Информатиканың іргелі негіздері


шаманың аты – белгіленуі өзгермейді



бет62/67
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452326
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
лекция ИТН

шаманың аты – белгіленуі өзгермейді 

  • шаманың мәні – өзгеріп отырады 

    Шама жәшік сияқты, жәшіктің сырты белгіленеді – ол аты, ішіне зат салумен беру сияқты болады.

    Шамалар программасындағы қызметіне қарай:


    1. тұрақты шамалар 

    2. айнымалы шамалар 

    Мәні алгоритмді орындау барысында өзгермейтін, алгоритм тексінде көрсетілген қалпында қала беретін шамаларды тұрақты шамалар дейді.

    Алгоритмді орындау процесінде мәндері өзгеріп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді.

    Шамалар алгоритмде қызметіне қарай бірнеше болып бөлінеді: 



    1. натурал 

    2. бүтін 

    3. нақты 

    4. литерлік 

    Кіріс деректердің кластары.

    Деректер банкіндегі қолданылатын тілдер: деректерді сипаттау тілі, деректерді түрлендіру тілі, сұраныс тілі.Деректер банкінде қолданылатын тілдер МҚ-ын жобалау және құру бойынша CODASYL америкалық коммитетимен құрырылған.

    Деректерді сипаттау тілі (DDL - Data Definition Language), абстракцияның әр түрлі деңгейлерінде (сыртқы, логикалық және ішкі) мәліметтерді сипаттауға арналған. Мәліметтер қорын сипаттау тілі сыртқы деңгейде қолданушылардың талаптарын сипаттау үшін және МҚ-ның инфологиялық үлгісін құру үшін қолданылады.

    Мәліметтер қорын сипаттау тілінің құрамында МҚБЖ-нің ерекшеліктеріне қарай келесі тілдердің кейбіреуі немесе барлығы қолданылады: схемаларды сипаттау тілі, ішкі схемаларды сипаттату тілі, сақталынатын мәліметтерді сипаттау тілі, сыртқы мәліметтерді сипаттау тілі.DDL мәліметтермен емес, мәліметтер қорының объектілерімен жұмыс жасайды. Объектілерге кесте, көрініс, индекс, тізбек (sequence), синоним жатады. DDL командалары: CREATE (объектіні құру), ALTER (объектіні өзгерту), TRUNCATE (кестедегі барлық жазбаларды жою), DROP (объектіні жою), RENAME (объектінің атын өзгерту).Мәліметтерді түрлендіру тілі (DML - Data Manipulation Language) мәліметтерді өңдеу және түрлендіру үшін қолданылады. DML базалық немесе автономды бола алады.DML екі үлкен топқа бөлінеді: процедуралық және процедуралық емес. Процедуралық тілдерді қолданғанда нәтиже алу үшін қандай әрекеттерді қандай объектілерге орындау керек екенін көрсету керек. Процедуралық емес тілдерде жауапқа қалай жету керек екені емес, жауапқа не алу керек екені көрсетіледі.Процедуралық емес тілдерге реляциондық есептеулерге негізделген тілдер жатады. Ол SQL тілі. Мәліметтерді енгізу, өзгерту және жою операциялары DML командалары болып табылады. DML командалары: INSERT, UPDATE, DELETE.Қазіргі МҚБЖ-лерінде МҚ-ындағы мәліметтерді іздеу процедурасын жеңілдету үшін сұраныс тілі қарастырылған. Кең таралған сұраныс тілдері SQL және QBE болып табылады.

    SQL (Structured Query Language – құрылымдық сұраныс тілі) сұраныс тілі 70-жылдардың басында реляциондық мәліметтер қорын басқару жүйесін құру жобасының шеңберінде IBM фирмасымен құрылған. SQL тілінің құрамы: Реляциялық операциялар. Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілінің бұйрықтары. SQL тілі кестеде сақталынатын байланысқан ақпараттар жиыны болатын мәліметтердің реляциялық қорын құруға және жұмыс жасауға мүмкіндік береді. SQL сұраныстардың көмегімен келесі негізгі операцияларды орындауға болады: мәліметтерді модификациялау(өзгерту), жазбаларды жою, жаңа жазбаларды енгізу, мәліметтердегі есептеулерді жүргізу, мәліметтерді таңдау.

    QBE тілі (Query By Example) – кесте түріндегі үлгі бойынша сұраныстар тілі. Қолданушы МҚ-ына сұранысты анықтау үшін жүйе ұсынған QBE кестесін толтыру керек және іздеу мен мәліметтерді таңдау критерийлерін анықтау қажет.

    Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.

    Деркетерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар:

    1)иерархиялық;

    2) тораптық;

    3) реляциялық.

    Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.

    Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.

    Реляциялық ДҚ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.

    Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.

    Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.

    Өсу жылдамдықтарын топтастыру



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет