24. Пассивті иммундау: емдік және профилактикалық сарысулар Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларга жатады. Оның мәнісі адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларга қарсы жасанды иммунитет калыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар кабыл дамаушылықты (иммунитетті) табиги резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардын (антигендер мен антиденелер) касиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустык АГ-ді енгізгенде калыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сакталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарга ауру жугу каупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
25. ҚР Профилактикалық вакцина егулерінің ұлттық күнтізбесі