Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет56/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125
pdf24 converted 3

Бақылаудың мақсаты – кері байланысты қамтамасыз ету: 
оқушыларға белгілі бір пән бойынша білім стандарттарына (міндетті 
минимум) сәйкес білімді игерту, оны түзету деңгейін анықтау.
Бақылау оқыту процесінің негізгі құрылымының бірі болып 
есептеледі. Оқушылардың білім сапасының нәтижесі бақылау 
кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.
Бақылаудың құрылымдары болып келесілер есептеледі: 

Бақылау нәтижелерін тексеру (дұрыс немесе дұрыс емес)
және олардың өлшемдері; 

Бағалау – оқушылардың әрекетіне байқау жүргізілетін 
ұйымдастыру процесі және үлгімен (эталон) салыстырып, нәтижесі 
ретінде бағасын қою. 
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары
Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны 
құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:
Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы 
және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы 
көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және 
жобалар негізделуі керек, ал бағалау өлшемдері адекватты түрде 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік 
талаптарына негізделуі керек. 
Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық 
өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір 
оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен 
тұжырымдалады. 
«Ашық 
технология» 
бақылау 
жүйесінің 
құрылымдарын өзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды. 
Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады: 

бақылау үздіксіз болуы керек және оқытудың ең басынан 
бастап аяғына дейін жүзеге асырылады; 

бақылау оқу үрдісінің табиғи бөлімі болуы керек; 

бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек; 

бақылаудың құралдары, әдістері, нысандары, бағалау 
тәсілдері 
және 
нәтижелердің 
интерпретациялары 
бірыңғай 
мақсаттылыққа бағынулары керек; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет