Екілік қосындылаушылар.
Қосындылауыш(adder – сумматор) – компьютер процессорындағы арифметикалық қосу амалын орындайтын цифрлық сұлбалардың негізгі бөлігі. Қосындылауыш екілік сандармен жұмыс істейтін бір разрядты қосындылауыштар тізбегінен тұрады. Байланысу тәсілдеріне қарай бір разрядты қосындылауыштар тізбекті, параллель немесе тізбекті-параллель болып, ал жасалу принципіне байланысты комбинациялық, жинақтайтын және амплитудалық түрлерге бөлінеді. Қосындылауыштар қосу амалымен қатар, алу, көбейту, бөлу және логик. операцияларды да (логикалық қосу мен көбейту және 2 модулі бойынша қосу) орындайды.
Қосындылауыш дегеніміз - екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық логикалық схема. Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалы-логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғылырында да қолданылады.
Көпразрядты екілік сандарды қосуға арналған көпразрядты екілік қосындылауыш - бірразрядты қосындылауыштардың комбинациясы. Бірразрядты косындылауыштың шартты белгілгіленуі:
Достарыңызбен бөлісу: |