Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет121/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
pdf24 converted 3

Әдебиеттер
1. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.
2. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 


187 
1-қосымша 
1- кесте. Сабақтың тиімділігін сандық бағалау  
Бағалау көрсеткіштері 
Балл 
1. Сабақ мақсаты:
• дәл әрі қысқа құрастырылған;
• бағдарлама талаптарына, оқыту түріне (тереңдетілген, кәсіптік), 
тақырып бойынша сабақ орнына сәйкес келеді
2. Сабақтың түрі: Танымдық әрекет кезеңдеріне сәйкес келеді
З. Оқу материалының мазмұны
• сабақтың дидактикалық мақсатына, бағдарлама талаптарына, лицейлік 
білім беруді жоғары деңгейіне сәйкес келеді,
• ғылым мен қоғамның қазіргі даму деңгейімен, оқыту бағытымен сәйкес 
келеді;
• құбылыстардың, мәселелер мен деректердің затына тереңнен ену 
қамтамасыз етіледі;
• пәнаралық және пәнішілік байланыстырға мысалдар келтіріледі;
• Интернет ресурстары қолданылады; 
• іс жүзіндегі қателіктер мен олқылықтар болмайды
4. Оқыту әдістері:
• оқу материалының мазмұнына және сабақ мақсатына сәйкес келеді;
• оқушылардың өзіндік танымдылығы мен қызығушылығын қамтамасыз 
етеді;
• материалдың тиімді игерілуіне септігін тигізеді; 
• жіктелген амалды қолдануға, тапсырмалардың типін, түрін және 
формаларын таңдап алуға мүмкіндік береді;
• репродуктипті, конструктивті және шығармашылық әрекеттердің 
оңтайлы үйлесуін қамтамасыз етеді.
5. Танымдық әрекетті ұйымдастыру формалары: 
• жаппай, топтық, жұптық, жекеше; 
• сабақтың мазмұнына, әдістеріне және мақсаттарына сәйкес келеді;
• оқушылардың танымдық әрекетпен айналысуын қамтамасыз етеді.
6. Оқыту жабдықтары
• сынып тақтасы ұтымды пайдаланылады;
• аудиовизуалды құралдыр, басқа да дидактикалық материалдар.
7. Кері байланыс
• білімді игеру үрдісі үздіксіз бақыланады, білімге баға беріледі,
• тексеру және бағалау формалары әртүрлі , сұралғандардың саны 
біршама.
8. Сабақ уақыты 
• ұтымды және тиімді қолданылды;
• сабақ екпіні оңтайлы


188 
9. Сабақтың психологиялық жағдайы
• мазмұнды, қызықты жұмыс ұйымдастырылады;
• әдепке үйрету, сыни ескертулер жоқ;
• оқушының өзін-өзі жоғары бағалауы қалыптасады;
• мұғалімнің оптимистік, мажорлы көңіл-күйі
10. Сабақтың оқытушылық тапсырмаларын жүзеге асыру
• жетекші идеялар мен түсініктер меңгерілді; 
• алған білімдерін бекіту және бақылау кезінде оқушылардың сенімді 
және дұрыс жауап беруі;
• танымдық қызығушылықтың, пәнге деген қызығушылығының болуы
11. Сабақтың дамытушылық әсері
• күрделіліктің неғұрлым жоғары деңгейінде оқыту;
• проблемалы оқыту элементтері қолданылады;
• теориялық ойлау элементтері қалыптасады;
• талдау, синтез жасау, салыстыру, жалпылау, жүйелеу сияқты ойлау 
компоненттері қалыптасады;
• сөйлеу белсенділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі
12. Сабақтың тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыру
• мұғалім сабақтың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асырады;
• оқушылардың белсенді танымдық әрекетке енуін қамтамасыз етеді;
• білімді бағалау тәрбиелік фактор болып табылады;
• жағымды көңіл-күй басымдылық танытады;
• білімге деген жеке қатынас қалыптасады;
• эстетикалық мәдениетті дамытуға септігін тигізеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет