Информатиканы оқытуда интерактивті тактаны колдану



Дата09.07.2016
өлшемі45 Kb.
#186663
Информатиканы оқытуда интерактивті тактаны колдану

(мұғалімнің практикасынан)
Оқу барысында практикалық сабақты өтудің мақсаты-пәнді тереңдетіп оқыту,оқушылардың оқытушымен бірігіп теориалық білімін практикада қолдану дағдарысын қалыптастыруға,олардын білімін тексеру үшін өткізіледі.

Пән мақсатына байланысты практикалық сабақта әр түрлі : рефераттар ,баяндамалар, жаттықтырушы мысалдар, эксперименттер,лабараториялық жұмыстар және т.б. талқылау әдістері қолданылады.Практикалық сабақтарда уақыт үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау және сыныппен кері байланыс жүргізу мақсатында интерактивти тақтаны пайдаланған тиімді.Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.



Ақ тақта режимі- ең қарапайым режим, бұл режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағанда және тақырыпқа қажетті жерін бегілеудермен , негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Тақтаның бұл қасиетін мысалы географиядан , тарихтан , физика және т.б пандерден сабақ жүргізгенде ынғайлы . Фон ретінде географиялық картаны , физикалық аспаптардың суретін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға , жазуга мүмкіншілік бар .

Екінші режим- Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презенрациясы болуы мүмкін. Практикалық сабақты жүргізуде қайталаудың рөлі ескерледі. Қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц – тестер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Практикалық сабақтың бұл бөлігін жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық материалдарын жақсы даярлау қажет, ол үшін интерактивтік тақтаны қолдану мүмкіншіліктеріне тоқталамыз.

Мысалы,Microsoft World құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжатта тапсырмаларда қайталап,жауаптарының дұрыс нұсқаларының немесе амалдарының дұрыс тізбегінің көрсету керек.Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің ‘төртбұрыш’ ''овал'' обьектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивтік тақтаның Office режимінде ашу кажет. Бұл режим Microsoft Office-нің барлық мүмкіншіліктерінң ұсынады. Сондаи мүмкіншіліктерінің бірі құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады (‘тік төртбұрыш’обьектісін жылжыту немесе жою аркылы және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарда пайдалану үшін сақтап қоюға болады.



Үшінші режим –тақтаның инткрактивті режимдегі жұмысы. Семинар сабақтарын жүгізуге өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған коппоненттің қолдануға болады. Бұл копонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы

құралдары құрылған құжатарға, графиктік редакторлардың немесе прогромалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет бетерінен сілтемелерді ұиымдастыруға береді. Объектідегі сілтеме беллгісі арқылы белгіленеді.

Сабақтың бұл формасын өткізуде сол сияқты әртүрлі пәндерге арналған галерея қорларын пайдаланған тиімді.Қордан алынған материалдарды мұғалім өзіне ыңғайлап өзгерте алады.

Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы сыныптың назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Запись және Воспроизведение құралы дыбыс пен бірге интерактивті тақтадағы барлық жайларды түсіруге яғни бейне файдарын құруға мүмкіншілік береді. Ондай файылдар бейнедәрістер, бейнесеминарлар, бейнеге түсірілген проблемалық есептерді шешу әдістері болады.

Шешімінде мазмұнды әдістемелік қателіктері бар есептердің шешімдеріне арналған бейнематериал даярлауға болады. Типті Қателектер таңдалуы керек. Оқушының міндеті сабақ барысында қателерді тауып, дәптерлерінде белгілеп және сабак соңында айту. Қателерді жөндеу жұмыстарын үй тапсырмасы ретінде беруге болады.



Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншілік жасайды. Бұл оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ал жеке галерея жасау, ол оқытушының да сол сияқты оқушылардың да шығармашылық жұмысын жасауын жігерлендіреді. Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет