Информационно-справочный материал



Дата01.07.2016
өлшемі38.96 Kb.
#169697



Информационно-справочный материал




«Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар мен жұмыс істейтін обьектілер бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы
















Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тұрғындар арасында 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының негізгі ережелерін жүзеге асыру және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі және «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының отырысындағы тапсырмасын орындау үшін, партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесі үстіміздегі жылдың 15 наурызында сағат 10.00-18.00 аралығында «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар мен жұмыс істейтін обьектілер бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясын барлық жерде өткізеді.

Алдын-ала көрсетілген кестеге сәйкес, аталған күні Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Стекло Сервис» ЖШС шыныдан өндірілетін өнімдер өнеркәсібінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Ордабасы ауданы, Бадам ауылы «Ордабасы құс» ЖШС– құс етін өндіру және өнімдерін дайындайтын өнеркәсібінде, Атырау облыстық филиалы Атырау мұнай өңдеу құрастыру және жаңғырту зауытында, Ақтөбе облыстық филиалы Ақтөбе қаласы «Санитарлық-техникалық өнімдер өнеркәсібінде», Алматы облыстық филиалы Көксу ауданы «Уыз Май Industry» ЖШС соя өңдеу зауытында, Қызылорда облыстық филиалы Қызылорда қаласы ЖРВ-5 және ЖВП – 4,9 күріш жаткаларын жинақтау және шығару өндірісін ұйымдастыру кәсіпорынында, Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қаласы жол битумдарын шығару зауатында, Павлодар облыстық филиалы «Каустик» АҚ мембралық әдіспен каустикалық сода және хлор шығару өндірісін ұйымдастыру құрылысында, Алматы қалалық филиалы «Нобель Алматы фармацептикалық фабрикасы» АҚ-нда, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, Өскемен қаласы «Ақсай нан» ЖШС азық-түлік өнімдерін өндіру өнеркәсібінде, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы – мұнай өнімдерінен өндірілген өнімдерді өңдеу зауыты «Мұнаймаш» ЖШС-нде «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясын өткізеді.

Акцияға «Нұр Отан» ХДП, аймақтық әкімдіктер және жергілікті құзіретті органдар өкілдері қатысады.

«Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысы аясында индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысушылар болып табылатын обьектілерге бару және қызметімен танысу, аталған обьектілердің еңбек ұжымдарымен кездесу өткізу және әкімшілік пен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүріледі.

Партия Орталық аппараты және Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС-нің (Астана қаласының Индустриялдық паркі) заманауи жолаушылар және жүк вагондарын шығару зауытында акцияны өткізеді.

Акцияға «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Ахметов, ПОА Инновация комитеті төрағасының бірінші орынбасары Н. Кеңесов, ПОА қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ж. Жүкенов, Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы М. Бектурова, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасының бастығы М. Маселов және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС-нің бас директоры А. Григорян, сонымен қатар зауыттың еңбек ұжымы қатысады.



Қатысушылар акция барысында обьектілердің қызметімен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізеді. Онда, жобаны жүзеге асыру барысында айқындалған проблемалық мәселелер қаралып және оны шешу жолдары талқыланатын болады.
Орталық аппарат қоғамдық қабылдау бөлмесі республикалық деңгейдегі баспасөз ақпарат құралдарына төмендегі филиалдардың жұмысын жариялауды ұсынады:

Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Ордабасы ауданы, Бадам ауылы «Ордабасы құс» ЖШС – құс етін өндіру және өнімдерін дайындайтын өнеркәсібі (мәжіліс залы) (жауапты тұлға – И.Тасболатов «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі тел: 8-701-731-9963);

Алматы облыстық филиалы Көксу ауданы Теректі ауылы «Уыз Май Industry» ЖШС соя өңдеу зауыты (жауапты тұлға - А. Уахитов «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, тел.: 8 (7282) 30 55 97);

Батыс Қазақстан облыстық филиалы Орал қаласы «Стекло Сервис» ЖШС шыныдан өндірілетін өнімдер зауыты (жауапты тұлға – Г. Мухтарова «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, тел.: 8-777-784-0471);

Астана қалалық филиалы – Астана қаласының Индустриялдық паркі «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС заманауи жолаушылар және жүк вагондарын шығару зауыты (жауапты тұлға – Г. Нургазина, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты, тел.: 8 (7172) 36-88-25 ).
Пресс-служба НДП «Нур Отан», +7 7172 555596


frame2



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет