Иммунология ғылымы дамуының жаңа белесі 1945 ж. Басталады және ағылшын ғалымы Медавар есімімен байланысты.Ол иммунитет ағзаны тек микробтан ғана емес,сонымен қатар генетикалық бөгде ағзалардың жасушалары мен тіндерінен де қорғайтынын дәлелдеді Ағзаның негізі қатаң бақылануы не үшін қажет деген сұрақты қойған Австралия микробиологы Бернет.Бұл сұрақ иммунитетті түсінуде көп пайда келтірді.Бұл сұраққа жауап иммунитеттік бақылау қағидасын ашуға әкелді. Иммунологиялық бақылау қағидасының шығуы, 1969-70 ж. Иммунитеттің 2 жүйесін – жасушалық және гуморальдық жүйелердің ашылуына, қазіргі иммунологияның пайда болуына әсер етті. - Иммуноглобулин молекуласының құрылымын анықтады
- Иммунды процестермен жеке иммуноглобулин класстарының рөлі ашылды
- Лимфоциттердің антиген ажыратушы рецепторларын тапты
- Алларгия негіздері пайда болды
- Ісікке қарсы иммунитеттің механизмдері жүйеленді және т.б.
Антидене синтезінің алғашқы теориясын Т.Эрлих жасаған.Ол бойынша әр жасушаның антидене жасайтын ерекше құрылымы- бүйір тізбегі болады және ол кездейсоқ антигенге дәл келетін болады.Ол жасушадан бөлініп қанға түссе антиденеге айналады.Антиген молекуласы өзіне сәйкес келетін құрылымды таңдап тауып алып, оны дәл көбейтеді деп айтқан. Бұл алғашқы сұрыптау гипотезесы еді. Ф.Бернет,Феннер 1941 ж. Тікелей емес матрица теориясын жасады.Ол бойынша антиген ферменттердің қызметін өзгертіп қосалқы әсер етеді.Кейін инструктивті гипотезаның көп варианттары шықты,антиген мутаген сияқты ДНК-ға,РНК-ға әсер етеді деген. 1950ж.Ерне Эрлих идеяларына қайта келіп “табиғи сұрыптау” гипотезасын енгізді.Ол бойынша эмбрион сатысында айырша безде әртүрлі антидене молекулалары болады.антиген организмге енгенде сәйкес келетін антиденемен әсерлесіп комплекс құрады.Бұл комплек жасуша ішіне кіргенде жасуша оны молекулалар жасауға модель ретінде пайдаланады. Сұрыптау идеясының әрі дамуы Бернеттің клон сұрыптау теориясына байланысты.Бұл теория бойынша антигеннің жалғыз ғана қызметі,өзінің лимфа жасушаларымен жолығуы,олардың көбейуіне стимул жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: |