Информатика мұҒалімінің АҚпараттық ДҮниетанымын қалыптастыру үдерісінің кезеңдері с. Ш. Тілеубай, С. К. Тоқсанова, А. Н. Жалмурзаева



Дата27.02.2016
өлшемі97.57 Kb.
#27868
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮДЕРІСІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
С.Ш.Тілеубай, С.К.Тоқсанова, А.Н.Жалмурзаева
В данной статье рассматриваются характеристика по этапам процесса формирования информационного мировозрения учителя информатики.

This article considers the characteristic levels of process forming informational outlook of the teachers of informatics.

Бітіруші студенттердің ақпараттық дүниетанымының қалыптасуының қазіргі деңгейін зерттеу болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру үдерісінің теориялық моделін құрастыруға негіз болды. Біз болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру үдерісінің когнитивті-операционалдық, құндылы-мағыналық және кәсіптік-педагогикалық кезеңдерден тұратын теориялық моделін құрастырдық. Кезеңнің әрқайсысында ақпараттық дүниетанымның құрамдас бөліктерінің бірі басым болады, ақпараттық дүниетанымның құрамдас бөліктері [1] мақалада жан-жақты баяндалған.

Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру кезеңдерінің сипатталуы төмендегідей ұсынылды.



Бірінші - когнитивті-операционалдық кезеңнің басымдылық мақсаты фундаменталды ғылым ретінде информатика және ақпараттық технологиялар аясын, адам білімінің мәдениеттілік аясын меңгерумен, ақпараттық үдерістер жүйесінің табиғи, әлеуметтік және техникалық (жүйелі-ақпараттық тәсіл) секілді түрлерінің жалпы заңдылықтарын түсіндірумен; ақпараттық ортада ақпараттық әрекет тәжірибесімен және оның бағытын қамтамасыз ететін ақпараттық орта туралы түсініктің болуымен; ақпараттық технологияларды қолдануда оның әдіснамасын игерумен байланысты болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының когнитивті құрамдас бөлігін қалыптастыру болып табылады.

Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың бастапқы кезеңінде бағдарлама құрамында біз ұсынып отырған: «Информатика фундаменталды ғылым ретінде. Жүйелі-ақпараттық тәсіл ғылыми танымның фундаменталды әдісі секілді. Табиғи, әлеуметтік, техникалық жүйелердегі ақпараттық үдерістер. Басқа ғылымдар дамуындағы информатиканың рөлі. Әлемнің интегралды ғылыми көрінісі секілді әлемнің ақпараттық көрінісі. Өркениеттің дамуындағы информатика мен ақпараттық технологиялардың рөлі. Ақпараттық революция. Қоғамдағы ақпараттандыру және компьютерлендіру үдерістері. Ақпараттық қоғамның құрылуы. Ақпараттық экология мәселесі» қосымша тақырыптары бар «Информатика» курсы ерекше орын алады.

Ұсынылған тақырыптық таңдау бір жағынан пәнді оқыту логикасымен, ал басқа жағынан ЖОО-да оқуға үйрену кезеңінде материал студенттермен жақсы меңгеріледі, өйткені олар бұрын жалпы білім беретін мектепте кездестірген.

Берілген кезеңде оқыту-кәсіптік жағдайы ретінде мәселелі пікір-таластар мен әңгімелесулер, дидактикалық ойындар қолданылды. Мысалы, болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының когнитивті құрамдас бөлігін қалыптастыруда «Информатика ғылымдар ортасында» деген тақырыпта дидактикалық ойынды ойнатуға болады. Бұл ойында «Информатика» ғылымының өкілі рөлін оқытушының өзі, ал «Математика». «Физика», «Генетика», «Химия», «Тарих» сияқты ғылымдардың өкілі рөлін топтар арасындағы студенттер бөліп алуларына болады. Бір апта бұрын тақырыптар мен рөлдер хабарланғандықтан, студенттерді басқа ғылымдардағы информатика мен ақпараттық технологиялар мүмкіндігін талдауға және дайындауға мүмкіндіктері бар. Әрбір студентке таңдаған ғылымымен информатиканың байланысын талдау; оның дамуында, оның қазіргі жағдайы мен практикада қолдануында информатиканың атқарған рөлін анықтау; информатиканың арқасында (информатика әдістерімен – жүйелі-ақпараттық, компьютерлік модельдеу және т.б.) пайда болған ғылымдардың ашылуын көрсету қажет. Студенттерге өздерінің материалдарын MS Word-та буклет немесе MS Power Point-та презентация түрінде рәсімдеу ұсынылады, сонымен қатар бұл оларға «Бағдарламалық қамтамасыз ету» курсы төңірегіндегі тапсырмалар болып табылды.

«Информатика» курсын үйренуде өзіндік жұмысты ұйымдастыру мақсатымен студенттерге қысқаша рефераттар жазу үшін келесі тақырыптарды беруге болады: «Ақпараттық қоғам туралы түсінік», «Қоғам дамуындағы ақпараттандырудың рөлі», «Қоғам өміріндегі бұқаралық ақпараттар құралдарының рөлі», «Адамның ақпараттық мәдениеті», «Информатика дамуының қазіргі заманғы тенденциясы», «Қоғамдағы ақпараттық дағдарыс», «Тиімді қолдану жағдайындағы ақпараттың сапасы», «Жасанды интелекттің пайда болуы: қиял немесе шындық?», «Компьютерлік және ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы». Рефератты жазудың мақсаты - студенттерді ақпараттық қоғамдағы дүниетанымның бағыты жағдайына баулу болып табылады. Сонымен, ақпараттық ортада дүниетанымның когнитивті құрамдас бөлігін қалыптастыруда ақпараттық дүниетанымға бағытталған жағдайларға студенттерді баулу оларда мыналарды қалыптастыруға көмектеседі:

- адам білімі мен тәжірибесіндегі фундаменталды, метапәндік (метапредментной), мәдениет төңірегіндегі информатика мен ақпараттық технологиялар туралы түсініктер;

- информатиканың гуманитарлық аспектілері туралы түсініктер;

- табиғи, әлеуметтік және техникалық жүйелердегі ақпараттық үдерістердің жалпы заңдылықтарын түсіну;

- қазіргі қоғамдағы адамның кәсібіне қарамастан, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі.

Екінші – құндылық--мағыналық кезеңнің басымдылық мақсаты ақпараттық ортадағы жеке тұлғада әрекеттің құқықтық, этикалық және адамгершілік нормалары туралы түсініктері болуы; ақпараттық өзарақатынас және өзараәрекет жағдайында тәртібі мен жеке ақпараттық әрекеттің рефлексиясын реттейтін; ақпараттық әрекеттің қабылдаған білім, білік және дағдыларын қолдану жауапкершілігі: қоғам үшін қолдануда оның іске асуы; жеке тұлғаның ақпараттық экология мәселелерін және ақпараттық қоғам жағдайында оларды жүзеге асыру қажеттілігін меңгеруі; болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының аксиологиялық құрамдас бөлігін қалыптастыру болып табылады.

Бұл кезеңде болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыруда бағдарлама құрамына біз ұсынып отырған: «Ақпараттық қоғам желілік қоғам секілді. Компьютерлік коммуникация ерекшелігі. Коммуникациялық революция және қоғам дамуындағы олардың рөлі. Интернет және мәдениет. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері. Интернет – тәуелділік. Компьютерлік қылмыс. Ақпараттық ортадағы ҚР заңы. Желілік этикет. Желідегі жеке тұлғалардың өзара алмасуы. Интернет дамуының тенденциясы» секілді қосымша тақырыптары бар «Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа-технологиялар» курсы ерекше орын алады.

Болашақ информатика мұғалімін кәсіптік-педагогикалық дайындауда коммуникациялық технологияларды оқыту дәл осы «Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа-технологиялар» пәні төңірегінде болады. Сонымен қатар, бұл технологияларды қолдана отырып, ЖОО-дағы студенттердің оқу әрекетінің жаңа құралы ретінде олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады [3]. Болашақ информатика мұғалімін коммуникациялық технологиялармен оқытудың ерекшеліктерін атап өтейік:


  1. Коммуникациялық технологиялар үш бағытта қарастырылады: оқыту объектісі, оқыту құралы және студенттердің болашақ кәсіптік-педагогикалық әрекетінің құралы;

  2. Коммуникациялық технологияларды оқыту үдерісінде қолдану оқу әрекетіндегі әрбір студенттің түрлі мақсаттарын, мотивтерін, қызығушылығын іске асыруға көмектеседі;

  3. Коммуникациялық технологиялар студенттердің оқу әрекетін өзінше іске асыруын, өз бетінше ұйымдастыруын, өзіндік белсенділігін арттыратын, шығармашылық үшін жаңа мүмкіндіктер беретін кең ауқымды ақпараттық оқыту өрісін құруға көмектеседі;

  4. Коммуникациялық технологияларды қолдану студенттердің ақпараттық әрекетінінің бағалау тәжірибесін (таным ақпараттарын таңдау, оның этикалық мағыналылығы, өзінің ақпараттық әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілігі), қазіргі ақпараттық қоғамдағы гуманитарлық, құндылы-мағыналық бағыттардың тәжірибесін белсенді етеді;

  5. Коммуникациялық технологиялар информатиканың жобалау әдісін оқытудағы педагогикалық технологиялардың бірі ретінде қолдануға көмектеседі;

  6. Коммуникациялық технологияларды оқытуда, оларды болашақ кәсіптік-педагогикалық әрекетінде қолдану студенттердің білімдегі ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы түсініктерін кеңейтеді.

Ақпараттық дүниетанымның аксиологиялық құрамдас бөлігін қалыптастыру мақсатымен оқытуды жобалау әдісін қолдану негізінде ақпараттық ортадағы дүниетанымға бағытталған жағдайларды қарастырамыз. Интернеттің әртүрлі технологияларын меңгеру барысында (мысалы WWW-технологиялар) «Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа-технологиялар» курсы төңірегінде студенттерге жаңа бағыт - әлеуметтік информатика, «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсында бұл бағытты оқыту үшін оның ары қарай қолданылу мақсаты мен мектеп информатикасы бойынша стандарт мазмұнындағы жаңа бағыты бойынша веб-бетін құру ұсынылды. Жоба бүгінгі күні әртүрлі білім салаларындағы зерттеушілер: философтар, педагогтар, психологтар, медиктер, социологтар, экологтар көп көңіл бөліп жүрген ақпараттық қоғам үдерісіндегі әлеуметтік-психологиялық, экологиялық мәселелерді қарастыруға арналады. Барлық студенттердің жалпы сайттарының ұсынған атауы: «Қоғамды ақпараттандыру мәселелері».

Сайттарды құру нәтижесін талқылау барысында студенттер диалог жүргізуге, өз бағытына байланысты өз көзқарасын білдіруі, жоба тақырыптары бойынша баға беруді, ақпараттық ортадағы адам әрекетінің құқықтық, этикалық, өнегелік нормаларына өз көзқарасының дәлелдемелерін, және де жеке тұлғаның ақпараттық әрекетінің құндылы-мағыналық бағытының ұжымдық сынын қабылдауды үйренеді. Студент жұмыстарының презентациясынан соң оқытушы жобаға қатысушылардың жетістігін атап өтеді, оқушылармен бірге оларды талқылайды. Дауыс беру негізінде қысқаша жобалардың жақсысы таңдалып, жобалардың жалпы бағасы бойынша жақсыларын факультет сайтына шығаруға болады.

Оқу үдерісінде коммуникациялық технологияларды қолдану информатика саласы төңірегінде болашақ информатика мұғалімін кәсіби-педагогикалық дайындауда қажет білім, білік және дағдыны қабылдауға ғана көмектеспей, сонымен қатар педагогикалық білімдігі педагогтың ақпараттық мәдениетін, ақпараттық дүниетанымын және ең алдымен оның аксиологиялық құрамдас бөлігін қалыптастыру бойынша міндеттерін шешуге бағытталған. Берілген кезеңнің орындалу барысында болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының аксиологиялық құрамдас бөлігін қалыптастыруға бағытталған келесі міндеттер шешіледі:


  • виртуалды өзара жеке тұлғалар қатынасының коммуникативті дағдысының дамуына жағдай жасау;

  • ақпараттық қатынас және өзараәрекет жағдайындағы тәртіпті реттейтін өнегелі және этикалық тәжірибесін қабылдау;

  • ақпараттық-кәсіптік әрекетінің қабылдаған білімі, білігі мен дағдысын қолданудағы жауапкершілігін қалыптастыру;

  • ақпараттық ортадағы бостандықтың жауапкершілік пен өзін шектеу мағынасы;

  • «бұқаралық» компьютерлік мәдениет пен индустриядағы сыни бағалау.

Үшінші кәсіби–педагогикалық кезеңнің негізгі мақсаты болашақ информатика мұғалімінің кәсіби бағытымен: оқушылар үшін информатика мұғалімі ақпараттық мәдениетті, ақпараттық дүниетанымды тасымалдаушы екенін меңгерумен; білім саласындағы ақпараттық үдерісін талдауда жүйелі-ақпараттық тәсілді білуімен, оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру қажеттілігі мен адам білімі аясында информатика мен ақпараттық технологиялардың дүниетаным шамасын меңгерумен; «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы, сонымен қатар студенттердің соңғы курстағы курстық жұмыстары мен педагогикалық практика төңірегінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудағы тәжірибенің қалыптасуымен, оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістемелік жүйесін игеруімен байланысты оның ақпараттық дүниетанымының тәжірибелі-практикалық құрамдас бөлігін қалыптастыру болып табылады.

Бұл кезеңде ерекше орын «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы төңірегінде болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыруға беріліп, бағдарлама құрылымына қосымша тақырыптар ұсынып отырмыз: «Мектеп информатикасының дүниетанымының шамасы. Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі ретінде оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Мектеп информатика курсында оқушының ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру мақсатын қою және мазмұнын таңдау. Информатиканы оқытудағы негізгі бағыт - дүниетанымды талдау. Жаңа қалыптасатын бағыттар – кибернетикалық және әлеуметтік информатиканы оқыту әдістемесі».

Семинар сабағында студенттерге «Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті мен адамның компьютерлік сауаттылығының айырмашылығы неде?» деген сұрақ қойылды. Көптеген студенттер берілген ұғымдардың айырмашылығын көрсетуге қиналды. Тек кейбір студенттер ғана адамның компьютерлік сауаттылығында болмайтын ақпараттық мәдениет дүниетаным құрылымынан тұратынын айтты.

Келесі семинар сабағында «Мектепке информатикадан қандай оқулық қажет?» тақырыбында диспут жүргізіліп, студенттер оқыту-кәсіби міндеттердің таңдаған нәтижелерінің шешімін көрсетті.

Ақпараттық дүниетанымның әрекетті-тәжірибелік құрамдас бөлігін қалыптастыру мақсатымен бітіруші курс студенттері үшін оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған міндеттері ұсынылды:

- оқушыларда қоршаған әлем туралы жүйелік ақпараттық түсініктерін қалыптастыру;

- оқушыларда «әлеуметтік информатика» бағытының негізгі ұғымдарын қалыптастыру;

- ақпараттық қоғамның этикалық, өнегелік құндылықтар көзқарас тұрғысынан оқушыларды өзінің ақпараттық әрекетін сыни бағалай білуге баулу;

- мектептегі информатиканы оқытуда компьютерлік коммуникация дағдысының дамуы;

- оқушыларда ақпараттық әрекеттің эстетикалық туралы түсініктерінің дамуы;

- Интернетпен жұмыс істеу үшін оқушыларда жауапкершілік пен ақпараттық қауіпсіздік қалыптастыру.

Жоғарыда айтып отырған жағдайлар ақпараттық әрекет, ақпараттық дүниетанымның функциясы және оның деңгейлерінің сипаттамасы бойынша ажыратылады. Ақпараттық дүниетанымға бағытталған жағдайларға студенттерді баулу арнайы жасалған оқыту-кәсіби міндеттерді, дидактикалық ойындарды, оқыту жобаларын шешу барысында жүзеге асырылады.



Қорыта келегенде, информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру үдерісі когнитивті-операционалдық, құндылық-мағыналық, кәсіби-педагогикалық кезеңдерден тұрады және әрбір кезеңде ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру бойынша қалыптасу басымдылығы көрсетіледі, сонымен қатар болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыруын жоғары деңгейге көтереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Ш.Тілеубай. Информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жайында. Ізденістер, нәтижелер, №3, 2008ж., ҚазҰАУ.

  2. Н.Т.Ошанова. Информатиканың негізгі (базалық) курсында телекоммуникациялық технологияларды оқытуды жетілдіру. п.ғ.к.ғыл.дәр. дис., Алматы, 2007ж., 125б.

3. Леднев В.С. О теоретических основах содержания обучения информатике в общеобразовательной школе /В.С.Леднев, А.А.Кузнецов //ИНФО –2000. №2 .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет