Имам ғазали жүректің сырлары


жанашырлығыңа қарамастан) сырт айналып кете барса, онда: «Маған (қамқор ие



Pdf көрінісі
бет67/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   193
Жүректің сырлары T.a

жанашырлығыңа қарамастан) сырт айналып кете барса, онда: «Маған (қамқор ие 
ретінде) бір Алла жеткілікті. Одан басқа тәңір жоқ. Мен бір Өзіңе ғана арқа сүйеп, 
тәуекел еттім. Өйткені Ол – ұлы Арштың Раббысы (Аршқа және күллі 
жаратылысқа үкімін жүргізген шексіз билік иесі)», – деп айт»
236
 
деген. 
236
 
«Тәубе» сүресі, 129. 
Аятта баяндалғандай, Алла Тағала Аршты «ұлы» деп сипаттаған. Өйткені әлемдегі 
ең орасан зор нәрсе сол. Сондай-ақ жоғарыдағы аяттың бұйрығы бойынша
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаға толық тәуекел еткен. Міне, сондықтан Тауратта және 
Алла Тағала түсірген басқа қасиетті кітаптарда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Мутауаккил» 
(Аллаға тәуекел етуші) деп айтылады. Себебі Аллаға тәуекел ету – Алланы жалғыз 
деп танудың табиғи нәтижесі. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) – Алланы жалғыз деп танығандардың басшысы. Бірақ 
Аллаға тәуекел ету кейбір себептерді орындауға тосқауыл емес. Бір бәдәуи 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Түйемді байлап қояйын ба әлде оны Аллаға 
тапсырып бос қояйын ба?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Түйеңді байла, содан 
соң Аллаға тапсыр», – деп жауап берген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер Аллаға толық тәуекел етпегендеріңде таңертең 
ұясынан аш шығып, кешке тоқ қайтқан құстардың ризығын қалай берсе, 
сендердікін де солай бермек»
237

– деп айтқан. 
237
 
Тирмизи. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисінде «Құстардың таңертең жолға шыққанын» баса 
белгілеп айтумен бірге, Аллаға тәуекел ету себептерді орындаумен болатынына 
ишарат қылған. 
Хикая 


87 
Ибраһим ибн Адхам мен Шақиқул-Балхи (рахматуллаһи аләйһи) Меккеде жолығып 
қалды. Ибраһим Шақиққа: «Сол жағдайға келуіңе не себеп болды?» – деп сұрады. 
Шақиқ: «Бір күні шөлде бара жатып қанаты сынып жерде жатқан құсты көрдім. Өзімше: 
«Сол жерден бұл шымшықтың ризығы қайдан келетінін қарап тұрайыншы», – деп 
оңашарақ барып отырдым. Бір уақытта шегіртке тістеп бір құс ұшып келді. Ол жаңағы 
қанаты сынық шымшықтың жанына қонып, шегірткені оған жегізді. 
Мұны көргенде «Сол құсты келесісінің ризығына себепкер қылған Алла қайда болсам 
да менің ризығымды берер» деп дүниенің артынан жүгіргенімді тоқтатып, өзімді 
толығымен ғибадатқа арнадым», – дейді. 
Ибраһим ибн Адхам Шақиқул-Балхиға: «Онда неге сен сол қанаты сынық шымшыққа 
жем тасыған қанатты сияқты жоғарғы дәрежеде болғың келмейді? Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) «Үстіңгі қол (бергеннің қолы) астыңғы қолдан жақсырақ»
238
 
дегенін естіген емес 
пе едің? 
238
 
Бұхари, Зекет. 
Мұсылманның белгісі – екінің бірін таңдаса, ең жоғарғысына жетуге әрекет жасау. 
Сонымен ғана ұлы кісілердің деңгейіне жетуге болады», – деді 
Мұны естіген Шақиқ Ибраһим ибн Адхамтың қолынан сүйіп, «Уа, Әбу Исхақ, сен біздің 
ұстазымызсың», – деді. 
Бірақ пенде бір нәрсеге жету үшін себептерді орындап қойып, соған ғана қарап 
қалмау керек. Оның мақсаты – бір Алла болуға тиіс. Бұл жайтта қайыршыдан үлгі алған 
жөн. Жалпыға мәлім болғандай, қайыршылардың алдында бір табақ тұрады. Олар 
қайыр сұрап отырғанда табақты емес, оған бір нәрсе салатын кісілерге қарайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адамдардың ең байы болғысы келген кісі Алланың 
алдындағы байлыққа қолындағыбайлықтан да көбірек сенуі керек»
239
 
деп айтқан. 
239
 
Ихияу улумиддин, IV, 244-бет. 
Ұзақ уақытқа шейін Ибраһим ибн Адхамның қызметінде жүрген Хузайфа Рашиден: 
«Ибраһим ибн Адхамның жанында жүргеніңде сені таңғалдырған қандай оқиғаға куә 
болдың?» – деп сұрайды. 
Хузайфа былай деп жауап береді: «Меккеге сапар тартып бара жатып жолда бірнеше 
күн аш қалдық. Куфаға жетіп бір мешітке тоқтадық. Ибраһим ибн Адхам менің жүзіме 
қарап тұрып, сұрақ қойды: 
– Хузайфа, қарның аш секілді көрінесің, солай ма? 
– Жағдайым, ұстаз, көріп тұрғаныңдай. 
– Маған қағаз, қалам алып кел. 
Қағаз, қалам алып келдім. «Биссмилладан» кейін «Әрдайым саған ғана сиынып, 
Сенен ғана жәрдем сұраймыз» деп жазды. Содан соң төмендегіше жалғастырды: 
«Мен Өзіңе мақтау айтып, шүкіршілік етемін, зікір айтамын. Мен аш-жалаңаш, жол 
таба алмай алаңдаймын. Алты нәрсені айтып өттім, алғашқы үш нәрсе мойнымдағы 
міндетім, қалғандарына Өзің кепіл бола көр! Өзіңнен басқаны мақтап, даңқын көтеру 
мен үшін тозаққа түсу болып саналады. Әлсіз пенделеріңді тозаққа түсуден сақта!» 
Ибраһим ибн Адхам осыны жазып, қолыма қағазды ұстатып былай деді: «Сыртқа 
шығып, бұл қағазды алғашқы жолыққан кісіге бер». Сыртқа шықсам, қашыр мінген бір 
кісі келе жатыр екен. Қағазды оның қолына ұстаттым. Жазуды оқыған кісі жылай 
бастады. Сосын: «Мұны жазған кісі қайда?» – деп сұрады. «Пәленше мешітте» – деп 
жауап бердім. Ол маған алты жүз динар салынған қапшықты ұстатып кете берді. Оның 
артынан кетіп бара жатқан бір кісіден: «Әлгі қашыр мінген кісі кім?» – деп сұрасам, «Ол 
христиан», – деп жауап берді. Ибраһимнің жанына барып, болғанын болғандай етіп 
айтып бердім. Ол маған: «Қапшыққа тие көрме, ол қазір-ақ қайтып келеді», – деді. 


88 
Айтқандай-ақ біраздан кейін христиан кісі кіріп келді. Ибраһимнің жанына тізе бүгіп 
отырып, оның басын сүйе бастады және оның артынан Исламды қабыл алды». 
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла Тағала Аршты көтеріп тұрған періштелерді 
жаратқанда оларға «Аршымды көтеріңдер», – деп бұйырды. Олар көтере алған жоқ. 
Сонда Алла Тағала олардың әрбіріне бүкіл аспандағы періштелерді қосып беріп, қайта 
«Аршымды көтеріңдер», – деді. Олар тағы да көтере алмады. 
Сонда Алла Тағала оларға: «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһи»
240
 
деңдер» 
дегенде, періштелер мұны айтып Аршты көтерді. Бірақ періштелердің аяқтары жердің 
жеті қабатына шейін батып кетті. Табандарын еш жерге тірей алмай қалғанда Аршты 
ұстап қалуға мәжбүр болды. 
240
 
Мағынасы: "Бір Алладан басқа сүйенер күш те, қуат та жоқ". 
Арасынан біреу құлап кетсе, қайда құлағаны білінбей қалады деп қорқып, бір-ақ 
кәлиманы қайталап жатты. 
Олар Аршты, Арш болса оларды көтеріп тұрды. Бірақ бәрін бірдей Алланың құдірет-
күші көтеріп тұрған еді. 
Риуаяттарға қарағанда: «Әр күні таңертең және түнде жеті мәртеден 
«Хасбиаллаһу лә илаһа иллә һууа, аләйһи тәуәккәлту уә һууа раббул аршил-азим 
(Маған (қамқор ие ретінде) бір Алла жеткілікті. Одан басқа тәңір жоқ. Мен бір Өзіңе 
ғана арқа сүйеп, тәуекел еттім. Өйткені Ол – ұлы Арштың Раббысы (Аршқа және 
күллі жаратылысқа үкімін жүргізген шексіз билік иесі) деген кісінің қандай тілегі 
болса да орындауды Алла Өзіне алған». 
Басқа бір риуаят бойынша, ақырғы бөлігі төмендегіше: «Бұл дүниеге не ақыретіне 
тиесілі қандай тілегі болмасын, оны орындауды Алла Өзіне алған»
241

241
 
Әбу Дәуіт, 5081. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет