«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет28/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Деректер базалары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Көпөлшемді модельдің қандай амалы гиперкубтың қандай да бір шектелген бөлігіне өтуді береді?

  2. Көпөлшемді модельдің қандай амалы өлшемдер ретін өзгерту үшін қызмет етеді?

  3. Көпөлшемді модельдің қандай амалы ақпараттардың барынша нақты түрде берілу үшін қызмет етеді?

  4. Көпөлшемді модельдің қандай амалы ақпараттардың жалпы берілулері үшін қызмет етеді?

  5. Көпөлшемді модельде гиперкубтың қырын құрайтын, мәліметтердің бір типті жиыны қалай аталады?

  6. Көпөлшемді модельде өлшемнің мәндерінің бекітілген жиыны қалай аталады?



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.

  2. Глушаков С.В., Ломотько Д.В. Базы данных.-Харковь: Фолио; М.:ООО «Издательство АСТ», 2002.

  3. Хомоненко А. Д., Цыганков В. М., Мальцев М. Г. Базы данных. Учебник для высших учебных заведений. Под редакцией проф. А. Д. Хомоненко. – Санкт-Петербург: «КОРОНА принт», 2000 г

ЛЕКЦИЯ №8


Тақырыбы: Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:

  1. Мәліметтер қорын берудің деңгейлері:қолданушылық деңгей, концептуальдық деңгей, физикалық деңгей.

  2. Мәліметтер қорының физикалық және логикалық тәуелсіздігі.

  3. Мәліметтер қорына басшылық жасау

  4. Мәліметтер қорын жоспарлау, жобалау, жасау және іске қосу кезеңдеріндегі мәліметтер қоры әкімшілігінің негізгі қызметтері.



ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:1978 жылы ANSI/SPARC комитеті мәліметтер қоры жүйелерінің жалпылама құрылымын ұсынған болатын. Ол құрылым үш деңгейлі архитектура деген атауға ие болды, оған сәйкес мәліметтер қорын ұсынудың үш деңгейі болады: сыртқы, тұғырнамалық және ішкі.
Сыртқы деңгей мәліметтердің пайдаланушылық ұсынылуын анықтайды. Сондықтан бұл деңгей пайдаланушылық деңгей деп те аталады. Сыртқы деңгейде әрбір пайдаланушы топ мәліметтер қорындағы мәліметтер туралы өз кейіптемесін алады, онда мәліметтер элементтері мен олардың өзара қарым-қатынастарының пайдаланушыға бағытталған сипаттамасы беріледі. Түрлі кестелер, байланыстар, есеп берулер, формалар және т.б. өздері шешетін міндеттерге сәйкес мәліметтер қорының пайдаланушылық кейіптемесіне сәйкес келеді.
Кейіптеменің тұғырнамалық немесе логикалық деңгейі дегеніміз – бұл мәліметтер қорын жасаудың деңгейі. Бұл деңгейде талап етілген міндетті шешуге қажетті объектілер анықталады және олардың арасындағы байланыстар орнатылады. Тұғырнамалық жобалаудың нәтижесінде объектілердің, олардың элементтерінің және олардың арасындағы қарым-қатынастарының тұғырнамалық моделі, сұлбасы, объектінің логикалық сипаттамасы қалыптасады.
Объектілі жиынның элементтері атрибуттардың қандайда бір саңына ие болады. Мысалы, адамның есімі, туған күні, жынысы, мекен-жайы және т.б. мәліметтер болады. Жалпы жағдайда атрибут бір объектінің екінші объектіге функционалдық қатынасын анықтайды, яғни олар өзара атрибуттар жиынтығымен ажыратылады.
Атрибуттың мәні объектілі жиынның әрбір элементі үшін бір мәнді анықталған. Егер ол анықталмаған болса, онда сол элементке арналған атрибут бос мәнге ие болады.
Бір элементке арналған атрибуттардың мәндері, мысалы, жасы, мекен-жайы және т.б. өзгеріп отыруы мүмкін. Сол себептен мәндері өзгермейтін атрибуттарды білген маңызды, себебі оларды кілт ретінде пайдалануға болады.
Егер де нысан басқа нысанның нақтыламасы болып табылса, осы нақтыланған нысан жалпылама нысанның барлық атрибуттары мен қатынастарын мұраға алады. Сонымен қатар, нақтыланған нысанның өз атрибуттары пайда болуы мүмкін. Мысалы, келесі суретте (1.15-сурет) нақтыланған нысан «үйленген», компанияда жұмыс істейді, яғни «жұмыс істейді» қатынасын мұраға алады, сонымен қатар «адам» жалпылама объектісінің барлық атрибуттарын (есімі, мекен-жайы, туған жылы) мұраға алады, және өзіндік «зайыбы» атрибуты болады.

Атрибуттар мен қатынастарды мұраға алу


Қомақты мәліметтердің қорын жобалау кезінде жасаушылардың әртүрлі топтары қатыстырылуы мүмкін, олар мәліметтердің жалпы қорының шектелген бөлігінің кейіптемесі болып табылатын мәліметтердің бірнеше моделін құрайды. Бұл модельдерді мәліметтердің бір ғана тұғырнамалық моделіне біріктіру қажеттілігі туындайды. Модельдерді біріктіру процесіне артық, қайталана беретін объектілі жиындарды, қатынастар мен атрибуттарды жою, сондай-ақ мәліметтердің кейіптемесін анықтайтын жаңа қатынастарды анықтау арқылы анықтау жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет