Информационное письмо



бет26/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Бақылау сұрақтары:

  1. Сұраулы сөйлем табиғаты мен стилистикалық ерекшеліктері.

  2. Көркем мәтіндегі бірыңғай мүшелердің көркемдік қызметі қандай?

13 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формалары.



  1. Күрделі фразалық тұтастықтың мағыналық, коммуникативтік және құрылымдық ұйымы.

  2. Суреттеу, әңгімелеу, ойталқы.

  3. Баяндау формаларының бірі – диалог.

Дәрістің мақсаты: Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формаларының түрлерімен таныстыру.

Суреттеу ғылыми және іскерлік сөйлеуге тән, алайда көркем сөзде де жиі ұшырасады. Суреттеу статикалы, онда динамика жоқ.

Суреттеудің негізгі функциясы – ақиқаттың әлдебір сәтін суретке түсіру, қарапайым атауының орнына заттың бейнесін беру, затты, құбылысты табиғи ортасында суреттеу (мысалы, суреттелетін заттарды, құбылыстарды т.с.с.-ды осыған ұқсайтын нышандармен салыстыруда құрылатын жұмбақ-суреттеу).

Ғылыми және іскерлік мәтіндерде суреттеу негізінен фактографикалы немесе фотографиялы болады. Көркем мәтінде суреттеу нышандарын санамалау жолымен табиғат құбылысын (орнын, ортасының жағдайын, т.б), заттарды, адамның, кісілердің жағдайын және т.б. суреттеуге арналған. Суреттейтін затына қарай Күрделі фразалық тұтастықтың пейзаждық (уақиға орнын суреттеу) және портреттік суреттеу (кейіпкерді суреттеу) болып бөлінеді.

Пейзаждық суреттеуде орман, өзен, ауыл сияқты нақты сөздер мен оңында, солында, жанында, астында, алыста, жақында сияқты кеңістік мәніндегі сөздер жиі қолданылады.

Әңгімелеу ең алдымен көркем және публицистикалық сөйлеуге, сондай-ақ тұрмыстық хабарлар мен әлдене жайлы әңгімелерге тән.

Әңгімелеу суреттелетін оқиғалардың дамуы туралы түсінік береді. Бірінші кезекке іс-әрекеттің (үдерістің), құбылыстың, тағы басқаларының өрбу реті шығады. Әңгіменің әрбір сөйлемі әдетте іс-әрекеттің дамуының, сюжеттің шешілуіне қарай қозғалысының әлдебір кезеңін баяндайды. Жалпы әңгімелеу баяндау мәтіні іс-әрекеттің басталуынан, шиеленісуінен, дамуынан, шарықтау шегінен, аяқталуынан, тарқатылуынан, қорытындысынан тұрады.

Мәтінде оқиғаның даму сабақтастығы нақты, яғни өмірде болғанындай не жасанды, яғни автор қолайлы санағандай, мысалы, оқиғаның аяғынан (композициялық амал-трансмутация, түрлендіру), не ортасынан басталуы мүмкін. Әңгіменің толымсыз, дискретті (оқырман тыңдаушы санасында оңай қалпына келтіре алатын буындарының түсіп қалуы) болуы мүмкін. Баяндаудың негізінде уақиға (сюжет) жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет