47
«
(Сондай-ақ қандай да бір жерге аяқ басқан кезде һәм Мәдинаға таяп қалған
осы шақта) былай деп дұға ет: «Уа, Раббым! Маған қандай да бір жерге аяқ
басқанымда, хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде
кіруді, сондай-ақ ол жерден шығарда да хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм
Өзіңе шын берілген күйде шығуды нәсіп еткейсің. Әрі Өз тарапыңнан маған
мықты қолдау көрсетіп, айқын дәлел бергейсің»
104
.
104
«Исра» сүресі, 80.
Ибн Аббас (р.а.) бұл аятты түсіндіріп жатып былай деді: «Жәбірейіл (а.с.)
Пайғамбарымызға (с.а.с.) жанына әзірет Әбу Бәкірді алуын бұйырды».
Хаким ан-Нисабури әзірет Алиден риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.)
һижрат жасау бұйрығын жеткізген Жәбірейілден (а.с.): «Жанымда кім болады?» – деп
сұрағанда, Жәбірейіл періште: «Әбу Бәкір», – деп жауап берген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден кететінін әзірет Алиге айтып, қарамағындағы
аманаттарды иелеріне тапсыруды бұйырып, оны Меккеде қалдырды.
Әзірет Әбу Бәкірдің қызы Асма (р.а.) һижрат туралы былайша баяндайды: «Біз
Меккеде тұрғанымызда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) күніне екі мәрте, ертелі-кеш біздің үйге
келді. Һижрат жасайтын күні түске қарай үйге келе жатқанын көріп, әкеме: «Әке,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын орап алып үйге келе жатыр. Бұл уақытта келмейтін еді
ғой?» – дедім. Әкем маған: «Ата-анам оған садақа болсын! Демек, бір маңызды оқиға
болса керек...» – деді.
Ал әзірет Айша сол күн туралы төмендегіше баяндайды: «Бір күні түске таман үйде
отырсам, Пайғамбарымыз (с.а.с.) есіктің алдына келіп, кіруге рұқсат сұрады. Әкем Әбу
Бәкір (р.а.)
оны ішке кіргізіп, оған орын көрсетті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайланып
отырған соң Әбу Бәкірге: «Үйдегілерді сыртқа шығара тұр», – деді. Әбу Бәкір (р.а.):
«Бұлар өз отбасың», – деді. Басқа бір риуаят бойынша, «Арамызда бөтен кісі жоқ. Бұл
жерде екі қызым ғана бар», – деді.
Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) мен Әбу Бәкірдің арасында төмендегідей әңгіме
өрбіді:
– Маған һижрат жасауға рұқсат берілді.
– Ата-анам сенен садақа кетсін! Мен де сізбен аттансам бола ма?
– Болады.
Әзірет Әбу Бәкір қуанғанынан жылап жіберді. Ол сондай күн болып қаларын күтіп,
алдын-ала қамданып екі түйе бағып жүрген.
– Қамдап жүрген екі түйемнің біреуін алыңыз, – деді әкем. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Сатып алу шартымен ғана аламын, – деп айтты.
Ғалымдардың айтуы бойынша, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түйенің
біреуін сатып
қана алатынын айтқаны Алла жолындағы һижраттың ақша және күш-қуатпен
орындалуы ғибадат екенін білдіреді.
Әзірет Айша сөзін одан ары төменгідей жалғастырады: «Дереу сапарға шығуға
қамдана бастадық. Жол азыққа бір қойдың піскен етін қоса салдық. Сіңлім Асма (р.а.)
кепкен нан турап, азық салынған қапшықтың ауызын байлады. Алла Елшісі (с.а.с.) мен
әкем (р.а.) Сәуір үңгіріне барып, үш күн тұрды».
Сәуір үңгірі Меккенің жанында. Ол жерге бірінші болып Сәуір ибн Абдулманаф
шыққандықтан, соның атымен аталып кеткен.
Бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Бәкір (р.а.) әзірет Әбу Бәкірдің үйінің
артқы есігінен шыққаны айтылады.
Осы жолда оларға Әбу Жаһилдің жолыққаны, бірақ Алла Тағала Әбу Жаһилге
оларды көрсетпей қойғаны да деректерде бар.
48
Әзірет
Асманың айтуы бойынша, әзірет Әбу Бәкір қолында болған бес мың
дирхамымен сапарға шыққан.
Құрайыштықтар Пайғамбарымызды (с.а.с.) Меккені түгелдей тінтіп іздеді. Алла
Елшісін (с.а.с.) қолдан шығарып жібергеніне қатты қайғырып, оны (с.а.с.) ұстап келген
кісіге жүз түйе сыйақы беретінін жариялады.
Бұл сыйлыққа қызыққан елдің бәрі дүрбелең түсіп жүріп, екі жолаушының Сәуір тауы
жаққа кеткенін біліп, із қуып кетті. Із тіке Сәуір үңгірінің алдына шейін барды.
Қады Ияз арқылы келген риуаят бойынша, Сәуір тауы Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа,
Алланың Елшісі, менен қаш. Өйткені сенің құтты қаның менің үстіме төгілсе, Алла
Тағаланың қаһарына ұшыраймын деп қорқамын», – деп айтқан.
Алла Тағала ол үңгірдің алдына бір бұтақ өсірді. Бұл бұтақ үңгірдің жолын
кәпірлерден жасырды. Бір өрмекшіге үңгірдің аузына ау тоқуды бұйырды. Бір жабайы
көгершін үңгірдің кіре берісіне ұя салды. Бұлардың бәрі мүшріктерді жаңылтып, үңгірге
кіруден бас тарттырды.
Қазіргі сәттегі Харам аймағындағы көгершіндер сол Сәуір үңгірінің аузына ұя салған
көгершіндердің тұқымы екені айтылады. Олар сол күні Пайғамбарымызды (с.а.с.)
жасырып қалғаны үшін көбейіп, қауіпсіз жайда өмір сүруге ие болған дейді.
Құрайыш руынан шыққан ізкесерлер Мұхаммедті (с.а.с.) ұстап беріп сыйлыққа жүз
түйе алу үшін сайма-сай қаруланып, сәйгүлік аттарды мініп алып үңгірге шейін жетіп
келді. Үңгірге жеткенде біреу атынан түсіп, жақындап келіп,
ұясында беймарал
жұмыртқа басып жатқан көгершінді көрді. Нәтижеде артындағыларға айқайлап, ұяда
кептер жатқанын, демек, бұл жерге ешкім кірмегенін айтты. Соған қарамай жігіттердің
біреуі: «Осыншама келген соң ішіне кіріп көрмейміз бе?» – деді. Бірақ олардың
арасында тұрған Умайя ибн Халаф оған: «Бос үңгірге кіріп не қыласың? Сенбесең,
тесіктегі өрмекшінің өрмегін қарап көрші. Сонау Мұхаммед тумай тұрғанда өрілген
секілді қатпар-қатпар болып жабылып қалыпты. Егер
бұл жерге біреу-жарым кірсе,
көгершіндер ұясын тастап ұшып, анау өрмекші ауы бұзылып қалмақ», – деді. Бұл
дәлелге енді ғана иланған құрайыш жігіттері үңгірге кіруден бас тартып, одан ары жүріп
кетті. Олардың осылай сөйлескені үңгірдегі Пайғамбарымызға кәдімгідей естіліп
тұрды. Содан кейін ол Алла Тағала өзін дұшпандардан қорғағанын түсінді.
Бұхари мен Мүслимнің әзірет Анастан (р.а.) риуаят еткені бойынша, Әбу Бәкір (р.а.):
«Үңгірде отырғанымызда Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Егер қуғандар аяқтарының
ұшымен қараса, бізді көретін еді», – дедім. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Үшіншісі Алла
Достарыңызбен бөлісу: