Информатика мамандығы бойынша жеке пәндердiң (курстардың, сабақтардың) сипаттамасы



бет3/4
Дата30.05.2016
өлшемі0.66 Mb.
#102849
1   2   3   4




1

Курстың/пәннің/сабақтың аты

Сандық әдістер

2

Пәннiң коды

ChM 3305

3

Пәннiң түрi

Міндетті компонент бойынша кәсіптік білім модулі. (ПД ОК)

4

Пәннiң /курстың деңгейi




5

Оқу жылы

2011-12

6

Оқу семестрі

6

7

Кредит саны

3 (3*1,5=4,5 ECTS)

8

Проф./лектордың аты-жөні

Бердышев А.С., Жанбырбаев А.Б.

9

Курстың мақсаты


«Сандық әдістер» пәні студенттерге қолданбалы есептерді шешудің жуық әдістері, математикалық моделдеу әдістері, қате көздері, алынған нәтижелерді талдай алу туралы ұғымдарды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар студенттерді әртүрлі пәндік салалардағы нақты құбылыстарды математикалық моделдеу үдерісінде туындайтын есептерді ЭЕМ көмегімен шығарудың есептеу алгоритмдерін жасау мен қолдануға дайындау. қолданбалы есептерді ЭЕМ көмегімен жуық шешу үшін сандық әдістерді пайдалана алуды қалыптастыру;

10

Пререквизиттері

Жоғары алгебра, Математикалық талдау, Дифференциалдық теңдеу-

лер, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық моделдеу, Бағдарламалау, Есептеу математикасына кіріспе.



11

пәннің/курстың мазмұны



Матрицаның меншікті мәндер проблемасы. Есептің қойылуы. Матрицаның меншікті мәндерін және оларға сәйкес меншікті векторларын табу. Меншікті мәндердің толық проблемасын шешудің тура әдістері. Меншікті мәндердің дербес проблемасы.Функцияларды жуықтау теоремасы. Есептің қойылуы. Функцияны интерполяциялау есебі. Лагранждың интерполяциялық көпмүшесі. Лагранж интерполяциялық формуласының қалдық мүшесі және оны бағалау. Чебышев көпмүшесі. Эйткеннің есептеу сүлбесі. Бөлінген айырымдар және олардың қасиеттері. Ньютонның интерполяциялық көпмүшелері.Басқа жуықтаулар жайында. Сплайн-интерполяция. Ең кіші квадраттар әдісі. Бірқалыпты жуықтау.Сандық дифференциалдау есебі. Сандық дифференциалдау есебінің шартты орындылығы.Сандық интегралдау. Ньютон-Котес квадратуралық формулалары. Тікбұрыш, трапеция формулаларының қалдық мүшелерін бағалау.Симпсон формулаларының қалдық мүшелерін бағалау. Сандық интегралдау формулаларының қателерін бағалаудың практикалық тәсілдері. Рунге ережесі.Гаусстың квадратуралық формулалары – ең жоғары алгебралық дәлдікті интерполяциялық квадратуралар.Жәй дифференциалдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері. Жәй дифференциалдық теңдеу үшін Коши есебін сандық шешудің Эйлер әдістері. Эйлер әдісінің модификациялары. Рунге-Кутта әдісі.Айырымдық сүлбелер теориясы. Айырымдық сүлбелер аппрокси-мациясы және орнықтылығы.2-ретті сызықтық шектік есепті шешудің қума әдісі.Математикалық физика есептерін шешудің сандық әдістері.Айырымдық аппроксимация. Бір өлшемді жылу өткізгіштік және шектің тербелуі теңдеулерінің айырымдық сүлбелері.Айырымдық сүлбенің орнықтылығы мен жинақтылығы арасындағы байланыс.Көпөлшемді жылу өтгізгіштік теңдеуі үшін үнемді айырымдық сүлбе мысалдары. Сызықтық емес жылу өтгізгіштік теңдеуі және ол үшін айырымдық сүлбелер. Айырымдық сүлбелер үшін максимум принципі.Пуассон теңдеуі үшін Дирихле айырымдық есебінің орнықтылығы және жинақтылығы. Монотонды айырымдық сүлбелер. Екі қатпарлы айырымдық сүлбелердің орнықтылығы мен жинақтылығын зерттеу кезінде айнымалыларды бөлу әдісі.Торлық шеттік есептерді шешудің итерациялық әдістері.

12

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Н.С.Бахвалов, Н.П.Жидков, Г.М.Кобельков Численные методы, М.:Лаборатория базовых знаний, 2002.-632с.

2. В.М.Вержбицкий Численные методы. Математический анализ и обыкновенные дифференциальные уравнения. М.: Высшая школа, 2001.– 382с.

3. Е.Ы.Бидайбеков, В.С.Корнилов Математическое моделирование и численные методы. Введение. – Алматы, 1998. – 80с.

4. Дж.Г.Мэтьюз, К.Д.Финк Численные методы. Использование MatLab, 3-е издание.: Пер.с англ.–М. Изд. «Вильямс», 2001. –720с.



13

Сабақты өткізу әдісі

Оқу-әдістемелік кешені қағазға шығарылған және электрондық нұсқалары бар. Проектор және ДК қолданылады.

14

Оқыту тілі

қазақ, орыс

15

мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)

  • қолданбалы есептерді ЭЕМ көмегімен жуық шешу үшін сандық әдістерді пайдалана алуды қалыптастыру;

  • студенттерге қойылған есепті шығару барысында сандық шешудің ең тиімді жолдарын таңдауды, әртүрлі әдістермен алынған есептің шығару нәтижелерін салыстыруды үйрету;

  • алынған сандық шешімдердің дұрыстығы мен дәлдігін тексерудің әдістемелері, оған қоса нақты сандық шешу алгоритмдерін қолданудың орындылығын негіздеу үшін шешім алудың жинақтылығы мен жылдамдығын тексеру тәсілдері жайында түсінік қалыптастыру;

Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдаған ережелеріне (3.2.7 тарауды қараңыз) сәйкес іске асырылады.



1

Курстың/пәннің/сабақтың аты

Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы

2

Пәннiң коды

TMOI 3306

3

Пәннiң түрi

Міндетті компонент бойынша кәсіптік білім модулі (ПД ОК)

4

Пәннiң/ курстың деңгейi

SF, мамандық негізі

5

Оқу жылы

2011-12

6

Оқу семестрі

5,6

7

Кредит саны

4 (4*1,5=6 ECTS)

8

Проф./лектордың аты-жөні

Абдулкаримова Г.А., Фархадов Т.

9

Курстың мақсаты


Модулдың негізігі мақсаты: Информатиканы оқыту әдістемесі, компьютерлік білім беру, программалау пәнін оқыту әдістемесі және алгоритмдік тілдер, компьютерде есептерді шешу әдістемесі мәселелерін зерттеу болып табылады. Әдістемелік сауатты информатика мұғалімін дайындау, информатиканы оқытуға байланысты жаңа білім негіздерін үйрету, оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын меңгеру, сонымен қатар оқушылардың қабілеттерін дамыта отырып, оны толық ашуды жүзеге асыру болып табылады.

10

Пререквизиттері

Информатика и АТ, Бағдарламалау, Педагогика, Психология. Мектеп информатика курсы

11

пәннің/курстың мазмұны



Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері Педагогикалық бiлiм жүйесiндегi информатика курсынан сабақ беру әдiстемесі. Оның міндеттері. Информатика ғылымы және мектептегi оқу пәні. Мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Педагогикалық (орта бiлiм ) информатика курсiнiң функциялары. ҚР бiлiм беру мемлекеттiк стандарты. Информатика пәні орта бiлiм стандартын тағайындау және оның функциялары. Мектеп информатика курсының мазмұны. Мектеп оқулықтары мен бағдарламаларын талдау жасау. Оқу бағдарламаларымен оқулықтарға қойылатын талаптар. Информатикадан оқу-әдістемелік құралдар, олардың мазмұны, қолданылуы.Информатка курсінің бағдарламалық жабдықталуы. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Информатика

ны оқытуда техникаға қойылатын талаптар .Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және оны өткізу әдістемесі. Информатиканы оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері. Информатиканы оқыту әдістеріне шолу.



12

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. Учебное пособие. М., 2001 г.

2. Софонова Н.В. Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. М., 2004 г.

3. ГОСО РК. Основные положения. Алматы, РОНД, 2002 г. – 88 с.

4. Методические рекомендации по организации профильного обучения в школах РК. Алматы, 2009 г.



13

Сабақты өткізу әдісі

Оқу-әдістемелік кешені қағазға шығарылған және электрондық нұсқалары бар. Сабақта ДК, проектор, интерактивті тақта қолданылады. Дәріс өткізуде мультимедиялық презентациялар, электрондық демонстрациялар, электрондық оқыту құралдары қолданылады. Зертханалық сабақты жүргізу үшін ДК-лер қолданбалы және жүйелік бағдарламалармен қамтамасыз етілген.

14

Оқыту тілі

қазақ, орыс

15

мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)

Модуль бағдарламасын ойдағыдай меңгерген студент информатика курсiнiң орыны мен мәнiн түсiнетiн жан-жақты жеке тұлға ретінде қалыптасады; мектеп информатика курсын үйрету мақсатының үш аспектісін –білім беру, дамыту, тәрбиелеуді біледі. мектеп информатикасын әртүрлі деңгейде оқыту аспектілерінің әдістемесі мен мазмұнын біледі; курсты бағдарламалық жабдықтауды және оны қолдану әдiстемесін біледі; Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдаған ережелеріне (3.2.7 тарауды қараңыз) сәйкес іске асырылады


1

Курстың/пәннің/сабақтың аты

Алгоритмдер теориясы және жасанды интеллект негіздері

2

Пәннiң коды

ТA 3302

3

Пәннiң түрi

Міндетті компонент бойынша кәсіптік білім модулі (ПД ОК)

4

Пәннiң/ курстың деңгейi




5

Оқу жылы

2011-12

6

Оқу семестрі

6

7

Кредит саны

4 (4*1,5=6 ECTS)

8

Проф./лектордың аты-жөні

ф-м.ғ.к., доцент Калиева К.А., ф-м.ғ.к.,

аға оқытушы Стамгазиева Ж.К.



9

Курстың мақсаты


Пəннің мақсаты: Студенттердің маман ретінде қалыптасуына жəне өз бетінше мəселерді шешу алгоритмдерін құру, студенттің өз бетінше ойлау қабілетін жетілдіру, ол үшін оларға математикалық фундаменталды білім беру, инженерлік мамандықтарға

математиканы оқыту ішкі жəне жалпы мəдени потенциалдарын пайдалануы керек. Оның бірі таза математикалық білім болса, екіншісі математиканың көмегімен білім алу. Елімізге нарық заманында дұрыс технологиялық жəне экономикалық саясат таңдайтын шешімнің ең тиімді түрін қабылдайтын озық инженерлік болжамдар жасай алатын мамандар қажет. Бұл мəселелер тек қана математика əдістерін қолдану арқылы ғана табысты шешіледі



10

Пререквизиттері

Алгебра және геометрия, Математикалық логика және дискреттік математика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, Информатика

11

пәннің/курстың мазмұны



Кіріспе. Алгоритмнің мазмұнды жəне мазмұнсыз ұғымдары. Алгоритмдер. Алгоритмдерді сипаттау əдістері. Алгоритмдер теориясының негізгі элементтері.Жиындар, қатынастар, графтар. Пост машинасы. Тьюринг машинасы жəне оның қолдану амалдары. Черч тезисі жəне оның салдарлары. Алгоритмде шешілмейтін мəселелер. Геделдің толымсыздар туралы теоремасы. Теоремаларды автоматты дәлелдеу. Есептің формалды қойылымы. Рекурсивті жəне рекурсивті саналатын жиындар. Марковтың нормалды алгоритмдері. Жасанды интелект тілі. Примитивті-рекурсиялық функциялар. Примативті-рекурсивтік операторлар. Толымсыз рекурсивті, жай рекурсивті жəне жалпы рекурсивті функциялар.Аккерман функциялары.Ойын бағдарламалары. Нейроинформатика. Генетика-

лық алгоритм. Кук теоремасы.



12

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Дьяконов В.П., Борисов А.В., Основы искусственного интеллекта. Смолянск, 2007

2. Стокман Д, Шапиро Л. Компьютерное зрение. – М.: 2006, 752с.

3. Хайкин С., Нейронные сети. – М.: Вильямс, 2006г. – 1104

Брюхомицкий Ю.А., Нейросетевые модели для СИБ. – Таганрог: ТРТУ, 2005. – 160с.

4. Ежов А.А., Шумский С.А. Нейрокомпьютинг и его применения. – 2006г.

5. Фалевич Б.Я. Теория алгоритмов. – М.: ИНФРА – М, 2006 – 324с.



13

Сабақты өткізу әдісі

Компьютер. Интернет. Принтер.

14

Оқыту тілі

қазақ ,орыс

15

мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)

Студент білу керек:

  1. өздігінен оқу іс-әрекетіне дайын болу;

математикалық логика, жоғарғы математикалардан негізгі түсініктерді;

2) сандар теориясы және логикалық айтылым, элементар функциялар теориясыннан практикалық есептерді шығару дағдысы болу керек





1

Курстың/пәннің/сабақтың аты

Есептеу математикасына кіріспе

2

Пәннiң коды

SK3302

3

Пәннiң түрi

Міндетті компонент бойынша кәсіптік білім модулі (ПД ОК)

4

Пәннiң /курстың деңгейi

SF,мамандық негізі

5

Оқу жылы

2011-12

6

Оқу семестрі

5

7

Кредит саны

3 (3*1,5=4,5 ECTS)

8

Проф./лектордың аты-жөні

Бердышев А.С., Жанбырбаев А.Б.

9

Курстың мақсаты


Модульдың мақсаты: қолданбалы есептерді жуықтап шешу, математикалық модельдеу әістері, қателер көздері туралы ұғымдарды жүйелі түрде қалыптастыру және алынған нәтижелерді талдап үйрену. қолданбалы математика есептерін шешу кезінде математикалық модельдеу және есептеу экспериментінің маңызы туралы көзкарасты қалыптастыру ЭЕМ-нің көмегімен қолданбалы есептерді жуықтап шешудің сандық әдістерін қолдануды үйрету

10

Пререквизиттері


алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық анализ, ақпараттық технология және ақпараттық модельдеу, бағдарламалау

11

пәннің/курстың мазмұны



Кіріспе. Сандық әдістер тарихы. Математикалық модельдеу және есептеу эксперименті (қолданбалы есептерді шешу кезеңдері. Есептеу экспериментінің схемасы. Есептеу алгоритмі. Сандық әдістер және математикалық модельдерге қойылатын негізгі талаптар).Есептеу математикасы пәні. Есептеу информатикасы туралы. Есептерді шешу қателіктерінің топтастыру. Экономикалық, орнықты алгоритмдер. аппроксимация(дискреттеу). Есептеу алгоритмдерін жүзеге асырудың инструментальды құралдары. Қателіктер теориясының элементтері. Абсолютті және салыстырмалы қателіктер. Деректерді жазу түрі. Функция қателігі.Қателіктер теориясының элементтері. Абсолютті және салыстырмалы қателіктер. Деректерді жазу түрі. Функция қателігі. Көпмүшелікті, функция мәндерін есептеу.Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді шешу. Түбірді бөліп алу (жекешелеу). Дихотомия әдісі (кесіндіні қақ бөлу). Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді шешу. Қарапайым итерация әдісі. Ньютон әдісі. Қиюшылар әдісі. Ньютонның үздіксіз әдісі. Итерациялық әдістердің геометриялық интерпретациясы. Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді инструментальды құралдар көмегімен шешу. Бас элементті таңдаудың Гаусс әдісі. Бірнеше теңдеулер жүйесін шешу. Анықтауыштарды есептеу және кері матрицаны табу. Басқа дәл әдістер туралы Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің итерация әдісі.Жай итерация әдісі.Зейдель әдісі.Жақсартылған итерациялық әдістер. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің дәл әдістері. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешу. Гаусс әдісі. Гаусс әдісінің матрицаны көбейткіштерге жіктеу әдісімен байланысы.

12

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Н.С.Бахвалов, Н.П.Жидков, Г.М.Кобельков Численные методы, М.:Лаборатория базовых знаний, 2002.-632с.

2. В.М.Вержбицкий Численные методы. Линейная алгебра и нелинейные уравнения. М.: Высшая школа, 2000.– 266с.;

3. Математический анализ и обыкновенные дифференциальные уравнения. М.: Высшая школа, 2001.– 382с.

4. А.А.Самарский, Н.В.Гулин «Численные методы», М.:Наука, 1989.–429с.

5. Е.Ы.Бидайбеков, В.С.Корнилов Математическое моделирование и численные методы. Введение. – Алматы, 1998. – 80с.

6. Дж.Г.Мэтьюз, К.Д.Финк Численные методы. Использование MatLab, 3-е издание.: Пер.с англ.–М. Изд. «Вильямс», 2001. –720с.



13

Сабақты өткізу әдісі

Оқу-әдістемелік кешені қағазға шығарылған және электрондық нұсқалары бар. Проектор және ДК қолданылады

14

Оқыту тілі

қазақ, орыс

15

мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)

Модуль бағдарламасын жақсы меңгерген студент білуі тиіс:

-ЭЕМ-нің көмегімен қолданбалы есептерді жуықтап шешудің сандық әдістерін қолдануды;

-Қойылған есептерді шешу кезінде сандық шешу тәсілдерінің тиімдісін таңдауды, есепті шешуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы алынған нәтижелерді салыстыруды ЭЕМ-нің көмегімен орындай алу керек;





1

Курстың/пәннің/сабақтың аты

Амалдарды зерттеу

2

Пәннiң коды

IO 3305

3

Пәннiң түрi

Міндетті компонент бойынша кәсіптік білім модулі (ПД ОК)

4

Пәннiң/ курстың деңгейi




5

Оқу жылы

2011-12

6

Оқу семестрі

6

7

Кредит саны

2 (2*1,5=3 ECTS)

8

Проф./лектордың аты-жөні

Елубаев К., Сакыпбекова М.Ж.

9

Курстың мақсаты

«Операцияларды зерттеу» пәнінің мақсаты: студенттерде жүйелендірілген түрде ойын теориясының әдістерін пайдалана отырып, операцияларды зерттеу туралы түсінікті қалыптастыру және студенттерді математикалық моделдеу арқылы өндірістің әртүрлі салаларында ғылыми негізді шешімдер қабылдауға даярлау.

«Амалдарды зерттеу» пәнінің негізгі міндеті: студенттерге амалдарды зерттеу теориясы негізі және оның әдістерін түсіндіру..

«Амалдарды зерттеу» пәнін оқыту нәтижесінде студент амалдарды зерттеу теориясы негізі және оның әдістерін білу керек.


10

Пререквизиттері

Математикалық талдау. Сызықтық алгебра. Жиындар теориясы Ықтималдықтар теориясы

11

пәннің/курстың мазмұны



Операцияларды зерттеу мәні мен маңызы. Операцияның тиімділігі, математикалық модель. Операцияны зерттеуді өткізу әдістемесі. Ойындар теориясына кіріспе, ойындарды анықтау. Ойындарды жіктеу. Стратегия, жағдай түсінігі, ұтыс қызметі, қолайлы жағдайлар; жағдайдың теңдігі. Ойынның стратегиялық эквиваленттігі. Антагонистік ойындарды анықтау. Таза стратегиялардағы шешім. Аралас стратегиялардағы ұтыс, аралас стратегиялардағы теңдік жағдайының жұмыс істеу шарты. Аралас ұлғайған матрицалық ойындардағы минимакстардың жұмыс істеуі және теңдігі туралы теорема. Ойынның маңызы, ойындарды шешу, матрицалық ойындар шешімінің қасиеті. Антагонистикалық ойындарды анықтау. е-седлолық нүктелер, е-седлолық нүктелердің қызметі туралы теорема. Стильтьес интегралы, аралас стратегиядағы жағдай теңдігінің жұмыс істеуі туралы теорема, ойындар шешімінің қасиеті, позициялық ойындар анықтамасы. Позициялық ойындардың графикалық (сипаттамасы) көрсетілімі. Позициялық ойындарды қалыпты үлгіге келтіру. Толық ақпаратты позициялық ойындар. Коалициялық ойындарды анықтау. Характеристикалық функция, үлестер. С-ядро; Н-М ойын шешімі. Шепли векторы.

12

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Вагнер Г. Основы исследования операций. В 3-х томах. Мир, 1972-1973

2. Таха Х. Введение в исследование операций. В 2-томах.Мир, 1985 г.

3. Петросян Л. А. ,Зенкович Н.А., Семина Е.А. Теория игр. Высшая школа, 1998г.

4. Дюбин Г.Н., Суздаль В.Г. Введение в теорию игр. Наука, 1981. 336с.

5. Воробьев Н.Н. Теория игр для экономистов-кибернетиков. Наука,1985г.

6. Крушевский А.В. Теория игр. Киев, 1977г.

7. Коваленко А.А. Сборник задач по теории игр. Львов, 1974г


13

Сабақты өткізу әдісі

Оқу-әдістемелік кешеннің қағаз және электрондық нұсқалары бар. Сабақта проектор және ДК қолданылады.

14

Оқыту тілі

қазақ, орыс

15

мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)

«Операцияларды зерттеу» пәнін оқып-үйрену нәтижесінде студент мыналарды білуі тиіс: операциялар мен олардың әдістерін зерттеудің теориялық негіздерін.

Студент әртүрлі өндірістік мәселелерді шешу кезінде операцияларды зерттеу әдістерін қолдануды білуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет