Сурет 3 - Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің педагогика және психология ғылымдарында зерттелу бағыттары
Error: Reference source not found
Патриоттық тәрбие беру мәселесiн зерделегенде алыс және жақын шетелдердегi жүргiзiлiп жатқан жүйелі жұмыстар зерттеуiмiздiң теориялық және практикалық негiзiн ашуға үлкен септiгiн тигiздi. Тұлғаны әлеуметтендiру және жеке тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты зерттеулер АҚШ, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, т.б. мемлекеттердегі ғалымдардың еңбектерінде ерекше орын алады. Кестеде педагогика және психология ғылымдары бойынша патриоттық тәрбиенің зерттелу бағыттары айқындалды (Сурет 3).
Біз, “Қазақстандық патриотизм“, “ұлттық патриотизм“, “патриоттық құндылық“, “ұлтжандылық“, “жалпыадамзаттық патриотизм“ ұғымдарына берілген анықтамалар негізінде бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны төмендегі тұрғыда қарастырылады: әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну; мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау; барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, тілін құрметтеу; елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау және әлемдiк дамудың тыныштық пен бейбiтшiлiкті сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау. Ұлттық мәдениет пен өркениеттiк даму үрдiсiн өзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру патриотизмді қатынастар жүйесі тұрғысынан - тұлғаның мемлекетке қатынасы (мемлекеттік рәміздер мен атрибуттардың ту, елтаңба, әнұран,т.б.) маңызын түсінуі, мемлекеттік тілді, тарихи-мәдени мұраларды, дәстүрлерді білуі және оған деген құрметі, өз мемлекетіне пайдалы іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысы); өз халқына қатынасы (халықтың негізгі менталитетін, құндылық бағдарын, патриоттық және ұлтжандылық көріністерін бағалай білуі, өз халқы үшін патриоттық іске бару қажеттілігін түсінуі); патриот ретінде өзіне-өзінің қатынасы (азамат ретінде құқығы мен міндеттерін білу, патриоттық сезімнің көрініс беруі) арқылы айқындалды.
Біз патриоттық тәрбиенің жүйесін айқындау барысында педагогикада ғылыми негізделген тәрбиелік жүйенің (А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің, Л.И.Новикованың, В.А.Караковскийдің) практикалық іс-тәжірибеге енгізілген тәрбиелік жүйесін негізге алдық.
Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі “ мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны“ кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта, мектептегi оқушылардың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар мен мектептен тыс тәрбие мекемелерiнде ұжымдық және жеке-дара тәрбие, отбасы және әлеуметтік ортамен тығыз байланыста жүргiзiлді (Сурет 4).
Сурет 4 – Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру жүйесі
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі жалпы бiлiм беретiн қазiргi мектептiң даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негiзгi компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері: мотивациялық-тұлғалық (тұлғаның патриоттық құндылықтарды менгеруге деген қызығушылығы), мазмұндық-когнитивтік (тұлғаның патриоттық құндылықтарды менгеруі), іс-әрекеттiк-бағалаушылық (патриоттық құндылықтардың тұлғаның бойында нақты көрініс беруі) сияқты тәрбие процесiнiң логикасы мен құрылымын нақты бiлу және дұрыс пайдалану көзделді.
Қазіргі таңда қоғамның сұранысына сай “Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы” дайындалды. Тұжырымдаманың мақсаты – қоғамның әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында төмендегі міндеттер жүйесі қамтылды:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
- мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;
-
халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты, дін аралық қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету;
-
Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу;
-
жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік, ізгілік, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);
-
мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес патриоттық тәрбиенің ұстанымдары, мазмұны, ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, формалары қамтылды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұнын айқындауда тәрбиенің негізгі қағидалары басшылыққа алынды: тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенiң өмiрмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелiгi, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенiң жүйелiлiгi, бiрiздiлiгi және үздiксiздiгi, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтiк ортаның бiрлiгiн негізге ала отырып іске асырылды.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі әр қызметкерлердің өзіндік атқарар міндеті бар. Ол әр қызметкерге мектептің жарғысын және ішкі жағдайды орындау Ережесіне сәйкес жүргізілді. Мектепте патриоттық тәрбие беру мәселесін шешу барысында әр қызметкердің - мектеп директорының, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының, сынып жетекшісінің, пән мұғалімінің орындайтын міндеттері тұтас қарастырылды.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына, типтік оқу бағдарламаларына, оқулықтардағы патриоттық тәрбиеге байланысты тақырыптарға талдау жасалып, сұрыпталды. Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда пән сабақтарына қойылатын негізгі талаптар айқындалды:
- пән сабақтарының мектептегі және сыныптағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық, оқушылардың іс-тәжірибесі;
- пән сабақтарының алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;
- сабақтың құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, сабақ мазмұнының оқушылардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен оқушылардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;
- пән сабақтарында оқушылардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;
- сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;
- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.
Анықтау эксперименті 2001-2002 оқу жылы Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияларда, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты және Талапкер орта мектептерінде жүргізілді. Тәжірибелік-экспериментке алынған мектептерге байланысты оқушыларға патриоттық тәрбие беруде ықпал ететін әлеуметтік-мәдени кеңістік айқындалды. Педагогикалық кеңесте экспериментке қойылатын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны талқыланып, экспериментті жүргізетін мұғалімдер, эксперимент және бақылау сыныптары айқындалды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру барысында төмендегі іс- шаралар атқарылды:
-
қоғамдағы жаңа әлеуметтік даму жағдайы және мектептегі әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескере отырып, патриоттық тәрбие берудің жалпымектептік бағдарламасы жасалды;
-
эксперименттік сабақтарды, сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар дайындалды;
-
мақсатты нақты айқындаумен патриоттық тәрбие беруге бағытталған формалар мен әдістер таңдалып алынды және практикаға ендірілді;
-
зерттеудің аралық және қорытынды нәтижелерін айқындау бағытында бақылау жүргізілді;
-
жинақталған мәліметтер талданып, салыстырылды;
-
негізделген және нақтыланған әдістемелік ұсыныстар экспериментке енгізілді.
Анықтау эксперименті барысында оқушылардың ұлттық патриотық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайларды білуі, тарихи оқиғалардағы патриотизмнің ерекшеліктерін айқындауы, халық мұрасындағы патриоттық құндылықтарды оқушылардың бағалаудағы көзқарасы, іс-әрекеті, іс-қылығы, өзін-өзі бағалауы бойынша білімдік тәрбиелік өлшемі эксперименттік сыныптарда 43 пайызды көрсетсе, ал бақылау сыныптарында 46 пайызды көрсетті.
Анықтау эксперименті кезіңде экспериментке қатысатын орта, жоғарғы сынып бойынша оқушылардың білімдік мен тәрбиелік деңгейлерін айқындаумен қатар, мұғалімдердің де патриоттық тәрбиені ұйымдастыруға қаншалықты қаруланғаны туралы мәліметтер жинақталды.
Мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында Алматы қалалық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру және қайта даярлау институтында, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілген мектептерде «Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру» атты бағдарламасы бойынша арнаулы семинарлар өткізілді.
Мектеп оқушыларының бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты тәжiрибелiк –эксперименттiк жұмыстарды жүргiзу барысында алдымызға төмендегiдей мақсат қойдық: пән сабақтарындағы бiлiм мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан бiлiм мен тәрбие бере отырып елiн, жерiн сүйетiн және оны қорғай бiлетiн патриот-азамат тәрбиелеу.
Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс мiндеттерi:
- оқу-тәрбие жұмысын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан қарап, пәндік сабақтағы бiлiм мазмұнымен сыныптан тыс уақытта жұмыстарды кiрiктiре отырып, тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;
-
ұлттық ерлiк дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан нәр ала отырып, туған елге,
жерге, ана тiлге деген сезiмдерiн, Отанға деген сүйiспеншiлiгiн туғызып, дамытып, қалыптастыру;
- ұлттық рәмiздердiң пайда болуы және олардың шығу тарихын бiле отырып, Қазақстан Республикасының рәміздеріне, туына, елтаңбасына, әнұранына деген құрметтi қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбiтшiлiк пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастырумен байланысты тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстарды жүргiзуде оқу мен тәрбие үрдiсiн өзара сабақтастыра және байланыстыра тұтас педагогикалық процесс тұрғысында жүргiзу көзделдi. Алғашқы анықтау кезеңіндегі эксперименттiк-тәжiрибелiк жұмысты жүргiзер алдындағы байқауда (сауалнамалар, тест тапсырмаларын жүргізу, әңгімелесу, т.б.) оқушылардың патриотизм, патриоттық құндылықтар жөніндегі бiлiмi мен тәрбие деңгейiнiң (43 %) бiршама төмен екенi аңғарылды. Тәжірибелік-экспериментік жұмыс барысында жүргізілген сауалнамалар, тест тапсырмалары қорытындысы бойынша оқушылардың патриотизм, патриоттық мұра, патриоттық құндылықтарға байланысты бiлiм мен тәрбиелік үш деңгейі айқындалды:
1 – жоғары деңгей. Оқушының ұлттық патриоттық мұраны, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, жеке іс-әрекетіне айналған.
2 – орта деңгей. Оқушының ұлттық патриоттық мұраны, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, бiрақ жеке бас қасиеттерiне айнала қоймаған.
-
– төменгі деңгей. Оқушының ұлттық патриоттық мұраны, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы түсiнiктерiнiң жеткіліксiздiгi анықталды.
Осы олқылықты жоюдың жолын қарастырып, “Қазақстан Республикасы жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы” аясында оқушы-жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие әдiстемелiк кешенi жасалды.
Оқу-тәрбие әдiстемелiк кешенiнiң құрамында:
-
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқына әр жылғы жолдаулары - әлеуметтік дамудың негізгі тірегі» (10-11 сыныптарға арналған), “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері арқылы оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыру“ арнаулы және “Ерлiк тағылымы“ факультативтiк курс бағдарламалары (5-11 сыныптарға арналған) жасалды;
-
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқына әр жылғы жолдаулары - әлеуметтік дамудың негізгі тірегі» (10-11 сыныптарға арналған), “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері арқылы оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыру“ арнаулы және “Ерлiк тағылымы“ атты факультативтiк курс бағдарламалары негiзiнде сыныптан тыс жұмыстарда бiлiм мен тәрбие берудiң әдiстемесi даярланды;
-
“Ұлттық патриотизм негіздері“ атты оқу құралы дайындалды;
-
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруге негізделген оқу-тәрбие фильмдерi, слайдфильм шығарылды;
-
Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстарды жүргiзiлген мектептердiң орналасқан аймағына байланысты тарихи-аймақтану саяхаттарының жоспарлары ұсынылды.
-
Мектеп мұғалімдеріне «Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру» атты арнаулы курс бағдарламасы және әдістемелік ұсыныстар берілді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізген мектептерде, мектеп–гимназияларда патриоттық тәрбие беру төмендегі бағыттар бойынша: әскери –патриоттық, туристік–өлкетану іс–әрекеттері, спорттық–патриоттық, мектептегі қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар арқылы, мектеп музейі және орталық музейлердегі іс-шаралар, аймақтану саяхаттарын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін оқыту, т.б. іске асырылды.
Қалыптастыру эксперименті кезеңінде оқу-тәрбие әдiстемелiк кешенi бойынша жүргізілген пән сабақтарында, сыныптан және мектептен тыс уақытта іс-шаралар оқушының жеке және жас ерекшелігіне негізделе іске асырылды.
Анықтау эксперименті кезеңінде патриоттық тәрбие бойынша іс-шараларды ұйымдастырудағы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында мектеп директоры, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, сынып жетекшiлерiмен бiрлесiп тәрбие жоспарын құрдық.
Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда олардың жеке және жас ерекшелігіне байланысты - білімге (білімге деген құштарлық, шығармашылық, танымдық қызығушылықтары, танымдық белсенділігі), қоршаған әлеуметтік ортаға (ата-анасына, мектепке, адамдарға, тұлғаның азаматтық позициясы), қоршаған табиғатқа (табиғатқа сүйіспеншілік қатынасы, экологиялық білім, экологиялық мәдениет), еңбекке (еңбексүйгіштік, еңбекке деген қызығушылық, еңбектің қажеттілігі, болашақ мамандыққа бейімделуі), өзіне деген қатынасы (өзін “тұлғамын” деп қарау, өзіне деген құрмет) қарым-қатынасы арқылы айқындалды.
Мектеп оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруда негізгі педагогикалық жағдайлар: мектептегі жалпы білім беру мен тәрбие ортасы, мұғалімнің тұлғалық бейнесі, оқу пәндерінің мазмұны, оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары негізгі орын алды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бекіту кезеңінде мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің заңдылықтарына, мақсат-міндеттеріне, принциптері және ғалымдардың (А.Айталы, С.Л.Рубинштейн, А.А.Аронов, З.Т.Гасанов, т.б.) патриот-азамат тұлғасына берген анықтамаларына, эксперимент жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес бүгінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму жағдайында патриот-азаматтың бейнесін төмендегі модель тұрғысында ұсынып отырмыз (Сурет 5).
Сурет 5 – Патриоттық құндылықтары қалыптасқан патриот-тұлға моделі
Оқушылардың бойындағы патриоттық құндылықтарының негізгі көрсеткіші төмендегі қасиеттер: Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне, тарихына, дәстүріне, тіліне, дініне құрметпен қарайтын, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға өз үлесін қосатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды менгерген, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот азамат тұрғысынан сараланды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі біздің зерттеу болжамымызды растап, тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға болатынын толықтай дәлелдеді. Анықтау эксперименті кезінде 5-11 сынып оқушыларының жоғары деңгейі 43 % болса, ал бекіту кезінде 67% болды (Кесте 2).
Кесте 2 – Эксперименттік және бақылау сыныптарындағы білімдік және тәрбиелілік деңгейлері (Бекіту кезеніңде)
Сынып
|
Төменгі деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Эксперименттік сыныптар
(620 оқушы)
|
13 (2 %)
|
192 (31 %)
|
415 (67 %)
|
Бақылау сыныптары
(623 оқушы)
|
106 (17 %)
|
168 (27 %)
|
349 (56 %)
|
Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс барысында анықтау, қалыптастыру және бекіту кезеңдеріндегі оқушылардың патриоттық тәрбие бойынша білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің өсуі төмендегі суреттерде көрсетілді (Сурет 6-7).
Сурет 6 - Оқушылардың тәжірибелік – эксперименттік жұмыс барысында патриоттық тәрбиелігінің өсу деңгейі (жоғары деңгей)
С
урет 7 – Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие бойынша білімдік және тәрбиелік деңгейі
Қорытынды
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралағанда төмендегiдей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
-
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер «патриотизм» ұғымын нақтылау мен жетілдіруді қажет етеді. Жаңа әлеуметтік қатынастар, әлемдегі жаһандану үрдісіне сай патриотизм ұғымы жалпыадамзаттық тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталады. Патриотизмнiң дамып, қалыптасуының тарихи алғы шарттарын айқындай отырып, тұлғаның бойында Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттiк, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, жүйелілік тұғырлар тұрғысынан сараланды.
-
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриотизм, патриоттық тәрбие ұғымдарына, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға ғылыми теориялық тұрғыда талдау жасай келе, “Патриоттық құндылық”, “Жалпыадамзаттық патриотизм”, “Қазақстандық патриотизм”, “Ұлттық патриотизм” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама берілді. Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне құрметпен қарайтын, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот азамат тұрғысынан қарастыралады.
-
Тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері және патриоттық құндылықтар жүйесі, оның факторлары: микрофакторлар, мезофакторлар, макрофакторлар, мегафакторлар, патриотизмнiң әдiснамалық негiзiн айқындауда философияның негiзгi категориялары әлемдiк жалпы (жалпыадамзаттық патриотизм), жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмi) тұрғыда қарастырылғанда патриот тұлғаны қалыптастыруға болады.
-
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерiн Қазақстан, алыс және жақын шетел ғалымдарының еңбектеріне теориялық тұрғыда талдау жасай отырып, тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қазіргі қоғамның әлеуметтiк даму жағдайына негізделіп жүйеленді.
-
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң мотивациялық-тұлғалық (тұлғаның патриоттық құндылықтарды меңгеруге деген қызығушылығы), мазмұндық-когнитивтік (тұлғаның патриоттық құндылықтарды менгеруі), іс-әрекеттiк-бағалаушылық (патриоттық құндылықтардың тұлғаның бойында нақты көрініс беруі) компоненттері арқылы патриоттық тәрбие процесiнiң логикасы мен құрылымына сай өлшемдерi мен көрсеткiштерi, жүйесi айқындалды.
-
“Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздері” тұлғаның бойында “Қазақстандық патриотизм”, “патриоттық құндылықты” қалыптастыруда негізгі орын алады. Тұлғаның бойында патриоттық құндылықтар олардың білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өзіне қатынасы арқылы көрініс беретіні тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нақты нәтижелерімен дәлелденді.
-
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруге арналған оқу-әдістемелік кешен арқылы тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға болатыны тәжірибелік-эксперимент барысында дәлелденді.
Зерттеу бойынша тұтас педагогикалық үрдісте жүргiзiлген жұмыстарды зерделей келе, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негiзiнде оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру және Қазақстан Республикасы әскери доктринасының талаптарына сәйкес төмендегiдей шараларды іске асырудың қажеттiлiгi туындады:
1. Алыс және жақын мемлекеттердегі іс-тәжірибелерге сүйене отырып Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие беруге арналған мемлекетттік деңгейде тұжырымдама қажет.
2. Қазақстан Республикасының әскери доктринасына және әскери-құрылыс тұжырымдамасындағы талаптарға сай білім мекемелеріндегі әскери-патриоттық тәрбие берудің жүйесі бүгінгі күн талабынан жетілдіру керек.
3. Зерттеу жұмысында атап көрсетiлгендей бүгiнгi әскер құрылысындағы кейбір кемшiлiктердi ескере отырып, ұлттық ерлік дәстүрдiң бай мұрасын және ер бала тәрбиесiне қойылатын талаптарды негіздеп, мектептерде iске асып жатқан iс-тәжiрибелердi жинақтай келе әскери-патриоттық тәрбие берудің мазмұнын жаңартып, ғылыми ізденістерді қажет етеді.
4. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда ұлттық идея мен мемлекеттік идеологияның негізгі өзегі ұлттық патриотизм тұрғысынан қарастыра отырып, қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік және мәдени саладағы жаһандану процесі, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылысы қоғамдық қарым-қатынаста Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру негізгі мәселе болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларында қамтылған мазмұнды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 12 жылдық білім беру жүйесіне негізделіп отырған оқулықтарға енгізу, сабақтан тыс уақыттағы іс – шараларға (тәрбие сағатары, диспуттар, конференция, семинар, т.б.) кеңінен пайдалану.
6. Әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында республиканың барлық мектеп-гимназияларында патриоттық тәрбиеге дәстүрлі мұражай ұйымдастыру, әскери қызметкерлермен, қатардағы жауынгерлермен кездесу кештерін, саяхат сабақтарын өткізіп отыруды дәстүрге айналдыру керек.
7.Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты бiлiм мен тәрбие беру мәселесi пән сабақтарында, әсіресе әдебиет, тарих пәндерінде әлi де болса сабақтастыра, кiрiктiріле жүргізуді қажет етедi.
8. Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға негізделген көркемфильмдер, электронды оқу-әдістемелік құралдарды және тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосып отырған еңбек ерлері, қоғам қайраткерлері туралы әдеби шығармаларды шығаруды қолға алу қажет.
Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |