Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет24/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   125
pdf24 converted 3

тұғырнамасы 
 
Ұғымдарды қалыптастыру теориясы (Богоявленская, Мен-
чинская, т.б.); Гештальт теориясы; ақыл-ой әрекетін сатылы 
қалыптастыру теориясы (Гальперин, Талызина); суггестивті 
теория 
(шамадан 
тыс 
еске 
сақтауға 
жетелейтін 
эмоционалды иландыру негізінде оқыту); В.В. Давыдовтың 
және т.б. мазмұнды жалпылай теориясы.
Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді:
а) ынтымақтастық
б) ұжымдаса жұмыс істеу;
в) өзіндік бастама (иницатива); 
г) өз жұмысын бағалауға үйрету;
д) логикалық ойлау;
е) мәселелерді шеше білу;
ж) ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу. 


42 
Жоғары сыныптар үшін тиімді технологиялар: өздігінен даму 
технологиясы, модульдік оқыту технологиясы (МОТ), бағдарлап 
оқыту, ынтымақтастық, компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО). 
Орта буын сыныптарына тиімді технологиялар: түсіндіре оза 
оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, 
СТО, МОТ. 
Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы 
оқыту, білім беруді ізгілендіру, ақпаратты оқыту, зерттеу, көрнекілік 
технологиялары. 
Өздігінен даму технологиясыбаланы жан-жақты дамыту
дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау 
әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, 
сонда бала өзін өзі дамытады. Баланың: «Мынаны менің өзімнің 
жасауыма көмектесіп жібер» – деуіне жету. 
Оза оқыту технологиясында – грамматикалық ұғым, түсініктер 
тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. 
Тірек сигналы – сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі 
сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сызбаларда көбіне дерексіз 
байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Тілдік категориялар 
ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге 
болады. 
Белсенді оқыту технологиясы – оқу әрекеті арқылы үйретуші 
(мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін
шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік 
жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған 
жөн: 

сабақ 
құрылымының 
икемділігі, 
оқығаны 
бойынша 
пікірталастың болуы; 

дидактикалық 
ойындар, 
интенсивті 
өзіндік 
әрекет, 
бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру; 

жеке тұлғаға бағдарланған технологияда оқу тәрбие 
процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру; әр білім 
алушының оқу тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай туғызу 
көзделеді; 

жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір 
шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту); 

білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы 
(міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс). 

оқытудың 
жағдаяттылығы 
ұстанымы 
(тапсырманы 
орындауға жағдай туғызу). 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет