Екілік кодтарды құру тәсілдері.
Басқа жүйелерге қарағанда екілік санау жүйесі компьютердітехникалық игеруіге өте қолайлы. Екілік санау жүйесінің құндылығына мыналар жатады: орындалатын операциялардың қарапайымдылығы және компьютер элементтерінің екі жағдайынғана қолдану арқылы ақпаратты автоматтандырып өңдеу мүмкіндігі.Компьютерде қолдануға екілік жүйенің басқа жүйелерден айқын басымдылығы мынадай:
жүйені техникалық игеруіге екі тұрақты қалыпты ұстайтын
техникалық құрылғыларды қолдану ыңғайлы (тоқ бар – тоқ жоқ,
магниттелген – магниттелген жоқ т.б);
ақпаратты тек қана екі тұрақты қалыпты құрылғылар арқылы
көрсету сенімділігі және бөгетке тұрақтылығы (орысша
помехоустойчиво);
ақпараттың логикалық өңдеулерін орындауға бульдік
алгебраның аппаратын қолдану мүмкіндігі;
екілік арифметиканың жеңілдігі.
Кемшілігі – разрядтар санының тез өсуі, сондықтан адамға
тұрмыста қолдануға ыңғайсыздығы (0, 1, 10, 11, 100, 101, 110, 111,
1000, 1001).
Достарыңызбен бөлісу: |