120
«Үмбетімнен екі кісі Алланың алдында тізе бүгіп тұрған. Біреуі: «Уа, Жаратқан Ием, бұл
бауырымнан ақымды алып бер», – деп айтты. Алла арғы кісіге: «Бауырыңның ақысын
бер», – деп бұйырды. Берешегі бар кісі: «Ешбір жақсы ісім қалған жоқ», – деді. Алашағы
бар кісіге Алла Тағала: «Қалай қыласың, бауырыңның
саған берер сауапты ісі
қалмапты», – дегенде, ол: «Олай болса менің ақыма сай күнәмді мойнына алсын», –
деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөздерін айтып жатып, көздерінен жас төгіліп: «Ол күн
өте қатал күн, әрбір күнәһар ептеп күнәсін жүктейтін біреуді іздейді», – деді. Содан соң
одан ары сөздерін былай жалғастырды: «Сонда Алла Тағала алашағы бар кісіге:
«Басыңды көтеріп, пейіш бақшасына қара», – деп айтты. Адам басын көтеріп: «Уа,
Жаратқан Ием, алтыннан тұрғызылған бірнеше хансарайларды және інжулермен
әшекейленген қалаларды көріп тұрмын. Бұлар қай пайғамбарға не қай сыддыққа не қай
шейітке дайындалды?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Сен көріп тұрған бұл үй мен
хансарайлар маған ақысын төлегендерге беріледі», – деп айтады. Алашағы бар кісі:
«Уа, Жаратқан Ием, олардың ақысын саған кім төлей алады?» – дегенде, Алла Тағала:
«Сен бере аласың», – дейді. Адам: «Оның ақысы не?» – деп сұрағанда, Алла Тағала:
«Жолдасыңдағы ақыңды кешіп жіберуің», – дейді. Сонда алашағы бар кісі: «Уа,
Жаратқан Ием, ондағы ақымды кештім», – дейді. Алла Тағала сонда: «Олай болса
бауырыңды қолынан жетектеп алып пейішке кір», – деп бұйырады.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге: «Алладан қорқыңдар,
орталарыңда болып
кеткен келіспестіктерді тыныш жолымен шешіңдер. Алланың мүминдерді жарастырып
жатқанына куә болудасыңдар»
303
,
– деді.
303
Хаким, Мустадрак.
Өзіңше ойланып көрші. Егер қиямет күні дәптерің күнәдан таза болса не Алланың
кешірімімен бақытқа жетеріңді білсең, сұрақ алынған жерден пейішке жол тартып,
шексіз қуанышқа жетесің.
Міне, сонда қуаныштан жүрегің қабынан шығып кеткендей болады. Жүзің айдың он
төртіндей жарқылдайды. Мойныңдағы барлық жүкті алып тастағандай жеңілдеп,
басқалардың
алдында абыроймен басып, Жаратқанға разы болғаныңды елестет.
Дүние түгел сенің сұлулығыңа және бақытыңа сұқтана қарайды. Періштелер сені шыр
айналып: «Бұл пәленше ұлы түгенше. Алла одан разы болды және оны разы қылды.
Ол енді шексіз бақытқа жетті!» – дейді.
Міне, сондай дәрежені бұл дүниедегі екі жүзділіктен, жалтақтау және жасандылық
пен кісілерге жағымпазданудан артық көрмейсің бе? Егерде бұл мәртебенің тағы
пайдалырақ екенін білсең,
нақтылап айтқанда, екеуін бір-бірімен салыстыруға да
болмастығын қабыл алсаң, Аллаға шын ықыласыңмен беріліп,
ақ ниетіңмен сол
дәрежеге жетуге әрекеттен. Бұл мәртебеге жетудің бұдан басқа жолы жоқ екендігі де
айдан анық.
Сен мән бермеген, бірақ Алланың алдында ауыр деп саналған күнәң бар болса, міне,
сол күнә себепті Алланың қаһарына ұшырап, Ол саған: «Ей, жаман адам, саған мың
лағынет, сенің ғибадатыңды қабыл алмаймын», – десе, бұл сөзді естісімен жүзің
қарайып, Алланың қаһарына қалғаның үшін періштелер де саған қаһарын төгіп, «Біздің
және бүкіл жандылардың лағынеті болсын!» – дейді. Сонда азап беруші періштелер де
айбатты, өте қорқынышты көріністе саған шап беріп, төбе шашынан ұстап, елдің
көзінше сені жер сүздіріп сүйрейді. Топырлаған көпшілік сенің жүзіңнің қарайғанына
және жаман жағдайыңа қарап тұрады.
Сонда сен «Содан гөрі өліп жоқ болсамшы!» – деп налып айқайлап-өкіресің.
Забанилер (азап беруші періштелер): «Бір мәрте өліп жоқ болуын емес, көп мәртелік
өлімді жәрдемге шақыр!» – дейді.
121
Періштелер сені: «Бұл адам пәленше ұлы түгенше.
Алла бұның жамандықтарын
және күнәларын әшкере қылып, қарғады. Ол мәңгілік бақытсыздыққа ұшыраған», – деп
бәріне естірте жар салады.
Бұл жаман нәтиже бұл дүниеде елден жасырын не елкөрсіндік үшін әдейі көріну не
ел арасындағы абыройыңнан айырылып қалудан қорқып жасаған бір ғана күнәң үшін
басыңа келуі мүмкін. Бұл дүниедегі уақытша және ақыреттегіге қарағанда өте аз кісінің
алдында ұятқа қалудан қорқып, ақыреттегі сансыз көпшіліктің алдында ұятқа қалудан
қорықпағаның қандай надандық! Сондай-ақ ақыр аяғында Алланың қаһарына ұшырап,
жан қинаған азапқа қалып, забанилердің қолында тозаққа түсу де бар. Ақыретте душар
болатын сондай қиын жағдайлар бар, бірақ сен қорқынышты сезгендей емессің!
Достарыңызбен бөлісу: