«информатика»



бет8/32
Дата11.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#128330
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

4 тапсырма

а) 1100000011,011(2) – 101010111,1(2) = 110101011,111(2);






1

1

0

0

0

0

0

0

1

1

,

00

1

1

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

1

0

1

0

1

1

1

,

1

 

 

 

 

 

1

1

0

1

0

1

0

1

1

,

1

1

10

 

 

5 тапсырма

а) 100111(2) ´ 1000111(2) = 101011010001(2);



 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

´

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

0

1

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

1

0

1

1

0

1

0

0

0

1

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

  6. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

  7. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.

  8. Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996 г.


Бекіту сұрақтары:

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?

  2. Позициялық және позициялық емес санау жүйелері дегеніміз не?

  3. Санау жүйелерінде қандай арифметикалық амалдарды қолдануға болады?

  4. Сегіздік, оналтылық, екілік санау жүйелерінің негізгі санадрын атаңыз

  5. Римдік санау жүйесі қанадй санау жүйесіне жатады?


Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Логикалық амалдар. Буль алгебрасы
Мақсаты: Логикалық есептерді шешуді үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Теориялық түсініктеме:
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.

Логика — бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, онын ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұскалары дараланады: формалъды логика, математикалық логика, ықтималдықты логика, диалектикалық логика және т.б. Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне кайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме-дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Математикалық. логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оны басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл — дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі негізгі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалык айнымалылардың мәндері де екі: "0" және "1". Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өндеу және сактау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары, схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және карапайым логикалык элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады

Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейті бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

Пікір дегеніміз — жалған немесе ақиқат болуы мүмкін кандай да бір пайымдау.

Мысалы, "Қар — ақ", "2 • 2 = 4" деген ақиқат, ал "Тау тегіс", "2 • 2 = 5" деген — жалған пікірлер. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқат ретінде қабылданады. Жалған пайымдаулар, көбінесе, пайымдаулар мен ұйғарымдардағы қателерден немесе сондай болса екен деген тілегімізді шындық ретінде көрсетуге тырысудан пайда болады.

Шкірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, "3 + 3 < 7", "Бүгін күн шуақты болды".

Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, "Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр", "Кез келген квадрат параллелограмм болып табылады" және т.с.с.

Жалпы пікір объектілердің қандай да бір бөлігі үшін ақиқат, ал басқа объектілер үшін жалған болуы мүмкін. Мысалы, "Иттер мысықтарды жақсы көрмейді" пікірі иттердің көпшілігі үшін рас, бірақ барлығы үшін емес "х-у>0" пікірі х=1 және у=1 үшін акиқат және сонымен катар у кез келген болғанда, х = 0 үшін жалған.

Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін рас болсап, онда жалпы пікір тепе-тең ақиқат деп аталады. Мысалы, "Иттің төрт аяғы бар" пікірі кез келген ит үшін рас.

Тепе-тең ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы. Мысалы, "a + b = b + а" пайымдауы кез келген нақты сандар үшін орынды және ол "Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді" деген арифметиканың заңын көрсетеді.

Күрделі жағдайларда сұрактардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулыктарын пайдаланып, құрамды пікірлер арқылы беріледі. Мысалы, "Бұл оқушы ақылды және зерек" пікірі қарапайым "Бұл окушы ақылды" және "Бұл оқушы зерек" деген пікірлерден тұратын құрамды пікір болып табылады.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементпар деп атайды.

Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады.

Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды. "Айдар жазда теңізге барады" айтылымы А арқылы белгіленсін, ал В арқылы — "Айдар жазда тауға барады" айтылымы белгіленсін. Сонда "Айдар жазда теңізге де, тауға да барады" құрамды айтылымын А және В түрінде қысқаша жазуға болады. Мұндағы "және" — логикалық жалғаулық, А, В — логикалық айнымалылар, олар тек екі мәнде болады: "ақиқат" немесе "жалған", сәйкесінше олар "0" не "1" арқылы белгіленеді.

Әрбір логикалық жалғаулық логикалық айтылымдармен орындалатын операция ретінде қарастырылады және олардың өз аты мен белгіленуі болады.

Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

Ақиқаттық кестесі — бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы, онда кірістік операндалардың (айтылымдардың) ақиқаттық мәндерінің барлық мүмкін терулері осы терулердің әрқайсысына арналған операциянын шығыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.

Негізгі логикальщ операцияларды карастырайық.

Логикалық көбейту

ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunctio — біріктіру), ал операцияның нәтижесі — логикалық көбейтінді деп аталады.

ЖӘНЕ операциясы "." нүктемен белгіленеді (& белгісіменде белгіленуі мүмкін).

ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалык операциясының ақиқаттық кестесі:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Иә

Жоқ

жоқ

жоқ

Жоқ

Ақиқаттық кестесінен:


  • Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А жөне В конъюнкциясы
    ақиқат.

  • А немесе В пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда
    А және В конъюнкциясы жалған болады.

Логикалық қосу

Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалың қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunctio — бөлу), ал операцияның нәтижесі — логикалык қосынды деп аталады.



НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен (кейде + белгісімен) белгіленеді.

НЕМЕСЕ логикалық операциясының акикаттық кестесі төмендегідей болады:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Иә

жоқ

жоқ

Жоқ

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә мәніне ие болса, не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер А да, В да жоқ мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы жоқ мәніне ие болады.

  • А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі акиқат болғанда, А немесе В дизъюнкциясы ақиқат.

  • А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В
    дизъюнкциясы жалған.

Логикалық терістеу

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде жаңа айтылым пайда болады.



ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.

ЕМЕС (терістеу) операциясының ақиқаттық кестесі:

А

А емес

Иә

Жоқ

Жоқ

Иә

Мұндағы А қандай да бір кез келген айтылым.

Мысалы, "Бүгін күн ыстық" айтылымы үшін "Бүгін күн ыстык емес" айтылымы терістеу болады.

Кейбір кездерде барлық айтылым "... жалған" сөзін колдануға болады. Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын терістеу "Сенің жақсы баға алғаның жалған" айтылымы болады.

Бұл операцияның ақиқаттык кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А ақиқагп емес), теріске шығаруы иә мәніне ие болатынын көреміз. Және, керісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, А емес, жоқ мәніне ие болады.



  • Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу- ақиқат.

  • Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу- жалған.



Тапсырма:

Есепті шешіңіз:

Өзеннің жағасында тұрған кайығы бар шаруаның касқыры, ешкісі және кырыққабаты бар. Шаруа өзеннің екінші жағалауына қасқырды, ешкіні және қырыкқабатты өткізуі керек. Қайыққа шаруаның өзінен басқа, не тек қаскыр, не тек ешкі, не тек қырыққабат қана сыяды. Қаскырды ешкімен немесе ешкіні қырықкабатпен қараусыз калдыруға болмайды, өйткені қасқыр ешкіні, ал ешкі қырыққабатты жеп коюы мүмкін. Мұндай жағдайда шаруа не істеуі керек?


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Бұл есепте арифметика емес, пайымдау үстемдік етеді.



  1. Егер касқырды алып кетсе, онда ешкі кырыққабатты жеп қояды.

  2. Егер қырыққабатты алып кетсе, онда касқыр ешкіні жеп қояды.

  3. Ендеше, ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр қырықкабатты жемейді, ал сонан кейін қайтып келіп...

  4. Енді өздеріңіз логикалық ойды аяғына дейін жеткізіңдер.


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

    6. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

    7. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.

    8. Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996 г.


Бекіту сұрақтары:

  1. Буль алгебрасының негізін қалаушы кім?

  2. Қандайй еңбектері жарық көрген?

  3. Бульдік айнымалы деген не?

  4. Бульдік функцияның қандай түрлері бар?

  5. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңіз

Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Алгоритм түрлері. Алгоритмді сипаттау әдістері.
Мақсаты: Алгоритм ұғымымен танысу. Алгоритм құруды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Теориялық түсініктеме:

ЭЕМ машиналық команда түрінде жазылған тек бір қарапайым арифметикалық не бір логикалық амалды ғана орындай алатын етіп құрылған. ЭЕМ арқылы ақпаратты өңдеу нәтижесін табу үшін біртіндеп орындалатын амалдар, нұсқаулар тізбегін алдын ала дайындап алу керек. Нәтиже алу үшін арнайы ереже бойынша жинақты түрде дайындалған нұсқаулар тізбегі– алгоритм деп аталады. Яғни, алгоритм – белгілі бір нәтижеге жету үшін ретпен орындалатын әрекеттер жиынтығы.



Алгоритм қасиеттері:

    1. Жалпылылық - әрбір алгоритмнің барлық деректер иыны үшін анықталуы керек.

    2. Анықтылық – алгоритмнің әрбір қадамы нақты бір амалды анықтауы немесе орындауы керек.

    3. Нәтижелілік – алгоритмнің ь орындалуы, нақты нәтиже беруі.

Алгоритмді әр түрлі тәсілдерді пайдаланып дайындау мүмкін.

Берілгендер – информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі ЭЕМ-ге ендірілетін, шығарылатын және ішкі кодталған түрде өңделетін информация - берілгендер деп аталады.

Алгоритмнің қарапайым операцияны орындауы үшін машинаға берілген әр нұсқауы машиналық команда деп, ал командада көрсетілген сан және символ -аргумент деп аталады.

Машинаға түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған есептің алгоритмі осы есептің программасы деп, программа құру процесі – программалау деп аталады.

ақпаратты өңдеудің алгоритмін 3 түрлі жолмен құруға болады.



Алгоритмнің берілу формалары:

1) ауызша алгоритм

2) блок-схема түрінде

3) алгоритмдік тілде



Ауызша алгоритм – күнделікті пайдаланылатын сөздер мен математикалық символдарды қолданып жазылған жеке-жеке нұсаулар жиынтығынан тұрады.

Блок-схема – түрлі арнайы фигуралар, нұсқаулар арқылы программада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схема. Мұнда алгоритмде орындалатын әрекеттер геометриялық фигуралар арқылы сызылып, олардың байланыс жолдары нұсқама арқылы көрсетіледі.

а)

алгоритмнің басы мен соңы


б) - берілгендерді ендіру және нәтижені шығару


в)

- шартты тексеру

г)

- информацияны өңдеу




д) - байланыс бағыттары



Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады. Пайдаланылатын символдар – тілдің алфавитін, ережелер жүйесі-оның синтаксисін құрайды.

Алгоритмнің құрылымдық жағынан бөлінуі:

  1. Сызықтық - әрекеттер ретімен бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады.

  2. Тармақталған – алгоритм қандай да бір шартқа байланысты тармақталып кетеді.

  3. Циклдік – белгілі бір қадамдар қайталана беретін алгоритм.

  4. Көмекші алгоритм – программа ішіне алдын –ала дайындалған алгоритм.



Тапсырма:

  1. Екі жай бөлшек берілген. Олардың бөліндісін есептейтің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз

  2. а,b,c 3 нақты сан берілген. Ең үлкенің табатын есептің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1-тапсырма:

Екі жай бөлшекті бөлу амалы келесі түрде орындалады. Сондықтан бізге n,m сандарын табу керек.

Есептің алгоритмі келесі түрде болады:
алг Бөлшектерді бөлу(нақ a, b, c, d, m, n) {Қолданушы енгізетін

және алгоритм есептеп шығаратын айнымалылар типі көрсетіледі}

арг a, b, c, d {Қолданушы енгізетін айнымалылар }

нәт m, n {Шығатын айнымалылар }

басы

енгізу a, b, c, d



m=a*d

n=b*c

шығару алымы=m

шығару бөлімі=n

cоңы
Есептің блок- схемасы:



2-тапсырма:

Есептің алгоритмі келесі түрде болады:


алг Үш санның үлкенің табу (нақ a, b, c, mах) {Қолданушы енгізетін

және алгоритм есептеп шығаратын айнымалылар типі көрсетіледі}

арг a, b, c {Қолданушы енгізетін айнымалылар }

нәт mах {Шығатын айнымалылар }

басы

енгізу a, b, c



егер a>b

онда max:=a

әйтпесе max:=b

тармақ соңы



егер с>max

онда max:=c

тармақ соңы

шығару Ең үлкені=mах

cоңы
Есептің блок- схемасы:



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

  6. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

  7. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.

  8. Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996 г.


Бекіту сұрақтары:


  1. Алгоритм териніне анықтама беріңіз

  2. Алгоритмнің қандай түрлерін білесіз?

  3. Алгоритмнің қасиеттерін атаңыз

  4. «Алгоритм» терминінің шығу тарихын айтыңыз

  5. Алгоритм қандай элементтерден тұрады?

Зертханалық жұмыс№9
Тақырыбы: Программалық жабдық топтамасы
Мақсаты: Компьютердің программалық жабдықтарымен танысу
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Информатикадан оқулық


Теориялық түсініктеме:

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.

Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.

Үнсіз келісім (по умолчанию) егер жүмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала тағайындайды.

Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сүқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық жабдықтама информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:



  1. жүйелі программалық жабдықтама;

  2. колданбалы (кәделі) программалық жабдықтама.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.

Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

1 операциялық жүйелер;

2 утилиттер;

3 сервистік программалар.

Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады
Тапсырма:

Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:



  1. Программалық жабдықтама

  2. Операциялық жүйелер

  3. Сервистік программалар

  4. Ойын программалары


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сұрақтарына жауаптарды ұсынылатын әдібиеттерді бпайдаланып жазыңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

  6. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

  7. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.

  8. Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996 г.



Сұрақтар:

  1. Қандай ойын программаларын білесіздер?

  2. Оқу орындарыңызда қандай операциялық жүйелерді пайдаланылады?

  3. Мәтін редакторлары мен графикалық редакторлар не үшін қажет?

  4. Электрондық кестелер қандай қызмет атқарады?

  5. Жаңа ақпараттық технологиялар ұғымын қалай түсінесіз?


Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Windows ОЖ.
Мақсаты: Файлдармен, каталогтармен, дискілермен жұмыс. Мәліметтермен алмасуды ұйымдастыру. Проводник программасы. Қолданбалы және қызметтік бағыттағы стандартты қосымшалармен жұмыс жасау
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Windows операциялық жүйесі, Проводник программасы, стандартты қосымшалары


Теориялық түсініктеме:

Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең гараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады. Дербес компьютерлерлерге арналған операциялык жүйежрдің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жүмыс істеуін елестету қиын ғой.

Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жүмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесіболатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төменділігімен түсіндіруге болады.



WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

- файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

- колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WIN

DOWS жүйесі:

- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

- әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;

- масштабталатын қаріптерді қолдауды;

- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары

Терезе - WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, WINDOWS сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. WINDOWS терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді.

Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденен сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбүрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметгер, басқа кішігірім терезелер және т. б.

Жұмыс столы - екінші негізгі үғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер (WINDOWS, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т. б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр Түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр.



Белгіше/(Ісоп) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:

- қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;

- белгілі бір топтар белгішесі;

- функциялар белгішесі.



Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалык файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады.

Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине, мүндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, кошіру және т. б.).


Тапсырма:

1 тапсырма

Жұмыс үстелінде орналасқан объектілердің қызметі туралы ақпарат алыңыз.



2 тапсырма

Менің компьютерім терезесін ашыңыз, жабыңыз.



3 тапсырма.

Менің компютерім және себет обьектілерінің жанама менюінің мазмұнын анықтаңдар.



4 тапсырма.

Менің компьютерім белгсінің орнын ауыстырыңыз. Менің компьютерім терезесін ашып, орнын ауыстырыңыз. Терезені жабыңыз.



5 тапсырма.

Менің компьютерім терезесінің өлшемін өзгертіңіз. Жұмыс үстелінде объектілер тобын белгілеңіз.



6-тапсырма.

Менің компьютерім обьектісіне арнайы жылжытуды қолдаңыңыз.



7-тапсырма.

Менің құжаттарым атты жаңа бума құрыңыз, оның ішіне Суреттер және Ойындар атты бума құрыңыз.



8 тапсырма

(С:) дискісінде УАҚЫТША пакасын құрыңыз оған Рисунки және Игры пакаларын орналастырыңыз. Орналасқан пакаларды ерекшелеудің әртүрін пайдалан отырып, ерекшелеуді жүргізіңіз. Алмасу буферін қолданып Рисунки және Игры папкаларын Мои документы папкасына көшіріңіз және кері әрекетті орындаңыз. Алмасу буферімен жұмыс істеу үшін жанама менюді және пернелер комбинациясын пайдаланыңыз.



9 тапсырма

Рисунки және Игры папкалырын ерекшелеп Корзинаға жойыңыз.. Жойылған папкілерді қалпына келтіріңіз. Қалпына келтірілген папкілерді КОРЗИНАҒА жібермей жойыңыз.



10 тапсырма

Проводник программа менюінің командаларын анықтаңыз.. Изменить вид значков на правой панели Проводник панелінің оң жағындағы : Крупные, Мелкие, Таблица, Список белгілерін ауыстырыңыз. Белгілерді аты, көлемі, типі, күні және құрылу уақыты бойынша сұрыптаңыз.



11 тапсырма

(С:) дискісінде УАҚЫТША папкасын құрыңыз. Мои документы папкасында Отчеты папкасын құрыңыз, соңғысының ішіне Таблицы папкасын құрыңыз. Отчеты папкасын жылжыту арқылы УАҚЫТША папкасына көшіріңіз.



12 тапсырма

Уақытша бумасын Себетке алып тастау.Проводник программасының екінші терезесін ашып, екі терезенің тек оң жақ панельдерін қолдана отырып 1,2, тапсырмаларды орындау



1 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Апару. Есептер тақтасында орналасқан ПУСК батырмасына тышқанды апарыңыз және оны біраз уақыт ұстаңыз, сол кезде қалып шығатын анықтама пайда болады, соны оқыңыз. Есептер тақтасында орналасқан уақытқа тышқан курсорын апарыңыз, сол кезде ағымдағы күнді көрсетеді. Осы тәсілді қолдана отырып, жұмыс үстелінде орналасқан барлық объектілердің қызметін анықтаңыз.

2 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Екі рет шерту.

Екі рет шерту обьектілерді қолдану үшін алынады. Мысалы, белгіге екі рет шерту осы обьектінің жүктелуіне әкеледі және құжатқа екі рет шертсе жасалған құжатта ашылады.

Тышқанның меңзерін Менің компьютерім белгісіне вапварып, сол жақ батырмамен екі рет шертіп(шертулер арасында аз уақыт аралығы өтуі мүмкін, әйтпесе, екі рет шерту жалғыз екі шертпе ретінде қабылданады)-диск белгілері, принтер және т.б. бар Менің компьютерім терезесі ашылады. Бір рет шерту арқылы «Жабу» пернесін басамыз (батырмалардың аталуын тоқтап қалу арқылы білуге болады).

Екі рет шерту арқылы мүмкін болатын бір әрекет ғана орындалады. Ол-негізгі әрекет.



3 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Оң жақ батырманы басу.

Менің компьютерім белгісіне шертсе, тура жанында жанама меню ашылады. Әртүрлі обьектілердің жанама менюінің құрамы әртүрлі болады. Менюді жабу үшін бос орынға шерту керек. Менің компьютерім жіне себеттің жанама менюлерінің құрамын салыстырыңыз.

Обьектіде, сонымен қатар Қасиеті орындалатын жанама менюде барлық әрекеттер бар. Қасиеті арқылы обьектінің қасиетін өзгертуге және қарап шығуға болады.

4 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Жылжытып апару.

Тышқанды Менің компьютерім белгсіне апарыңыз. Солжақ батырмасын ұстап тұрып, тышқан арқылы Менің компьютерім белгсін жібермей жылжытыңыз.

Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Тышқанды тақырып жолына апарып, оны басқа жерге жылжытыңыз. Терезені жабыңыз.

5 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Созу.

Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Тышқанды терезе рамкаларының біріне апарса – тышқан меңзері екі бағыттағы бағыттауыш пайда болады. Сол жақ батырмасын басып және тышқанды жылжытып, терезенің өлшемі өзгереді. Меңзерді терезенің оң жақтағы төменгі бұрышына апарып, созуды орындағаннан кейін терезенің өлшемі екі координат бойынша өзгереді. Терезені жабыңыз.

Жалпылама обьектілерді ерекшелеу үшін созылу қолданылады. Тышқанды жұмыс үстеліне апарып, тышқанның батырмасын басып және тышқанды оңға, солға қарай созыңыз-меңзер соңынан тіктөртбұрыш контуры ерекшеленеді. Контур ішінде барлық обьектілер ерекшеленеді. Ерекшелеуді алып тастаңыз. Осы операцияны алдымен сол жақ, одан кейін оң жақпен орындаңыз. Салыстырыңыз.

6 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Арнайы жылжытудың менюі.

Тышқанды Менің компьютерім обьектісіне апарып, оң жақ пернесін басып тұрып, тышқанның орнын ауыстырыңыз. Батырманы жібергенде-арнайы жылжытудың менюі ашылады. Бұл меню көптеген обьектілерге: Көшіру, Орнын ауыстыру, Сілтеме құру және Болдырмау пунктілерінен тұрады. Менің компьютерім,Себет және т.б. ерекше обьектілеріне меню пункті: Сітеме құру, және болдырмау тұрады. Болдырмау пунктін таңдап, сол жақ батырманы басыңыз.



7 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Менің компьютерім бумасын ашып, С: дискісін ашыңыз.

  2. Меню жолында шерте арқылы Файл пунктін таңдап, Құру, содан кейін Буманы (Файл-Құру-Бума). Жұмыс үстелінде Жаңа бума атты буманың белгісі пайда болады.

  3. Үлкейту батырмасы арқылы барлық терезені бүкіл экранға ашыңыз.

  4. Меню арқылы жаңа буманы (Файл-Құру-Бума) құрса-жаңа бума пайда болады.

  5. Жұмыс үстелінің бос жерінде жанама менюін ашып, Құру-Бума командасын таңдау керек. Жаңа бума пайда болады.

  6. Жанама меню арқылы жаңа бумаға ат қоға болады, мысалы, суреттер. Екінші бумаға және оның атына шертіп, меңзер арқылы атын редакртлеуге болады. Екінші бумаға Ойындар деген атты беріңіз және ENTER пернесіне басу арқылы редактрлеу режимінен шығасыз.

  7. Теренің бастапқы «Қалпына келтіру » режиміне оралыңыз.

8 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Алдын ала дискета салу арқылы немесе (D:) дискісінен қандай да бір файлды ашаңыз. УАҚЫТША деген атпен папка құрыңыз. Құрылған папканы ашыңыз. Shift пернесін басып тұрып, Игры папкасын УАҚЫТША папкасына апарыңыз. Рисунки папкасын УАҚЫТША папкасына арнайы жылжытамыз. Жылжытып болған соң, жанама менюдегі Переместить командасын орындаймыз. .

  2. УАҚЫТША папкасында Рисунки папкасын ерекшелеп, CTRL пернесін басып тұрып, Игры папкасын ерекшелеңіз, сонда екі объект ерекшеленді (топтық ерекшелеу). Ерекшелеуді алып тастаңыз. Рисунки және Игры папкалырын тышқанды жылжыту арқылы ерекшелеңіз.

  3. Ерекшеленген объектілердің бірінде жанама менюін ашып, Вырезать пунктін таңдаңыз, сонда объектілер алмасу буферіне көшеді.

  4. Мои документы папкасын ашыңыз. Жұмыс өрісінің бос аймағында жанама менюін ашып, Вставить пунктін таңдаңыз, сонда нітижесінде алмасу буферінде орналасқан объектілер Мои документы папкасына көшеді.

  5. УАҚЫТША папкасынан көшірілген папкаларды қайтарыңыз: 12,13 пунктіндегі әрекеттерді орындаңыз, ол үшін CTRL-X пернелерінің комбинацияларын қолданып, алмасу буферіне объектілерін көшіріңіз, ал буферден қою үшін CTRL-V пернелерінің комбинацияларын қолданамыз.

9 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Рисунки және Игры папкаларын ерекшелеңіз. Жанама менюді ашыңыз және Удалить пунктін таңдаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде объектілерді жоюды растаңыз. УАҚЫТША және Мои документы папкілерін жабыңыз.

  2. Корзина папкісінің терезесін ашыңыз. Оның ішінен өшірілген Рисунки және Игры папкілернің белгішелерін табыңыз. Папкаларды ерекшелеп, олардың бірінде жанаама менюді шақырыңыз. Выберите пункт Восстановить пуктін таңдаңыз. Корзинаны жабыңыз.

  3. УАҚЫТША папкасын ашыңыз. Онда қалпына келтірілген Рисунки және Игры папкаларын табыңыз. Екі папканыда ерекшелеңіз. DELETE және SHIFT пернелерінің көмегімен оларды өшіріңіз.

  4. Корзинаны ашып, жанағы SHIFT пернесінің көмегімен өшірілген объектілердің ешқайсысы түспегеніне көз жеткізіңіз.

10 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Проводник программасын жіберіңіз (Пуск|Программы|Проводник).

  2. Файл пункт менюін ашыңыз. Ақпараттың жолда пайда болатын ақпараттармен танысып, берілген пункт командаларымен танысыңыз. Пункт менюінің басқа командалармен де танысыңыз. Егер команда активті болмаса, онда қандай да бір объектіні ерекшелейміз, мысалы, папканы. Проводник панелінің оң жағындағы : Крупные, Мелкие, Таблица, Список белгілерінің түрін ауыстырыңыз.

  3. Белгілерді аты, көлемі, типі, күні және құрылу уақыты бойынша сұрыптаңыз.

11 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Сол жақ панельден (С:) дискісін табыңыз және оны диск белгішесіне шерту арқылы ашыңыз.

  2. Оң жақ тақтада УАҚЫТША папкасын құрыңыз.

  3. Оң жақ тақтада Мои документы папкасын табыңыз және осы папканы ашыңыз.

  4. Оң жақ тақтада Отчеты папкасын құрыңыз.

  5. Сол жақ тақтада Мои документы папкасындағы «+» белгісн шерту арқылы сол папканы жазыңыз. Жазу және жинау арасындағы айырмашылықтарды көріңіз. Сол жақ тақтада Отчеты папкасын табыңыз.

  6. Сол жақ тақтада Отчеты папкасын ашыңыз. Оң жақ тақтада ешқандай белгі болмауы керек, себебі бұл папканың ішіі бос.

  7. Оң жақ тақтадағы Отчеты папкасының ішіне Таблицы папкасын құрыңыз. ОТЧЕТЫ папкасының жанында «+» белгісінің пайда болғанын көресіз. Бұл папка ішінде папка бар екенің көрсетеді. Папканы жазыңыз. Торапты қайтадан «-» белгішесіне басу арқылы жабыңыз.

  8. Сол жақ тақтадан УАҚЫТША папкасын табыңыз, бірақ ашпаңыз.

  9. Жылжытуды қолдана отырып, Отчеты папкасын оң жақ тақтадан, сол жақ тақтадағы УАҚЫТША пакасына апарыңыз. УАҚЫТША пакасының түсі өзгерген кезде тышқан батырмасын жіберіңіз. Осыған ұқсас объектілер тобында көшіруге болады

  10. Сол жақ тақтадан УАҚЫТША папкасын ашыңыз. Оң жақ тақтадан осы папканың ішінде Отчеты пакасының жоқтығына көз жеткізіңіз


12 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Құралдар тақтасындағы «жоғары» батырмасын пайдаланып Уақытша бумасына және содан соң (D:) дискісіне оралыңыз.

  2. Сол жақ панельде Себетті тауып, Уақытша бумасын оның белгісіне жылжытып апарыңыз. Себетті ашып оңдағы жойылған бумалардың бар екеніне көз жеткізіңіз.

  3. Проводник терезесін ашып, жоғарыда айтылған алмастыру әрекеттерін екі терезенің тек оң жақ панельдерін қолдана отырып орындаңыз

  4. Проводник программасының екі терезесін жауып тастаңыз.

  5. Windows-пен жұмысты аяқтаңыз. (іске қосу|жұмысты аяқтау, компьютерді өшіру).


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.Информатика:

    2. Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    4. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

    5. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

    6. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.

    7. Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996 г.


Бекіту сұрақтары:

  1. Жаңа буманы қалай құрамыз?

  1. Объектінің атын өзгертудің қандай әдістерін білесіз?

  2. Объектінің дискідегі орнын қалай ауыстыруға болады?

  3. Объектілер тобын ерекшелеудің қандай әдістерін білесіз?

  4. Объектілерді жоюдың қандай әдістерін білесіз?


Зертханалық жұмыс №11

Тақырыбы: MS DOS ОЖ. Командалармен жұмыс
Мақсаты: Файлдық жүйе құрылымымен танысу. Операциялық жүйенің құрамдас бөліктері. Файлдар және каталогтармен жұмыс. Файлдарды құру және редактрлеу Файлдармен, каталогтармен, дискілермен жұмыс.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS DOS операциялық жүйесі


Теориялық түсініктеме:

MS DOS 1981 жылы Microsoft фирмасы IBM-нің тапсырысы бойынша құрылған.

MS DOS - MicroSoft Disk Operating System сөздерінің бас әріптерінен шыққан, ол Microsoft фирмасының дискілік операциялық жүйесі дегенді білдіреді.

MS DOS операциялық жүйесін жүктеу

Жүктеу жолы: «Пуск» - «Выполнить» - Command – OK.



А немесе D дисклерін қарау

Командалық жолға келесі сөзді теру керек:



Cd (бос орын) А: (дискетті қарау үшін)

Cd (бос орын) D: (D-дисклерді қарау)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет