«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет27/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Деректер базалары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Иерархиялық және желілік мәліметтер қорының тұтастығы нені білдіреді?

  2. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?

  3. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?

  4. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не?

  5. Қандай мәліметтер қорларында мәліметтерді байланыстыру үшін физикалық көрсеткіштер қолданылады?

  6. Нысанның бір элементі үшін өрістер мәндерінің жиынтығы не болып табылады?

  7. Мәліметтер қорында өріс деп нені айтамыз?

  8. Кортеж дегеніміз не?



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.

  2. Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статистика, Москва, 2000.

  3. Джулия Келли. Самоучитель Access 97. Питер. Санкт-Петербург, 2000.

  4. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.

ЛЕКЦИЯ №7


Тақырыбы: Мәліметтер қорының басқа модельдері


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

  1. Постреляциялық модель.

  2. Көпөлшемді модель.

  3. Нысанды-бағытталған модель.



ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
Мәліметтер қорының басқа модельдері.
Постреляциялық модель. Реляциялық модельге қарағанда постреляциялық модельде көпмәнді өрістерге жол беріледі, яғни онда алғашқы қалыпты түр қоятын шектеудің күші жойылады. Көп мәнді өрістердің мәндер жиыны өзіндік кесте болып саналады. Мысалы, мәліметтер қорының реляциялық моделінің келесі кестелері.

Тапсырыстар



Cnum

Jnum

2001
2002
2003

0023003
0073009
7003005

Тауарлар



Onum

Products

Summa

0023003
0023003
0073009
0073009
0073009
7003005

Шырын
Конфеттер
Лимонад
Шырын
Печенье
Йогурт

302,50
464,69
271,83
409,67
1031,63
5160,45

келесі постреляциялық кестедегідей беріледі





Cnum

Jnum

Products

Summa

2001

2002
2003



023003

0073009
7003005



Шырын
Конфеттер
Лимонад
Шырын
Печенье
Йогурт

302,50
464,69
271,83
409,67
1031,63
5160,45

Осылайша, постреляциялық модель өзара байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығын бір постреляциялық кесте ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.


Өрістердің бір-біріне салынуын қамтамасыз етумен қатар постреляциялық модель ассоцияланған көпмәнді өрістерді (көптеген топтарды) қолдайды. Ассоцияланған өрістердің жиынтығы ассоциация деп аталады. Бұл ретте ассоциацияның бір бағанының жолындағы алғашқы мәні ассоциацияның барлық өзге бағандарының алғашқы мәндеріне сәйкес келеді. Осыған ұқсас түрде бағандардың барлық екінші мәндері және т.б. байланысқан.
Өрістердің ұзындығына және кестелерде қалыпқа келтірілмеген мәліметтер сақталатын болғандықтан, мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығын қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Аталған мәселе МҚБЖ-ға клиент-серверлік жүйелерде сақталатын процедураларға ұқсас механизмдерді енгізу арқылы шешіледі.
Өрістердегі мәндерді бақылау қызметін сипаттау үшін мәліметтерге жүгінуге дейін немесе содан кейін автоматты түрде шақырылатын процедураларды (конверсия кодтары мен корреляция кодтары) құру мүмкіндігі бар. Корреляция кодтары мәліметтерді оқығаннан кейін, бірден оларды өңдеудің алдында орындалады. Конверсия кодтары, керісінше, мәліметтерді өңдеуден өткізгеннен кейін орындалады.
Постреляциялық модельдің артықшылығы сол – ол байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығын бір ғана постреляциялық кесте түрінде беру мүмкіндігі. Бұл ақпаратты ұсынудың жоғары түрдегі көрнекілігін және оны өңдеу тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, постреляциялық модель мәліметтердің шектен тыс көп болуына жол бермейді.
Постреляциялық модельдің кемшілігі сақталатын мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығын қамтамасыз ету мәселесін шешудің қиындығы болып отыр.
Мәліметтердің постреляциялық үлгісіне негізделген МҚБЖ-лардың қатарына Bubba және Dasdb жүйелері жатады.
Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделінің реляциялық модельмен салыстырғандағы негізгі артықшылығы – объектілердің күрделі өзара байланыстары туралы ақпаратты бейнелеу мүмкіндігі. Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделі мәліметтер қорының жеке жазбасын идентификациялап, оларды өңдеуден өткізудің қызметтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Объектілі-бағытталған модельдің кемшілігі – түсінудің жоғары деңгейдегі қиындығы, мәліметтерді өңдеуден өткізудің ыңғайсыздығы және сұраныстарды орындау жылдамдығының төмендігі.
90-шы жылдары объектілі-бағытталған мәліметтер қорын басқару жүйелерінің тәжірибелік түп нұсқалары болған. Қазіргі кезде мұндай жүйелер кең таралымға ие болды, атап айтқанда оларға келесі МҚБЖ-лар: POET (POET Software), Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant Technologies), 02(Ardent Software), ODB-Jupiter («Интелтек Плюс» ғылыми-өндірістік орталығы), сондай-ақ Iris, Orion және Postgres жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет