, Ахмад әл-Хиуари 
(рахимаһуллаһу) былай дейді: «Сүннетке жатпаған істер қабыл болмайды. Өйткені 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім менің сүннетіме ермесе, оған шапағатым арам болады», 
– деп айтқан. 
Риуаяттарға қарағанда, бір кісі бір жындының лайықсыз іс-әрекетіне куә болып, бұл 
туралы Маруф әл-Қарһиге (рахимаһуллаһу) айтады. Маруф әл-Қарһи жымиып тұрып 
оған: «Бауырым, сен жолықтырған кісі Алланы сүйгендердің жындыларынан. Себебі 


29 
Алланы сүйгендердің ішінде ақылдысы, жындысы, кішкентайы және үлкені болады», – 
деп жауап береді. 
Жунайд Бағдади былай дейді: «Бір күні Сирри (рахматуллаһи аләйһи) ұстазымыз 
ауырып қалды. Оның ауруының себебін біле алмадық, емін де таба алмадық. Бізге бір 
дәрігерді кеңес берді. Сирридің (рахматуллаһи аләйһи) кіші дәретін бір ыдысқа құйып 
алып, оған алып бардық. Дәрігер кіші дәретін тексеріп көріп, бізге: «Бұл кіші дәрет 
ғашық болған кісінің кіші дәретіне ұқсайды», – деді. Мен сол кезде айқайлап жіберіп 
естен танып, қолымдағы кіші дәреттің ыдысын жерге түсіріп алыппын. Кейін қайтып 
келгенде Сирриге (рахматуллаһи аләйһи) болған оқиғаны айтып берсем, ол жымиып: 
«Алла жанымды алсын, ол қайтіп білді екен?!» – деді. Мен: «Шейхым! Демек, сүю кіші 
дәретте де белгілі болады екен ғой?!» – деп таңырқадым. Маған: «Әлбетте, білінеді», 
– деп жауап берді ол. 
Суфиян (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Кім Алланы сүйгендерді сүйсе, ол 
Алланы сүйген болады. Кім Алла Тағала құрметтеген пенделеріне құрмет көрсетсе, ол 
Аллаға тағзым еткен болады». 
Саһл (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Алла Тағаланы сүюдің белгісі – Алланың 
Кітабын сүю. Алла Тағаланы және Оның Кітабын сүюдің белгісі – Пайғамбарды (с.а.с.) 
сүю. Пайғамбарды (с.а.с.) сүюдің белгісі – оның сүннетін орындау. Оның сүннетін 
орындаудың белгісі – ақыретті сүю. Ақыретті сүюдің белгісі – бұл дүниені сүймеу. Бұл 
дүниені сүймеудің белгісі – ақыретке азық болатынынан артығын тұтынбау». 
Әбул Хасан аз-Занжанидің (рахматуллаһи аләйһи) былай дегені айтылады: 
«Ғибадат көз, жүрек және тілмен орындалады. Көз жылап сабақ алса, жүрек ойланады, 
тіл Алланың бар екенін, бірлігін және ұлылығын растап, тасбих айтумен ғибадатты 
орындайды. Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Алланы көп еске 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет