«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен құралдарын тізімдеңіз



бет4/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен құралдарын тізімдеңіз.

Сабақтан тыс жұмыс – бұл негізінен оқушылар ұжымдарында мұғалімдермен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың ӛзін-ӛзі басқаруға, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте ӛткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді. Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін кӛтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілген жұмыс мысал бола алады.
Сыныптан тыс іс – шаралардың кейбір түрлері:
1. Информатика кеші;
2. Информатика бойынша сұрақ-жауап;
3. Іскерлік ойындар, сынып сағаты;
4. Информатика бойынша пікірталас;
5. Жарыс, байқау, сайыс. Сөзжұмбақ.
6. Олимпиада. Информатика бойынша үйірме;
7. Кӛріністер;
8. Информатика бойынша факультатив сабақтар;
9. Мектеп басылымы,
10. Экскурсия.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың тиімді түрі ұжымдық шығармашылық жұмыс. Ұжымдық шығармашылық жұмысты өткізудің кезеңдері:
І - кезең – мақсат қою. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай мақсат пен міндеттер қойылады.
ІІ - кезең – ұжымдық жоспарлау. Іс – шараның негізгі қызықты идеялары таңдалынып, оның ӛтілу түрі мен ұйымдастырылуы айқындалады.
ІІІ - кезең – ұйымдастыруға дайындық.
IV- кезең – жұмысты жүргізу. Жұмыс кеңесі эмоциялық қалып, қызығушылық атмосферасын шығармашылықты тудыруы үшін жағдай жасайды.
V- кезең – ұжымдық (жеке) талдау. Мұнда іс – шараның өтілу барысы мен сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады.
VІ - кезең – ұжымдық шығармашылық жұмыстың нәтижелері. Педагог мақсатқа жету жолдарын, ұйымдастырылу мен ӛтілудің барлық кезеңдеріндегі өзіндік іс – қимылын, ӛзінің кейінгі әрекетін анықтап, баға береді



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет