Информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың графикалық іскерліктерін қалыптастыру



Дата04.03.2016
өлшемі61.44 Kb.
#39804
Информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың графикалық іскерліктерін қалыптастыру
А.Қ. Буканова, Оқытудың ақпараттық жүйелері кафедрасының оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ
Резюме

В работе рассматривается особенности применения программу Adobe PhotoShop при формировании графических умений учащихся в условиях профильного обучения
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму жалпы білім беретін орта мектептерде информатика пәнін оқытудың дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр. Осыған орай, информатикадан бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, оқушының өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек білімді тұлға ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.

Қоғам дамуының қазіргі жаппай ақпараттандыру кезеңіне келесі факторлар тән: қоғам мен табиғаттың даму үдерісіндегі ақпараттың алатын ролі; неғұрлым жетілдірілген ақпараттық технологияларды жасау; ақпараттық үдерістерді интенсификациялауға ұмтылу; басқару факторының мәнін күшейту; даму үдерісіндегі өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және жүйелілік ыңғайдың даму ерекшеліктері; шешім қабылдау үдерісінің тиімділігіне, басқару үдерістеріне назарды күшейту болып табылады.

Даму қарқынының өсуі, прогрестің жеделдеуі факторлары, ақпараттық үдерістерді интенсификациялау нәтижесі ретіндегі басқарушы циклдердің ұзақтығын қысқарту әлеуметтік тұрғыда үлкен маңызға ие болып табылады. Бұл жағдайларда әлеуметтік орта жеке тұлғаға жоғары талаптар қояды, яғни: қазіргі өзгермелі жағдайға бейімделгіштік, иілгіштік, өзін-өзі жетілдіру, қоғам дамуының мақсаттарын тұлғаның сезінуі, қоғам дамуының мақсатарын жеке тұлғаның мақсаттарымен үйлестіру.

Инновациялардың қарқынды өсу жылдамдығы мен техникалық қайта құрулар кезеңінде білім беру жүйелі жетілдіруді қажет етеді. Бұл туралы ғалым-педагогтардың зерттеулерімен қатар мемлекеттік нормативті құжаттарда атап көрсетілуде. Білімгерлердің тұлғалық қызығушылықтары мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін және әлеуметтік тапсырысты ескере отырып оқытудың мақсаттарына оңтайлы түрде жетуді қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру кезеңінің басты ерекшелігі – оқытудың дидактикалық қағидаларын, ұғымдарын кеңейте дамыта отырып және жетістіктерін ескере отырып жүйелік оқыту технологияларының құралдарына оқыту үдерісін сипаттау үшін формальды әдістерді қолдану тәсілдерін іздеу болып отыр.

Оқушының іс-әрекетінің күрделі сипаты оған сол уақытта әсер ететін объектімен ғана емес, сонымен бірге оның сол объектіге тәжірибе негізінде қалыптасқан қарым-қатынасымен анықталады. Осы жағдайға байланысты оқушының жеке тұлғасындағы қасиетінің мүмкіншілігін анықтайтын керекті сапалы түрлеріне, ойлауына, қызығушылығына, бейімділігіне сенімділігіне көңіл бөлуі ретінде қарастыруға болады. Біз оқушыны оқытудың сапалы құралы ретінде компьютерді қолдануына көңіл бөлуін, оқушыға тап осы әрекет түрімен шұғылдану керек екендігін қарастырамыз. Компьютердің пайдалану мүмкішілігін оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті ретінде қарастырғанда, яғни компьютерлер оқу сапасын жақсартуды өздерінің техникалық мүмкіншіліктеріне байланысты ғана емес, бірінші кезекте тек оған деген балалардың қызығушылықтарына, яғни педагогикалық сауатты өңделген әртүрлі оқытылатын бағдарламаларды қолдануына байланысты. Осыған байланысты оқушылардың мектепте жүргізілетін сабақтарына деген негативті (кері) көңіл бөлулерін жеңуге жағдай жасалынады. Әсіресе бұл үлгерімдері нашар оқушыларға қатты әсер етеді.

Біздің информатика пәнінен жүргізген сабақтарымыз компьютерлік графиканы оқытуда компьютерді қандай деңгейлерде пайдалануға арналды. Біз оқушылардың компьютерді графиканы оқыту бағдарламаларына тәуелді жұмыстарын ұйымдастыруына байланысты бірнеше оқу тақырыптарын оқыту құралы ретінде қолдануын қарастырдық. Бұл лабораториялық сабақтардың жоспарларын келешекте өзіміздің педагогикалық жұмыстарымызда кеңінен қолданамыз.

Компьютерлік графиканы пайдаланумен информатиканы оқытуды ұйымдастырудың ғылыми және практикалық тұрғыда маңызы жоғары, бірақ берілген технология бойынша қабылданған білім беру процесінің схемасы оқушылардың рефлексті-теориялық ойлау қабілетін қиындатады, себебі бұл оқыту жүйесі бойынша оқушылар өз іс-әрекетін өзгеше сипаттап көрсетеді. Оқып үйренуге арналған графикалық бағдарламаны логикалық-психологиялық негізде пайдалану, жаңа компьютерлік технологияны жобалау негізінде оқыту компьютерлік модельдеу іс-әрекетінің принципіне сүйенеді, онда іздеу, көріністерді модельдеу және игеру объектісі сипатының мазмұнына талдау жасалады.

Бұл жағдайдағы жаңа ақпараттық технологияның құралы ретінде алға шығатындар:

а) объектінің пәндік мазмұнын жобалау;

ә) сәйкес жалпыланған тәсілдер әрекетін жобалау;

б) өзара және ұжымдық бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру (“оқушы - оқушы топтары’’, ”компьютер - оқушы“ , “мұғалім-компьютер-оқушы“);

в) бірлескен іс-әрекет құрылымдарын және оқушылардың бағалау іс-әрекеті мен объект мазмұны бойынша бақылау түрлерін игеруді жүзеге асыру.

Сонымен бұл кезде оқушылар графикалық құралдардың өзара байланысын тұтас жүйе іс-әрекеті ретінде өздерінің пәндік және коммуникативті бағыттарын, оқу ортасын шартты басқаруын, оған толық жұмыс істеу жайындағы сапалы қажеттілігін енгізіп көрсетеді.

Жалпы білім беретін орта мектептің информатика курсын бейіндік оқытуда PhotoShop бағдарламасы жаратылыстану бағытындағы 11-сынып оқушыларына оқытылады. Ал, басқа бағыттағы сыныптар үшін факультатив сабақ ретінде де ұйымдастырылып келеді. Онда негізінен мына тақырыптар қамтылады: Палитралар, Суреттерді сканерлеу, Көріністердің импорт және экспорты, Контурларды қолдану, Сурет салу және жөндеу, Түстерді таңдау, Қатарлар, Каналдар мен маскалар, Фильтрлер, Суреттің өлшемі және оның графикалық кеңейтілімі, Көріністің бейнеленуі, RGB және CMYK форматтарындағы бейнелермен жұмыс, «Adobe Illustrator» бағдарламасы, «Adobe Type Manager» бағдарламасы, «Adobe Acrobat Distiller» бағдарламасы, Бейнені баспаға шығару және жалпы шолу.

Білім саясатының өзекті мәселелері – білім берудің сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Сондықтан орта мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі оқушыны тұлғалық оңтайландыру, пәндік білігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және білімді тұлға қалыптастыру. Мұндай тұлға қалыптастыру үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, оқушының шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б. болып табылады

Замани технологиялардың құралдарын қолдану дағдылары және олардың көмегімен практикалық есептерді шешу іскерліктері мен практикалық маңызды есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижелерін сауатты өңдеу іскерлігі, оның нәтижелерін практикалық іс-әрекеттерде қолдану дағдыларын оқушылардың бойында қалыптастыру басты назарда болуы қажет.



Қорытынды ретінде айтарымыз, ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке тұлғаның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда, оқушылардың ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың ақпараттық технологиялардың құралдарын меңгеру іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде. Бұл іс-әрекеттің бір көрінісі ретінде оқушылардың графикалық іскерліктерін қалыптастыруда Adobe PhotoShop бағдарламасын қолдану мақсатқа сай келеді.
Әдебиеттер

  1. Ақпараттану типтік оқу бағдарламасы. //Жаратылыстану ғылыми мамандықтары мен дайындау бағыттары бойынша. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 10 шілде 2002 ж. № 541 бұйрығымен бекітіліп, іске қосылған. – 34 б.

  2. Қараев Ж.А. Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану //Информатика-физика-математика. -1994. -№3. –Б.31-37.

  3. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. - М.: Педагогика, 1997. – С.104-106.

  4. Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем. – Воронеж: Изд-во Воронежского ун-та. 1997. – 304 с.

  5. Бидайбеков Е.Ы. Информатизация образования в Казахстане. – Алматы, 1998. - 27 с.

  6. Халықова Г.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. –А., 2000. -243б.

  7. PhotoShop 6.0. Библия пользователя. Диалектика. Киев. 2007г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет