«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Мектепке арналған оқулықтар және оған қойылатын талаптарын жазыңыз



бет2/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Мектепке арналған оқулықтар және оған қойылатын талаптарын жазыңыз.

Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі мектептер үшін информатика бойынша бірқатар оқулықтар пайдаланылады. Мысалы, бастауыш мектеп үшін "Информатика. Бастауыш мектеп", орта және орта мектеп үшін - "Информатика және АКТ". Оқулықтарға қойылатын талаптар мемлекеттік стандартқа сәйкестікті, практикалық тапсырмалар мен жаттығулардың болуын, оқушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыруға бағдарлануды қамтиды.





  1. Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын сипаттаңыз.

Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бүкіл орта мектептерде оқытуды үздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері
Білім берудің тиімділігін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор оқытудағы үздіксіздік пен бірізділік болып табылады. Мұндағы үздіксіздікті жалпы білім беру барысындағы біріненбіріне жалғасып отыратын, әрбір уақыт үзігінде оқушылардың тұрақты, объективті және субъективті алға басуын қамтамасыз ететін мақсаттар жүйесі деп түсінген жӛн. Бірізділік деп білім берудің әртүрлі кезеңдері мен үлгілері арасындағы үздіксіздікті атайды.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін ӛзара үйлестіре отырып, информатиканы оқытудың екі аспектісін бӛліп айтуға болады, олар: технологиялық және жалпы білім беру аспектілері. Технологиялық жағдайда информатика білім беру әлеуетін қалыптастыру құралы ретінде қаралады. Оның міндеті –оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды қолдану ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мектептерді компьютерлермен және бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Бұған жоғары сыныптарда оқытқан жӛн.
Жалпы білім беру жағдайында информатика логикалық ойлауды дамыту, талдай білу, негізгісі мен қатыстысын айыра білу, әрекет жоспарын сипаттай алу және логикалық қорытынды шығару құралы ретінде қаралады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте компьютердің болуы міндетті емес, сондықтан мұндай оқыту курсын кез келген мектепте, кез келген шалғай жатқан қалашықта, кез келген ауылда ӛткізуге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет