168
6-тарау. Жас маманға әдістемелік нұсқаулар
6.1 Жас маманның сабақты дайындауына ұсыныстар
1. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді мұқият бақылаңыз, өзіңізге
керекті сұрақтар бойынша әдебиеттер кітапнамасын жүргізіңіз.
2. Сіздің
жұмыс тәжрибеңіздің нәтижесін айқындайтын
материалдарды:
жоспарларды,
конспектілерді,
дидактикалық
құралдарды,
тапсырмаларды,
оқушылардың
шығармаларының
тақырыптарын,
олардың сұрақтарын, жауаптарын, олардың міңез-
құлықтарының бақылауларын сақтап, жинақтаңыз.
Осы ретте
өзініздің күмәндарыңызды, сәтсіздіктеріңізді белгілеп отырыңыз.
3. Өзіңіздің жинаған тәжірибеңізді жалпылау үшін арналған
тақырыпты таңдау кезінде өзіңіздің және жолдастарыңыздың жұмыс
барысында жасаған жетіспеушіліктер мен табыстарын ескеруге
тырысыңыз. Қажетті және
маңызды деген тақырыпты нақты,
мақсатты түрде таңдап, оны дәл және нақты етіп дайындаңыз.
4. Жалпылау формасын анықтаңыз. Ол баяндама немесе мақала
болуы мүмкін. Әйтсе де тәжірибені басқалай жалпылауға болады.
Мысалы:
жүйеге
өзіңіздің
әдістемелік
материалдарыңызды
(жоспарлар,
карточкалар,
схемалар,
оқушылардың
өздік
жұмыстарының формаларын), сондай-ақ оларға қысқаша түсініктеме
бере отырып келтіруіңізге болады.
5. Тақырыпқа
қысқаша жоспар жасаңыз (3-4 негізгі
сұрақтармен бірге), содан кейін тақырып бойынша тезистер құраңыз.
Жоспарға сіздің қорытындыңызға негіз болатын фактілерді еске
түсіріп, кіргізіңіз.
Жоспарыңызды қайта қарастырып, тақырыптың
негізгі идеясы мен мазмұндаманың мәнін шешіңіз.
6. Мына саты – баяндама. Алдымен дайындық сатысын
өткізіңіз. Кіріспе бөліміндегі маңыздысын іріктеп алыңыз,
сөйлемдеріңізді нақты және қысқаша түрде
құрастыруға, ғылыми
тілмен жазбауға тырысыңыз. Әдебиетті білімді қайталауға емес,
білімді тереңдетуге және бақылау мен нәтижені жүйелендіру үшін
пайдаланыңыз.
7. Өзіңіздің
іс-тәжірибеңізді
бағалап
отырыңыз.
Жетістіктеріңізді
айта
отырып,
өзіңіздің
кемшіліктеріңізді,
қиыншылықтарыңызды, қателіктеріңізді де баяндаңыз.
Жақсы
тәжірибенің өлшемі – нәтиже. Тәжірибе жөнінде әңгімеде
оқушылардың білім көрсеткішінің өсуі мен дамуы көрсетілмесе, өте
қызықсыз әңгімеге айналады.
8. Материалды қысқаша, нақты, қисынды, жүйелі түрде
баяндаңыз, қайталанудан аулақ болыңыз.
169
9.
Тақырып
бойынша
жұмыс
жасағанда
өзіңіздің
әріптестеріңізбен, ұжыммен ақылдасыңыз, қиыншылықтарыңызды,
күмәніңізді де әңгіме етіңіз. Бұл әңгіменің аяғында ақылды кеңестер
мен керекті деректер алуыңызға болады.
10. Қосымшаларды жинаңыз және тиісті түрде көркемдеңіз
(схемалар,
карталар, кестелер, оқушылардың жұмыстары, әдебиет
тізімі және т.б.).
11. Педагогикалық тәжрибені
қорытындылауда сіз маңызды
қоғамдық міндетті орындайсыз, жастарды, балаларды тәрбиелеу және
оқыту жұмыстарын әрі қарай жақсартуына себепші болатыныңызды
есте сақтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: