«информатика»



бет11/32
Дата15.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#138114
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32

  • Бүкіл кестені ерекшелеп, \Таблица\Автоформат таблицы командасын шақырамыз, Сурет 7-ге ұқсас сұхбат терезені аламыз:

    .

    Сурет 7. «Автоформат таблицы» сұхбат терезесі

    «Стили таблиц:» өрісінде қажетті автоформатты таңдайық. «Образец» өрісінде нәтижесін көресіз. «Объемная таблица 2» таңдап, «Применить» батырмасын басамыз. Төмендегідей кестені аламыз:


    1. ФИО

    1. Группа

    1. Д/р

    1. Предметы

    1. Математика

    1. Информатика

    1. Экономика

    1. Философия

    1. Лингвистика

    1. 1

    1. 2

    1. 3

    1. 4

    1. 5

    1. 6

    1. 7

    1. 8

    1. Алексеева А.А

    1. 100

    1. 10.02.89

    1. 4

    1. 5

    1. 4

    1. 5

    1. 5

    1. Бесінші кестені мәтінге түрлендірейік. Ол үшін бүкіл кестені таңдап, \Таблица\Преобра­зо­вать \Таблицу в текст командасын орындайық, төмендегідей сұхбат терезені аламыз:

    Сурет 8. «Преоброзазование в ...» сұхбат терезесі

    Осыдан кейін кестенің сызықтарының орнында табуляция белгісі орналасады. Яғни, кестеміз төмендегідей түрде болады:



    1. Кестеге түрлендіруге қажетті мәтінді терейік.

    Мәтінді теру үшін төмендегідей шарттарды ескеру қажет:

    • әрбір жолдағы табуляция саны бағандар санына қарағанда бірге тең немесе одан кіші болуы қажет;

    • бос жол болмауы қажет;

    • бағандарды туралау бос орын пернесінмен жүзеге асуы керек.

    Мәтінді терудің нәтижесі төмендегідей болады:



    1. Берілген мәтіннің көшірмесін жасайық. Ол үшін бүкіл мәтінді ерекшелеп, \Правка\Копировать командасын орындаймыз, содан кейін тышқанның меңзерін мәтіннен бір жол төмен орналастырып, \Правка\Вставить командасын орындаймыз.

    2. Алынған көшірмені кестеге түрлендірейік. Ол үшін мәтінді ерекшелеп, \Таблица\Преобразовать\Текст в таблицу… командасын орындаймыз. Төмендегідей терезені аламыз:

    Сурет 9. «Преобразовать в таблицу» сұхбат терезесі

    «Разделитель» өрісінде «знак табуляции» - ды таңдаймыз:

    «Число столбцов» – 4 деп жазып, «ОК» батырмасын басамыз. Төмендегідей кестені аламыз:



    1.

    Иванов И.И.

    2000

    10.05.1968

    2.

    Петров А.В.

    3000

    02.09.1978

    3.

    Сидоров А.П.

    2500

    23.02.1971

    4.

    Васин П.Р.

    4200

    22.01.1967

    5.

    Семенов А.Н.

    3400

    15.10.1966

    6.

    Алешин П.Д.

    3400

    12.04.1965

    7.

    Савельев А.К.

    2000

    23.05.1969

    8.

    Федин С.С.

    2500

    26.07.1968



    Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

    8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


    Бекіту сұрақтары:

    1. Кесте қандай элементтерден тұрады? Мәтін ішіне кестені қалай енгізуге
      бодады?

    2. Кестенің бағанасы, қатары қалай белгіленеді?

    3. Жазылған мәтінді кесте ішіне қалай енгізуге болады?

    4. Кесте ішіндегі мәтінді басқа орынға қалай көшіреді?

    5. Кестені автоматты түрде қалай форматтауға болады?



    Зертханалық жұмыс №12.9
    Тақырыбы: MS EQUATION 3.0. объектісін пайдаланып математикалық өрнектерді енгізу
    Мақсаты: Құжатқа математикалық өрнектерді енгізуді үйрену
    Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

    Компьютер, Word мәтіндік редакторы


    Теориялық түсініктеме:

    Формулалар редактторы

    Word программасындағы формулалар редактторының (редактор формул - Equation editor) көмегiмен құжат мәтiнiне математикалық формулалар мен символдар орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектрлi мүмкiндiктердi қамтиды. Формулалар редакторының көмегiмен жазылатын объектiлерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбiрлер, көпмүшелiктер т.б. жатады және де олардың экран бетiндегi сырт бейнелерi принтеден басып шығарылатын көшiрмесiмен бiрдей болады. Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әрiптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын әрiптерге байланысты өзгертiлуi мүмкiн.

     Формулалар редакторын iске қосу

     Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрстiру → Объект → Microsoft Equation (Вставка → Объект → Microsoft Equation) менюi операцияларын орындауы керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.

    Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас (1-сурет)

    Сурет-1. Формула редакторының терезесi


    Математикалық символдар жолы

    Математикалық символдар пиктограммалары бар теңдеулер редакторы терезесiндегi жоғарғы жол негiзiнен символдар формуласына енгiзуге арналған меню болып табылады :мысалы, шексiздiк белгiсi, вектор символы, т.с.с. таңбалар жиыны. Олардың iшiнен қажеттi символдарды таңдауға және оларды формула ретiнде енгiзуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұқсастығы (үйлестiгi) бойынша жеке топтарға бiрiктiрiлiп орналастырылған. Символды кiрiстiру үшiн керектi символ тұрған өрiс элеметiн тышқан курсорымен белгiлеп көрсеткен жөн. Соның нәтижесiнде осы өрiске кiретiн символдардың толық тiзiмi ашылады. Тышқан курсорымен тiзiмдегi қажеттi символды таңдап алып, оны бiр рет шертсек, символ мәтiндегi формулалар жолын енгiзедi.

    Шаблондар жолы математикалық символдар пиктограммасынан төменде орналасқан. Оның көмегiмен мәтiндi математикалық қатынастар, амалдар мен интеграл, матрица, жақша iшiндегi өрнектер сияқты күрделi объектiлердi және т.б. енгiзуге болады. Шаблондарды мәтiнге кiрiстiру алдынғы математикалық символдарды кiрiстiру тәсiлiмен орындалады.Бiр шаблонды екiншiсiнiң iшiне қоюға болады.
    Тапсырма

    Үлгідегі математикалық формуланы енгіз.

    Теңдеулер жүйесін шеш.


    Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    Бірінші тақырыбын теріп жазып, одан соң формула жазуға көшеміз. Ол үшін, формула редакторын іске қосамыз, курсорды формула орналасатын орынға орналастырып, Вставка-Объект командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Создание астарлы бетінен Microsoft Eguation 3.0 объектісін таңдаймыз немесе жоғары тақтада формула редакторы батырмасын басу арқылы Формула сұқбат терезесін ашамыз. Осындағы қажетті элементтерді таңдау арқылы формуланы енгіземіз.






    • батырмаларын іске қосамыз, бірнеше жақша түрлері ашылады, оның ішінен фигуралы жақшаны таңдаймыз;

    • бөлшек енгізу батырмасын басып, сәйкес бөлшек түрін таңдап, бөлшектің мәнін енгіземіз;

    • көбейту белгісін таңдаймыз; одан соң бөлшекті жазамыз, бірінші өрнекті жазып болған соң, фигуралы жақшаның ішіндегі келесі жолдағы өрнекті жазу үшін пернесін басамыз, фигуралы жақшамыз созылады;

    • Келесі өрнекті теріп жазамыз;

    • Құжатқа қайту үшін Microsoft Eguation 3.0 терезесінің сыртында тышқанның сол жақ батырмасын бір шертеміз;


    Ұсынылатын әдебиеттер:

      1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

      2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

      3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

      4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

      5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

      6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

      7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

      8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


    Бекіту сұрақтары:

    1. Microsoft Eguation 3.0 объектісі не үшін қажет?

    2. Microsoft Eguation 3.0 объектісін іске қалай қосылады?

    3. Құжаттағы формуланы қалай енгіземіз?

    4. Енгізілген формуланы өзгертуге бола ма?

    5. Microsoft Eguation 3.0 объектісінің терезе компоненттерін атаңыз


    Зертханалық жұмыс №12.10
    Тақырыбы: Фигуралы текстермен жұмыс. Әртүрлі шрифтары және иллюстрацияларды пайдаланып мерекелік шақыруларды әсемдеп жасау. MS Word құжатын баспаға жіберу
    Мақсаты: Мерекелік шақыруларды жасауды үйрену
    Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

    Компьютер, Word мәтіндік редакторы


    Теориялық түсініктеме:

    1. Қарапайым графикалық элементтерді салу

    Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, т.б. геометриялық фигуралар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады. Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты түрде ауысады. Әртүрлі геометриялық фигураларды сызу үшін қосымша Сурет құралдар тақтасы пайдаланылады. Бұл құралдар тақтасында сурет салуға және графикалық объектілердің барлық түрін басқаруға, форматтауға арналған құралдар орналасқан. Осы құралдар тақтасын эқранға шығару үшіп Түр =>Cyрет командасын орындаймыз немесе стандартты құралдар тақтасындағысурет батырмасын шертеміз.





    Сурет 1. Сурет құралдар тақтасы

    Кәдімгі түзу сызықты сызу үшін Сурет саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрін тандау қажет болса, Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті сызық түрін көрсеткеннен кейін курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иілу бұрышы 15 градусқа қысқару үшін курсорды жылжыту кезінде SHIFT пернесін, ал сызық бастапқы нүктеден екі жаққа бірдсй сызылу үшін CTRL пернесін басулы күйде ұстау қажет.



    Дөңгелектер мен эллипстерді салу. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады, оны бір нүктеге бекітіп алу үшін салу кезінде CTRL пернесін басып ұстап тұрса болғаны. Шеңбер салу үшін, өлшемі кезінде SHIFT пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центірін жылжытпай бекіту мақсатында CTRL және SHIFT пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады.

    2. Автофигуралар енгізу

    Сурет құралдар тақтасындағы Автофигуралар батырмасын қолдана отырып әртүрлі фигураларды автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар. Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар, фигуралық бағыттауыштар, блок- схемалар, жұлдызшалар мен ленталар, түсініктемелер деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар бар. Кез келген фигураны Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті фигураны таңдаған соң экранда тышқан батырмасын басулы күйде жылжыту арқылы сала аламыз.



    3. Жақтау ішіне мәтін енгізу

    WORD мәтіндік редакторында жақтау мен жақтау ішіндегі мәтін «графикалық объект» ретінде қарастырылады- яғни оны бір беттен екінші бетке графикалық объектілер сияқты тасымалдауға, өлшемін өзгертуге болады. Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін:



        1. Енгізу (Вставка) менюінің Жақтаудағы жазба(Надпись) командасын орындау немесе Сурет құралдар тақтасындағы батырмасына шерту қажет;

        2. Тышқан курсорын Жақтау тұратын жерге орналастырып, тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, тік төртбұрышты жақтауды салынғанан кейін қажетті мәтінді ішіне теріп жазамыз.

    Сондай, жақтауды және оның ішіндегі мәтінді форматтау үшін, оны белгілеп алған соң жанама менюдің Жазылымның форматы... (Формат надписи) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезені пайдаланамыз. Бұл сұхбат терезе Түстер және Сызықтар, Өлшемі, Орналасуы, Айналып өтуі (Обтекание), Жазылым астарлы беттерінен тұрады.

    4. Геометриялық элементтерді бұру

    Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен кез келген элементті тік немесе келденең бағытта 90° немесе 180°-қа бұрып орналастыруға болады. Бұл мүмкіндіктерді симметриялы түрде салынған суреттер ішін қолдануға болады. Бұратын геометриялық фигураны белгілеп алғаннан кейін Іс-әрекет => Бұру/ көрсету (Повернуть/отразить) командасын орындап қажетті бұру параметрін тандау қажет.





    Сурет 2. Геометриялық фигураларды бұру/көрсету командасы

    5. Салынған суреттерді форматтау

    Бір автофигураны басқамен алмастыру мүмкіндігі бар. Алмастыратын фигураны белгілеп алған соң, Іс - әрекет >Автофигураны өзгерту командасын орындап, тізімнен қажетті фигураның түрін, одан кейін фигураның өзін таңдаймыз. Автофигураның көлемін өзгерту үшін, оны белгілегеннен кейін жан-жағында пайда болған маркерлердің қажеттісін тышқанның көмегімен жылжытамыз. Автофигураны өзгерту командасын орындаған соң, сол фигураға курсорды орналастырып, тышқанның оң батырмасын шертсек, түйіндерді қосу, өшіру өзгертуге байланысты жанама меню ашылады.

    Кез келген суретті салғаннан кейін немесе автофигураны енгізгеннен кейін оларды форматтауға болады:

    Сурет тақтасындағы Сызықтың түсі (Цвет заполнения) батырмасы көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту;

    • тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын бояу үшін Ішкі
    бояу түсі (Цвет заливки) батырмасын пайдалануға болады. Осы батырманы тышқанмен шерткенде түстерді тандауға мүмкіндік беретін
    сұхбат терезесі ашылады, онда ұсынылған нұсқалар (шаблондар) арқылы
    тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар.

    Салынған суретті толық форматтау немесе форматын өзгерту әрекеті, оның жанама менюінің Сурет форматы (Формат рисунка) командасының көмегімен жүзеге асады.



    Элементгер тобының құрылуы

    Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту үшін бірден бірнеше геометриялық элементтерді белгілеп алу қажет болуы ықтимал. Ол үшін, Сурет (Рисование) саймандар тақтасындағы (бағыттауыш бейнесі бар батырманы () басып, қажетті элементтерді камтитын тіктөртбұрыш салу керек. Элеменггерді біртіндеп те белгілеп шығуға болады. Ол үшін бірінші қажетті элементті тышқанмен шертіп, одан кейін Shift пернесін жібермей ұстап тұрып, келесі элементтердің де әрқайсысын тышқанмен шертіп отыру керек. Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса, Shift пернесін басып тұрып осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шерту жеткілікті.

    Кез келген сурет бір немесе бірнеше элементтерден тұрады. Осындай бірнеше элементтерді біріктіре отырып, оларды бір бүтін аймаққа кіретін етіп орналастырып алып түгелдей өңдеуге де болады.

    Бірнеше элементтерден тұратын топты құру үшін, алдымен оларды белгілеп алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топтау (Группировать) командасын орындау керек.



    Топтан шығару

    Қажетті бір әрекеттерді орындап болған соң, геометриялық элементтер тобын қайтадан бөлек-бөлек элементтерге жіктеуге болады. Бұл үшін сол біріктірілген топты таңдап алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топты жіктеу (Разгруппировать) командасын орындау керек.



    Мәтінге Суреттер коллекциясы программасының объектілерін енгізу

    Кірістіру - Сурет Картинкалар (Вставка - Рисунок — Картинки) командасын орындағаннан кейін, экранның оң жағында әртүрлі графикалық объектілер қосуға мүмкіндік беретін Сурет енгізу (Вставка картинки) тақтасы ашылады. Бұл терезе Клипті іздеу, Мультимедиа файлдары, Cypemmep коллекциясы тәрізді мүмкіндіктері бар жолдардан тұрады. Cypemmep коллекциясы жолын таңдап, Microsoft коллекциясы ішінен Аңдар, Адамдар, Ғимараттар, т.с.с. суреттерді табуға болады (Сурет 3). Мысалы, Ғимараттар жолын таңдасақ, суреттегідей бейне шығады. Ішінен керектісін таңдап, оны мәтін ішіне орналастыра аламыз.



    Сурет 3. Графикалық шаблондардың терезесі

    Мұнда да қажетті бейнені ерекшелеп, ОК батырмасын шерту арқылы курсор тұрған жерге сол суретті енгіземіз де, керекті мәтінді тереміз. Бөлімге жаңа объект қосу үшін: Сол жақтағы тізімнен объект қосатын бөлімді белгілейміз. Клипті сыртқы ортадан aлy (импортировать клип) батырмасын шертеміз де, ашылған терезеде объект орналасқан буманы және файлды тауып Ашу батырмасын шертеміз. Түйінді сөз (ключевое слово) сұхбат терезесінде объектінін атын теріп жазамыз.

    Құжатқа бейнелі мәтін енгізу үшін:

    1. Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру;

    2. Меню қатарындағы Кірістіру =>Сурет => WordArt объекті (Вставка => Объект WordArt) командасын орындаймыз немесе Сурет салу құралдар тақтасындағы WordArt объектісін қосу батырмасында тышқанды шертеміз. Ашылған терезеде мәтінді жазу өзімізге ұнаған біреуін таңдап аламыз (Сурет 4) да, Ok батырмасын шертеміз.

    3. WordArt мәтінін өзгерту терезесі ашылады (Сурет 5). Осы терезеде қажетті мәтінді, оның форматын көрсете отырып, теріп жазамыз да, Ok батырмасын шертеміз.





    Сурет 4. «WordAr объектісінің коллекциясы» терезесі

    WordArt объектісі енгізілгеннен кейін объектіні өңдеуге арналған барлық командаларды қолдануға болады. WordArt объектісі енгізілген соң экранға онымен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін құралдар тақтасы шығады (Сурет 6). Бұл объектіні бұру, көлемін өзгерту тағы да басқа әрекеттерді орындауды жеңілдетеді. көлемін өзгерту үшін ерекшелегеннен кейін, пайда болған тіктөртбұрышты белгішелерді қажетті орынға тышқанның көмегімен жыллжытамыз. Объектіде тышқанды екі рет шертсек, Мәтінді өзгерту терезесі ашылады.





    Сypem 5. WordArt мәтінін өзгерту терезесі


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет