Шеннон теоремасы (екінші): мәліметтерді каналдар бойынша беру кезінде хабарламаны кодтау қолданылады, бұнда хабарлама қаншалық терілсе, соншалықты жеткізіледі, бірақ оның берілу жылдамдығы каналдың өкізу қабілетінен аспауы керек.
Фано шарты: біркелкі емес код біркелкі декодталады, егер кодтардың еш қайсысы басқа ұзақ кодтың басталуымен сәйкес болмаса.
Файл – ақапараттарды сақтау жүйесінде сипатталатын және бір ортақ болып қарастырылатын, физикалық жазылымдардың анықталған түрде безендірілу жиынтығы.
Формальді грамматика – формальді алфавиттің ақырлы символдарының кезектескен жиынтығын сипаттайтын ережелер жүйесі.
Формальді орындаушы – алгоритм бұйрықтарын талдай алатын және қабылдай алатын субъект немесе құрылғы, соларға байланысты өзінің күйін өзгертетін және ақпараттың қадамдық өңделуін орындайтын механизмін қамтитын құрылғы.
Формальді жүйе – көптеген бар объектілер арқылы және жаңа компоненттерді құру ережелері арқылы дискретті компоненттер жиынтығын беретін математикалық модель.
Функционалды блок – қарапайым әрекет түрінде ұйымдастырылған, яғни бір немесе бірнеше шығысы бар (орындалулар бір ғана әрекеттен басталады) алгоритмнің бөлігі.
Қара жәшік – құрылысы жағынан қолданушыға таныс емес, бірақ оның реакциясы мен сырқы әрекеттесулері таныс болатын жүйе.
Өткізу жолағының ені – сигналдарды беруге арналған каналмен байланысқа қолданылатын жиіліктер интервалы.
Санау жүйесінің үнемділігі – берілген жүйеде анықталған цифрлар саны арқылы жазуға болатын сандар жиыны.
Энтропия дағдының анықталмаған мөлшері, мұнда оынң шығыстарының орташа анықталмағандығына тең болатын кездейсоқ әрекеттер көрсетіледі.
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
1-ДӘРІС. Информатика пәні және мақсаттары. Теориялық информатика.
Достарыңызбен бөлісу: |