«Информатиканың теориялық негіздері»



бет37/65
Дата22.10.2022
өлшемі0.6 Mb.
#463275
түріАнализ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
«Информатиканы теориялы негіздері»

Есептеу күрделілігі. Тиімділік анализі кей жағдайда ғана мүмкін болады. Айталық, массив элементтер саны n=2 (K=log2n) 1-сканерлеуде n-1 салыстыру жүргізіледі. Оның нәтижесінің өлшемі өлшемді ішкі тізім пайда болады. Өңдеудің келесі фазасында әрбір ішкі тізім үшін n/2 салыстыру қажет болады. Осылайша, бөлу процесі табылған ішкі тізімдер тек бір ғана элементтер тұрғанша К жүрістен кейін аяқталады. Мұндағы салыстырулардың жалпы саны мына формуламен анықталады: n*k=n*log2n. Жалпы түрдегі тізім үшін есептеу күрделілігі – О(n log2n) тең болады. Ал ең нашар жағдайда орталық элемент ең кіші элемент болғанда есептеу күрделігі O(n2) тең болады.
Сұрыпталған тізбектерді біріктіру
Екі А жіне В реттелген тізімдер берілген. Оның ұзындықтары сәйкесінше m және n. Біріктіру нәтижесінде ұзындығы m және n болатын С реттелген тізімін алу қажет. әрбір элемент бойынша біріктіру жүргізіледі. Ағымдағы өткізу нүктесі әрбір тізімнің басына орналасады. Ағымдағы нүктедегі мәндер салыстырылады. Нәтижесінде солардың кішісі массивке көшіріледі. Тізбектегі мән өңделіп болғаннан кейін келесі санға бір қадам жасалады да, салыстыру жалғастырылады.
Тізімдер алғашында реттелген болғандықтан элементтер шығатын массивке сұрыпталған ретпен көшіріледі. Тізбектің біреуі аяқталғаннан кейін келесі тізбектің қалған бөліктері яғни элементтері шығтын массивке көшіріле салады.
Сұрыпталған тізбектерді біріктіру алгоритмі

  1. Бір тізбек немесе тізбектің екеуі де біткенше келесі әрекеттерді орындау керек. Яғни, егер 1-тізбектің 1-элементі 2-тізбектің элементіне тең немесе кіші болса, онда оны шығатын тізбекке жазып қойып, 1-тізбектің келесі элементіне көшу керек. Әйтпесе, шығатын тізбекке 2-тізбектің элементін жазып, 2-тізбектің келесі элементіне көшу керек. Одан кейін шығатын тізбектің келесі элементіне көшу керек.

  2. Егер біреуі аяғына дейін өңделмесе, онда сол қалдықты шығатын тізбекке көшіру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет