34
Ақпараттық
технологиялар
білім
беруді
адамзаттан
алшақтатады деген үрейдің іс жүзінде
жаны жоқ, керісінше,
компьютерлік сыныпта сабақ өткізген мұғалімдер оқушылардың
компьютермен жұмыс істеуге құмар екендігіне, талап етілген
нәтижені алған кезде қандай қуаныш сезімінде болатындығына көз
жеткізді, мұндағы басты қиындық сабақты уақытылы аяқтау болып
табылады. Техника мұғалімдердің орнын басады деген теріс түсінік
негізсіз, қайта ақпараттық технологиялар мұғалімдердей бола
алмайды да, олардың талантын, шығармашылық қабілеттерін бағалай
алмайды.
Оқушының компьютерде жұмыс
істеуі кезінде басты рөлді
мұғалім атқарады, себебі оның білімі де, тәжірибесі де мол, енді ол
оқу үрдісінің – ұйымдастырушысы, кеңесшісі, сарапшысы. Мұғалім
оқу және қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру
ережелерін ойлап
табады. Әйтсе де енді ақпаратпен алмасуда бастамашы жалғыз
мұғалім ғана емес: оқу жағдайына байланысты, ол оқу
бағдарламасына әдістемелік амалдарды, қарым-қатынас түрлерін
өзгерте алады. Оның басты міндеті, білім алудың жайлы ортасын
қалыптастыру болып табылады.
Компьютерлік технологиялар мұғалім мен оқушы арасындағы
диалог режіміне сәйкес қарым-қатынас
пен ынтымақтастықтың жаңа
амалдарын құрайды. Компьютер мен педагогикалық бағдарламалық
құралдар бұрыннан қалыптасқан қызметтерді (тренаж, мәтіндік
бақылау және т.б.) өзіне міндеттеп, мұғалімге неғұрлым
шығармашылық, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың нағыз адами
міндеттерін қалдыра отырып, мұғалімге жұмыс стилін жетілдіруге
көмек береді. Пікір-талас жүргізу,
пайымдауды мадақтау, пәнді
қолдау, оқушыларға алуан түрлі материалдарды түсіндіру кезінде
қажетті бөлшектеу деңгейін таңдай білу сияқты оқу-тәрбиелік
үрдістің маңызды компоненттерінде мұғалім әлі де (мүмкін өмір
бойы) компьютерден әлдеқайда күштірек болады. Компьютер,
мұғалімнің оқушымен және оның ата-анасымен жеке сұхбаттасуын
ауыстыра алмайтынын айтпағанда.
«Барлық пікірлер бір ғана басты тезиске келіп тіреледі:
мұғалімнің рөлі компьютерлік оқыту кезінде де сақталады,
компьютердің рөлі қай кезде де мұғалім мен оқушының сенімді әрі
жақын көмекшісі ретінде ғана болып қалады» [26],
басқа да оқыту
құралдары сияқты әдістемелік құрал болып есептеледі.
Қорыта айтқанда, компьютерлік оқыту үрдісінде басты рөлді
информатика мұғалімі атқарады, сол себепті ол жаңа жетістіктер
35
туралы тұрақты ақпаратқа, тәжірибемен алмасуға, оқытудың
материалдық базасын жақсартуға әрдайым мұқтаж болады.
Достарыңызбен бөлісу: