БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
МҚ әкімшісінің қызметіне не жатады?
МҚ әкімшісі нені орындайды?
Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
Мәліметтер қоры серверінде не орналасады?
Ақпараттық жүйеге не кірмейді?
Қандай ақпараттық жүйе жергілікті деп аталады?
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статистика, Москва, 2000.
Джулия Келли. Самоучитель Access 97. Питер. Санкт-Петербург, 2000.
Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.
ЛЕКЦИЯ № 5
Тақырыбы: Мәліметтер қорының моделі.
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
Мәліметтер қорының моделдері.
Иерархиялық модель.
Желілік модель.
Реляциялық модель.
Атрибут (өріс, бағана).
Кортеж (жазба, жол).
Қатынас (кесте).
Нормаль формалар.
Алғашқы және сыртқы кілттер.
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
Мәліметтер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Мәліметтер қорының көмегімен шешілетін әралуан есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының
иерархиялық,
желілік,
реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,
көпөлшемдік,
объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.
Мәліметтер қорының хронологиялық дамуын келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады (1.1-сурет)
Біртіндеп қол жеткізу файлдары
Еркін қол жеткізу файлдары
Мәліметтер қорының иерархиялық модельдері
Желілік модельдер
Хронологиялық диаграмма
1.1-сурет.
Реляциялық модельдері бойынша Коддтың жұмыстары
Мәліметтер қорының реляциялық модельдері
Үлестірілген мәліметтер қоры, клиент/сервер технологиясы
Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры
Сонымен қатар мәліметтердің өзге модельдеріне негізделген белгілі модельдерді кеңейтетін алуан түрлі жүйелер жасалынуда. Олардың қатарында объектілі-реляциялық, дедуктивтік-объектілі-бағытталған, семантикалық, тұғырнамалық және бағытталған модельдерді атап кетуге болады. Бұл модельдердің кейбіреулері мәліметтер қорын, білім қоры мен программалау тілдерін интеграциялауға арналған. Кейбір МҚБЖ-лар бір мезгілде бірнеше мәліметтер модельдерімен жұмыс істейді.
3.1. Иерархиялық модель.
Алғашқыда мәліметтер қорының иерархиялық модельдері пайда болды. Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланыстар реттелген граф (немесе бұтақ) түрінде берілген.
Иерархиялық МҚ-ның құрылымын (сұлбасын) сипаттау үшін кейбір программалау тілінде «бұтақ» мәліметтер типі қолданылады.
Мәліметтердің желілік моделінің артықшылығы жадының шығындалуы мен жеделдік көрсеткіштері бойынша тиімді түрде жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады. Желілік-модель иерархиялық модельмен салыстырғанда еркін түрдегі байланыстардың құрылу тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер ұсынады.
Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі – оның негізінде құрылған МҚ сұлбасының жоғары дәрежедегі күрделілігі мен қатқылдығы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін МҚ-дағы ақпаратты өңдеуді түсіну мен орындаудың қиындығы. Бұған қоса, мәліметтердің желілік моделінде жазбалардың арасында еркін түрдегі байланыстардың орнау мүмкіндігінің салдарынан байланыстардың біртұтастығына қатысты бақылау әлсірейді.
Мәліметтер қорының иерархиялық және желілік модельдерінде физикалық көрсеткіштерді пайдалану, мәліметтерді өңдеудің жылдамдығын едәуір арттыра түсті. Сонымен бірге, бұл модельдерде мәліметтердің өзара байланыстарының біртұтастығын сақтауға қатысты елеулі кемшіліктер анықталды. Байланыстардың біртұтастығының сақталуын бақылау ата-тегсіз ұрпақ болмайды деген ұстанымды сақтауға негізделген. Мәліметтер қорына өзгертулер енгізген жағдайда байланыстарды, физикалық көрсеткіштерді қайтадан анықтау қажеттігі туындайды, бұл үлкен қиындықтармен, пайдаланушының уақыты мен күш-жігерінің шығындарымен байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |