Зертханалық және студиялық сабақтардың тақырыптары мен қысқаша сипаттамалары
№1 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты өлшеу. Мәтіндік ақпаратты кодтау. Сабақ мақсаты: кодтау принциптерін, ақпаратты өлшеудің негізгі бірліктерін оқып үйрену, ақпаратты көрсету дағдылардың қалыптастыру, ақпарат сандарын анықтауға есептер шығару. Қарастырылатын негізгі мәселелер: Ақпарат саны білім анықталмандығын азайтудың өлшемі ретінде. Мүмкін оқиғалардың саны К және ақпарат саны I өзара төмендегі формуламен байланысқан: K=2I Бұл формула: егер оқиғалардың саны белгілі болса, хабар санын; егер ақпарат саны белгілі болса, мүмкін оқиғалардың санын; анықтауға мүмкіндік береді
Жеке тапсырмалар
1. Кәмпит 10 қораптың біреуінде. Ақпараттық анықталмағандықты анықтаңдар.
2. Дәптер екі сөренің біреуінде - жоғарғы немесе төменгі жатыр. Ол төменгі сөреде жатады деген хабар неше бит алып жүреді?
3. Шарик А, В немесе С сауытының бірінде орналасқан. Ақпараттық анықталмағандықты анықтаңдар.
4. Шарик 32 сауыттың бірінде орналасқан. Қайсысында орналасқандығы туралы хабар неше ақпараттық бірліктен тұрады?
5. Сіздің пойызыңыз 16 жолдың қайсысынан жүретінедігін анықтау үшін қанша сұрақ және қалай қою керек?
6. 4х4 "крестілер-нөлдер" ойында екінші ойыншының бірінші жүруінен кейін бірінші ойыншы неше ақпарат санын алады.
7. Қандай да бір оқиғаны орындағаннан кейін 15 бит ақпарат алдық. Алғашқыда қанша мүмкін оқиғалар саны болды.
8. Бірінші оқиғаның ықтималдығы 0,5, ал екінші және үшінші оқиғалардың ықтималдығы 0,25. Осылардың біреуін орныдағаннан кейін қанша ақпарат санын аламыз.
9. 32 секторлы рулетка ойынында қанша ақпарат саны алынады.
№2 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Дыбыстық және графикалық ақпаратты кодтау Сабақ мақсаты: кодтау принциптерін, ақпаратты өлшеудің негізгі бірліктерін оқып үйрену, ақпаратты көрсету дағдылардың қалыптастыру, ақпарат сандарын анықтауға есептер шығару. Қарастырылатын негізгі мәселелер: Мәтіндік ақпаратты кодтау, графикалық хабарды кодтау, дыбыстық хабарды кодтау. Дәстүр бойынша, бір символды кодтау үшін саны 1 байт болатын ақпаратты қолданады, яғни I=1байт=8бит. К мүмкін оқиғалардың санын және I ақпарат санын байланыстыратын формула көмегімен неше әртүрлі символдарды кодтауға болатынын есептеуге болады (символдар - мүмкін оқиғалар есептей отырып): К = 2I = 28 = 256, яғни, мәтіндік ақпаратты өрнектеу үшін қуаттылығы 256 символ әліпби қолдануға болады. Кодтаудың мәні - әрбір символға 00000000-ден 11111111-ге дейінгі екілік кодты сәйкестікке қояды немесе 0-ден 255-ге дейінгі оған сәйкес ондық код.
Жеке тапсырмалар
1. 2048 символдан тұратын хабар көлемі Мбайттың 1/512 бөлігін құрайды. Әліпбидің қуаттылығын анықтау керек.
2. а) дыбыстық ақпаратты көрсетудің аналогтық әдісіне; б) дыбыстық ақпаратты көрсетудің дискреттік әдісіне мысал келтіріңдер.
3. а) дискредитациялау жиілігі (семплирлеу); б) семпл деген не.
4. а) дыбыстың екілік кодтау принципін; б) дыбыстың екілік кодтаудың сапасы қандай параметрлерге тәуелді екендігін сипаттап беріңдер.
5. КОИ-8 қолданып «Мама» және «Мир» сөзрдерінің қодын анықтаңдар.
6. yx xyz өрнегінің кодын жазыңдар.
7. КОИ-8 қолданып «Алматы» және «2005 жыл» сөзінің кодын және көлемін анықтаңдар.
8. Дыбыс сапасы орташа (11 бит, 24 кГц) болатын дыбыстық ұзақтығы 1 секунд болатын моноаудиофайлдың ақпараттық көлемі қандай?
9. Ұзақтығы 20 секунд 20-биттік кодтауда және дискредитациялау жиілігі 44.1 кГц болатын стереоаудиофайл көлемін есептеңдер.
10. Ескірген 8-биттік дыбыстық картаны қолданғандағы дыбыстық сигнал деңгейлерінің санын анықтау.
11. Егер машинкада басылған 2 беттік мәтін 2 бет=4000 байт орын алса, онда көлемі 500Кбайт дискіге неше бет мәтін жазуға болады.
12. 320х200 нүктелі экран үшін ақ-қара және түсті суреттің ақпараттық көлемін есептеңдер (бит, байт және килобайт өлшемімен)
Қара - ақ бейнелеу _____________
түсті бейнелеу _____________
1. Қоғамдық тамақ өнеркәсібіндегі өнімдерді есепке алу үшін мәндері төмендегідей болатын реквизиттер қолданылады: өнеркәсіп – 12 таңба, құжат номері – 3, операция коды - 2, өнімді алатын ішкі құрылым коды - 3, өнімдердің қосындысы - 7, нан, тұз және т.б. - 3, қорабтың қосындысы - 3, жеңілдіктер қосындысы - 3. Құжаттағы жолдар саны - 12. Ақпарат көлемін анықтаңдар.
2. Кредитке сатылған товарларды есепке алуды машинада өңдеуде келесі реквизиттер қолданылады: сан - 2, айы - 2, магазин - 2, операция түрі - 2, міндетке алу- тапсыру номері - 2, қосынды (қарыз немесе төленетін) - 8, ай сайынғы жарна - 2, соңғы төлену айы - 2. Ай сайынғы өңделетін алғашқы құжаттар көлемі - 22000 жол. Ай сайынғы ақпарат көлемін анықтаңдар.
3. Товарларды аналитикалық және синтетикалық есепке алудың машиналық өңделуі кезінде келесі реквизиттер қолданылады: сан – 2, айы – 2, магазин – 3, қойма - 4, операция түрі – 2, құжат номері – 4, қсынды – 9, дебет – 3, кредит – 3. Ай сайынғы өңделетін алғашқы құжаттар көлемі 1000 жолдан тұрады. Ақпарат көлемін анықтаңдар.
№3 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Санау жүйелері Сабақ мақсаты: Санау жүйелері туралы түсінік беру. Санау жүйесіндегі түрлендірулер мен ауыстыру ережелерін қарастыру. Қарастырылатын негізгі мәселелер: Студенттерге санау жүйесін меңгеруге және сандарды басқа санау жүйелеріне ауыстыра білуге үйрету. Екілік, сегіздік, ондық, оналтылық санау жүйелеріне есептер шығару.
1. Тапсырма: Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
1. 12510 2. 22910 3. 8810 4. 25510 5. 32510
2. Тапсырма: Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
1. 37,2510 2. 150,700610 3. 0,42810 4. 315,07510 5. 181,36910 3. Тапсырма: Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 1. 700610 2. 12510 3. 22910 4. 37,2510 5. 206,12510 6. 94010
4. Тапсырма: Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз. 1. 36910 2. 150,700610
3. 283,24510 4. 42810 5. 18110
5. Тапсырма: Сандарды екілік санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне аударыңыз: 1. 1101010,11002= 2. 1010110,01012= 3. 1101001102= 4. 101001102= 5. 11101,0012=
6. Тапсырма: Сандарды екілік санау жүйесінен оналтылық санау жүйесіне аударыңыз:
1. 1111101010102 = 2. 11010101001112 = 3. 100011101012 = 4. 11111,110002= 5. 10010100112
7. Тапсырма:Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру 1. 70068 2. 75248 3. 223,2458 4. 4258 5. 315,0758
8. Тапсырма: Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстырыңызар: 1. 31678 2. 450,7068 3. 253,2458 4. 138 5. 37,258
9. Тапсырма:Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстырыңызар:
1. 1A5,6F16; 2. 21C,D16; 3. C54,F816; 4. A2,B116; 5. 3D,65A16;
10. Тапсырма:Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру 1. 7D1,2116; 2. 2E6,7E16; 3. 65B,B116; 4. A57,E616; 5. 7D1,F216;
№4-5 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Логикалар алгебрасының негізгі ұғымдары Сабақ мақсаты: Студенттерге логика және логикалық амалдармен жұмыс істей білуді үйрету. Қарастырылатын негізгі мәселелер: Логика дегеніміз – адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, нақты айтқанда, дәлелді пікір заңдары туралы ғылым. Пікірлер дегеніміз – жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдаулар. Құрамды пікірлердегі ЖӘНЕ шылауы әрқашан бір мезгілдік ақиқатты болжайтын пікірлерді құрайды. Математикада НЕМЕСЕ шылауы бар құрамды пікір: егер оны құрайтындардың тіпті біреуі ғана ақиқат болса, ол ақиқат болып; егер оны құрайтындардың бәрі жалған болса, ол жалған пікір болады. ЕМЕС шылауы теріске шығаруды пішімдеу үшін қолданылады. Егер бастапқы пайымдау жалған болса, онда теріске шығару ақиқат және, керісінше егер бастапқы пайымдау әділ болса, онда теріске шығару жалған. Логикалық операциялар Логикалық шылаулар математикалық логикада күрделі пайымдауды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Математикалық логикадағы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады. «және» Конъюнкция (логикалық көбейту) А және В «немесе» Дизьюнкция (логикалық қосу) А немесе В «емес» Теріске шығару А емес
Жеке тапсырмалар
1. x= -3, y= 2, a= 10, s= true үшін xa-5y>x) xyfalse) s, логикалық өрнегінің мәнін есептеңдер.
2. S= 6, x= 11, y= -5, a= -5, t= false үшін ((S 8)(S=5))((x > a)(y 5))t, логикалық өрнегінің мәнін есептеңдер.
3. x= -3, y= 1, a= 2, b= true үшін ((x ay)(b((x+a=y)(x y))b)), логикалық өрнегінің мәнін есептеңдер.
4. x= 12, y= -8, t= true , b= false үшін (tp)((x=y-1)((x>2)(y4)p)), логикалық өрнегінің мәнін есептеңдер.
5. x= 5, y= 3, a= -2, b= 2, t= true үшін (a+x>bx)(t(y6. x= -2, y= 1, z= 2, t= true үшін ((z
№ 6-7 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Абстрактылы Пост машинасы Сабақ мақсаты: Студенттерге Пост машинасында есеп шығаруды уйрету. Қарастырылатын негізгі мәселелер: Пост машинасында есептерге программа құру. Абстрактілі Поста машинасы бірдей секцияларға бөлінген шексіз лентадан, сондай- ақ оқитын-жазатын бастиектен тұрады. Әрбір секция бос (оған ештеңе жазылмаған), немесе толтырылған (белгіленген - оған белгі жазылған) болуы мүмкін. Қай секция бос, қайсысы белгіленгендігі туралы ақпарат – лентаның қалып-күйі (басқаша айтқанда лентаның қалып-күйі – белгілерді секция бойынша үлестіру, яғни секцияның әрбір сандық номіріне немесе белгі немесе “бос” таңбасын сәйкестендіретін функция) ұғымы енгізіледі. Машинаның жұмыс процесінде лентаның күйі өзгереді. Лентаның күйі мен бастиектің жағдайы туралы ақпарат Пост машинасының күйін сипаттайды.
Жеке тапсырмалар
Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның оң жағына бірді қосатын бағдарлама жазыңдар. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның сол жағына бірді қосатын бағдарлама жазыңдар. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның оң жағынан бірді азайтатын бағдарлама жазыңдар.
Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның сол жағынан бірді азайтатын бағдарлама жазыңдар.
Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Санды 2-ге өсіретін бағдарлама жазыңдар.
Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Санды 3-ке өсіретін бағдарлама жазыңдар.
Лентаның кез келген жерінде 3 сан жазылған. Осы санның біреуінен бірді азайту бағдарлама жазыңдар.
№ 8-9 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Абстрактылы Тьюринг машинасы Сабақ мақсаты: Студенттерге Тьюринг машинасында программа құруды үйрету Қарастырылатын негізгі мәселелер: Абстрактылы Тьюринг машинасы.
Жеке тапсырмалар
1. Лентада r және t символдарынан тұратын тізбек берілген. Каретка тізбектің қандай да бір символын меңзеріп тұр. r символын t символымен, ал t символын r символымен алмастыру керек.
2. Лентада 1-ден 9-ға дейінгі бүтін сандар орналасқан. 5-тен кіші сандарды 1-ге арттырып, ал қалған сандарды 1-ге арттыру керек. Каретка сандар тізбегінің оң жағындағы бос орын символдарының бірін меңзеріп тұр.
3. Лентада a және b символдарынан тұратын тізбек берілген. Лентаға алдымен a символдарын, одан кейін b символдарын орналастырып шығу керек. Мысалы bbabaabba тізбегі берілсе, программаның нәтижесі aaabbbbb тізбегі болады. Каретка берілген тізбектің оң жағындағы бос орын ұяшықтарының бірін меңзеріп тұр.
4. Бүтін сан берілген. Егер сан 5-ке бөлінсе тізбектен кейін бір бос орын қалдырып, иә сөзі, әйтпесе жоқ сөзі жазылуы керек. Каретка санның соңғы цифрын меңзеріп тұр.
№10 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Алгоритмдерді сипаттау және формальдау тәсілдері Сабақ мақсаты: Студенттерді алгоритм ұғымымен таныстыру, блок схемамен жұмыс істей білуді үйрету. Алгоритмнің түрлері. Сызықтық алгоритм. Қарастырылатын негізгі мәселелер: алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді ЭЕМ-де орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек Алгоритмнің сипаттамасы әрқашан орындаушыға, оның командалар жүйесіне бағытталған. Алгоритмді сипаттаудың әр түрлі тәсілдері бар: • Сөзбен сипаттау; • графикалық; • формальды тілдер (математикалық формулалар, бағдарламалау тілдері); • кестелік.
Жеке тапсырмалар Алгоритмдерді сөзбен және графикалық тәсілмен сипаттаңдар. Алгоритмді қадаммен орындау кестесін келтіріңдер.
1. х-тің мәні -1-ден 1-ге дейін 0,2 қадаммен өзгергендегі y(x)=1/x функциясының мәнін есептеңдер.
2. Әрбір қабатта 4 пәтерден бар, ал пәтер номері бірінші подъезден басталады деп есептеп, тоғыз қабатты үйдің пәтер номері бойынша подъезд номері және қабатын анықтау керек.
3. Бөтелке су 45 теңге тұрады. Бос бөтелкені 20 теңгеден өткізуге болады, және алынған ақшаға қайта су сатып алынады. Егер S теңге ақша болса, ең көп дегенде қанша бөтелке су сатып алуға болады.
4. t1 температуралы v1 литр су t2 температуралы v2 литр сумен араластырылған. Алынған қоспаның көлемі мен температурасын табу керек.
5. Үш нақты сан берілген. Солардың ішіндегі (1,3) интервалына жататындарын таңдаңдар.
№11 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Тікелей қосу және тікелей таңдау көмегімен сұрыптау алгоритмдеріне талдау
жасау
Сабақ мақсаты: Студенттердің көпіршікті сұрыптау тақырыбы бойынша білімін жетілдіру, есептер шығарту. Тікелей қосу көмегімен сұрыптау Бұл әдіс карта ойынында кеңінен пайдаланылады. Элементтер ойша a1,…,aі-1 «дайын» тізбек және aі,…,an алғашқы тізбек болып бөлінеді. Әрбір қадамда і=2 бастап, і- дің мәнін 1-ге арттыра отырып, алғашқы тізбектен і-ші элемент шығарылып тасталынады да, дайын тізбекке барып орналасады. Сөйтіп, ол жаңа орынға қойылады. Сегіз кездейсоқ таңдалынған сандарды тікелей жалғау көмегімен сұрыптаудың мысалы төмендегідей:
Алғашқы кілттер
44 55 12 42 94 18 06 67 і=2
44 55 12 42 94 18 06 67 і=3
12 44 55 42 94 18 06 67 і=4
12 42 44 55 94 18 06 67 і=5
12 42 44 55 94 18 06 67 і=6
12 18 42 44 55 94 06 67 і=7
06 12 18 42 44 55 94 67 і=8
06 12 18 42 44 55 67 94
Тапсырмалар. 1. 8 7 6 4 0 3 1
2. 3 4 5 8 1 9 0 2
3. 10 3 4 8 9 1
4. 2 13 3 4 6 0 1
5. 23 4 5 1 2 6 8 9
№12 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Іздеу және таңдау алгоритмдеріне талдау жасау
Сабақ мақсаты: Студенттердің Іздеу және таңдау алгоритмдері тақырыбы бойынша білімін жетілдіру, есептер шығарту. Тікелей таңдау көмегімен сұрыптау әдісі Бұл әдіс төмендегідей принцитпке негізделген: 1. Кілті кіші элемент таңдалады; 2. ол бірінші элемент а1-мен алмастырылады; 3. осы процес қалған n-1 элементпен, n-2 элементпен және т.с.с. қайталанып, бір ең үлкен элемент қалғанша жалғаса береді.
Тапсырмалар
1. 8 7 6 4 0 3 1
2. 3 4 5 8 1 9 0 2
3. 10 3 4 8 9 1
4. 2 13 3 4 6 0 1
5. 23 4 5 1 2 6 8 9
№13 зертханалық жұмыс
Сабақ тақырыбы: Көпіршікті және шейкерлік сұрыптау алгоритмдеріне талдау жасау Сабақ мақсаты: Студенттердің көпіршікті сұрыптау тақырыбы бойынша білімін жетілдіру, есептер шығарту. Қарастырылатын негізгі мәселелер: Көпіршікті және шейкерлік сұрыптау алгоритмдеріне программа құру. Сұрыптаудың бұл тәсілінде жиымның көршілес элементтері бір-бірімен салыстырылады. Егер олар қажет ретпен орналаспаған болса, онда олардың орындарын алмастырамыз. Осы тәсілмен барлық элементтерді бір рет салыстырып шыққаннан кейін ең үлкен ең соңғы N-ші орында болады (бірінші "көпіршік" шықты). Циклдың келесі айналымы біріншіден N-1 элементке дейін орындалады және т.с.с. Барлығы N-1 салыстырылым қажет. Алмастыру арқылы сұрыптау тәсілінің есептелу күрделілігі O(N*N).
Тапсырмалар: Тізбектерді өсу реті бойынша сұрыптау керек.
1. 8 7 6 4 0 3 1
2. 3 4 5 8 1 9 0 2
3. 10 3 4 8 9 1
4. 2 13 3 4 6 0 1
5. 23 4 5 1 2 6 8 9
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ
|
БЕКІТЕМІН
«Педагогика және Психология» кафедрасының меңгерушісі
Г.К.Астемес ________________________
«____»____________20___ ж.
|
Достарыңызбен бөлісу: |