«Иммунология» 18. Агглютинация реакциясы: реакция принципі, медицинада қолданылуы



бет4/6
Дата09.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#498100
1   2   3   4   5   6
Иммунология 18-25

Флоокуляциялық реакция (Рамон бойынша) (лат. flocus жүннің жапалагы). Токсин+антитоксин, не анатоксин+антитоксин байланысқан кезде пайда болатын күнгірт жылтырауық, немесе жапалақ масса. Реакцияны антитоксикалық сарсудың, немесе анатоксиннің белсенділігін анықтауга колданады.
Иммундыэлектрондык микроскопта қарау тәсілі. Сәйкес иммундык сарысумен өнделген вирустарды электрондық микроскоппен карау колданылады. Иммунды сарысумен өнделген вирустар иммунды агрегаттарга (микропреципитаттарга) айланады. Фосфорлы-вольфрам кышкылымен, не баска электронды-оптикалық тығыздығы бар препарттармен карама-қарсыластырылған антиденелер вирионның айналасында гүлді тәж кұрады.
20. Иммуноферментті талдау реакциясы (ИФА): реакция принципі, медицинада қолданылуы
ИФТ дегеніміз антигендерді соларга сәйкес ферментпен (пероксидазасы, бета-галактозидаза, сілтілік фосфотаза) белгіленген антиденелермен анықтау. Антиген ферментпен таңбаланған иммунды сарысумен қосылғаннан кейін, сол қосындыға ферментпен ыдыратылатын зат (хромоген) кұйылады. Зат ферментпен ыдыратылып реакциядагы сұйықтың түсін өзгертеді. Байланысқан антигенмен антиденелердің саны неғұрлым көп болса соғұрлым сұйықтың түсі күрендеу болады. Қатаңфазалық ИФТ- реакцияның кең қолданылатын тәсілі. Принципі-антигенді, немесе антиденеві катаң тасымаладаушының үстіне, мысалы, полистрол планшетасының шұнқурларының бетіне қондыруга негізделген. Антиденелерді анықтаганда планшетаның шұнқұрына ретімен аурудың қан сарысуы, ферментпен өңделген антиглобулиндік сарысу, фермент ыдырататын хромоген құйылады. Әрбір компонент қосылғаннан кейін шұнкурдан байланбаган заттарды мұқият жуып-шайып отырады. Реакциянын он нәтижесінде шұнкырдағы сұйыктың түсі өзгереді. Катанфазалық тасымалдаушыға антиденлерді контырып антигендерді аныктауга болады, ол үшін тек кана антиглобулиндік сарысудың орнына, ферментпен өнделген антигенге карсы иммундық сарысу қосылады.
ИФТ-ның басқа да түрлері бар, мысалы, бәсекелік ИФТ. ИФТ вирустык, бактериялық, паразитарлық ауруларға диагноз қою үшін, сонымен қатар гормондардын, дәрі-дәрмектің, биологиялық белсенді препараттардың зерттеліп отырған заттаардағы ең төменгі өлшемін анықтау үшін колданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет