Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет55/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Арштың тірегінде ілініп тұрады. Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас) біреу 
туралы шағымданғанда немесе бір пенде Алланың бұйрықтарына қарсы шығып күнә 
жасағанда, Алла мөр періштесін жіберіп жүрегіне мөр бастырады. Одан кейін ол кісі 
өзі жасаған жаман істерінің ешбірін байқамай қалады»
180

180
 
Байхақи, Шуғабул иман, 5/444; Дайлами, Муснадул Фирдаус, 3980; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 7/269. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға және 
ақырет күніне сенгендер қонағын жақсы сыйласын. Аллаға және ақырет күніне 
сенгендер туыстық қарым-қатынасқа көңіл бөлсін. Аллаға және ақырет күніне 
сенгендер пайдалы сөз сөйлесін не үндемесін»
181
 
деген. 
181
 
Бұхари, 6018; Мүслим, 47; Ахмад ибн Ханбал, 7571. 
Бұхари мен Мүслимнің тағы бір хабарында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Ризығының мол және өмірінің ұзын болуын қалағандар туған-туыстарымен қарым-
қатынасының мықтылығына көңіл бөлсін». 
Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Өмірінің жақсаруын және өмірінің ұзын 
болуын қалаған пендетуғандарымен қарым-қатынасының мықтылығына көңіл 
бөлсін» дегенін естіген. 
Бұл хадисті Бұхари мен Тирмизи төмендегіше риуаят еткен: Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
айтты: «Ата-тектерің туралы туыстық байланыстарды жалғастыратындай 
деңгейде мағлұмат алыңдар. Өйткені туғандармен байланыста болу бала-шағаға 
сүйіспеншілік, мал-мүлікке молшылық, өмірге береке алыпкеледі»
182

182
 
Тирмизи, 1079; Ахмад ибн Ханбал, 8651. 
Туғандармен қарым-қатынас туралы айтылған тағы басқа көп хадистер бар: 
«
Өмірінің ұзын, ризығының кең болуын және ақырғы демдеимансыз жан бермеуді 
қалаған кісі Алладан қорықсын және туғандарымен байланысын күшейтсін»
183

183
 
Ахмад ибн Ханбал, 1217; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/152. 
«
Тауратта 
«ризығының 
және 
өмірінің 
берекелі 
болуын 
қалағандар 
туыстық қарым-қатынасын үзбесін» деп айтылады»
184

184
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/153. 
«
Садақа бергені және туыстық байланыстарға көңіл бөлгені үшін Алла Тағала 
пенденің өмірін ұзартады, ақырғы демде имансыз жан беруден сақтайды, жағымсыз 
және қорқынышты нәрселерден аулақ қылады»
185

185
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 151. 
Әбу Йағла (рахматуллаһи аләйһи) хатам руынан бір кісінің былай дегенін риуаят 
етеді: «Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) бардым. Ол бірнеше сахабасымен отырған 
еді. «Алла Елшісімін деген сенсің бе?» – деп сұрадым. Ол: «Менмін», – деді. «Уа, 
Алланың Елшісі, Алланың алдында ең ұлы іс қайсы іс?» – деп сұрасам, ол: «Аллаға 


69 
иман келтіру», – деп айтты. «Уа, Алланың Елшісі, одан кейін не?» – деп сұрадым. Ол: 
«Туыстық байланыстарын бекем сақтау», – деп жауап берді. Содан кейін сөзіміз 
төмендегіше жалғасты: 
– Уа, Алланың Елшісі, Алла еш жақсы көрмейтін іс қайсылары? 
– Аллаға серік қосу. 
– Содан кейін ше? 
– Туыстық мәмілені бұзу. 
– Содан кейін? 
– Жамандыққа шақырып, жақсылықтан тыю»
186

186
 
Әбу Йағла, Муснад, 7/139; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/151. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сапарда бара 
жатқанда алдынан бір бәдәуи шықты. Ол Алла Елшісінің түйесінің тізгінінен тартып 
тұрып: «Уа, Алланың Елшісі, мені пейішке жақындатып, тозақтан алыстататын іс 
туралы айтшы», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұраққа жауап берерден бұрын 
сахабаларына қарап: «Бұл кісі шындап игілікке жетті не шынымен тура жолға түсті», – 
деді. Содан соң бәдәуиден «Не дедің?» – деп сұрады. Ол сұрағын қайталағанда, Алла 
Елшісі (с.а.с.): «Тозақтан алыстап, пейішке жақындағың келсе, еш серік қоспай бір 
Аллаға құлшылық жаса, намазды дұрыс оқып, мал-мүлкіңнің зекетін бер және 
туғандарыңмен қарым-қатынасыңа көңіл бөл. Енді түйемнің тізгінін қоя бер, жолымды 
жалғастырайын», – деді. 
Бәдәуи 
артына 
қайтып 
кетіп 
бара 
жатқанда 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
жанындағыларға: «Егер бұл кісі айтқандарымды орындаса, пейішке кіреді», – деді.
187
 
187
 
Бұхари, 1396; Мүслим, 13; Нәсаи, 468; Ахмад ибн Ханбал, 23027. 
Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бұл дүниеге 
келгеннен бері оларға ашуланып, жүзіне қарамаған қауыммен өлкені дамытып, өмір 
шартын жақсартады», – деген. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, мұны қалай түсінсек 
болады?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұның себебі, ол елдің туыстық 
қарым-қатынасқа жақсы көңіл бөлуінде» – деп жауап береді»
188

188
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/152. 
Ахмад ибн Ханбалдың (рахматуллаһи аләйһи) сенімді кісілер арқылы жеткен 
риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы мінезді пенде бұл дүниеде және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет