Инженерлі-технологиялық институты Су шаруашылығы және жерге орналастыру кафедрасы



бет2/7
Дата02.05.2023
өлшемі302.77 Kb.
#473085
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
DOC-20230427-WA0092.

P2 =P1 + (1.7)
2
болады.
Мұндағы: р – сұйық тығыздығы;
V – ағын жылдамдығы;
Р1 – нүктедегі статикалық қысым;
Статикалық қысымды — пьезометрлік түтікпен өлшеуге болады,онда
P P V2 h=h h = 2 1 =
 2 1 g 2g (1.8)
немесе
V = 2gh (1.9)
Көбіне екі түтік бір құрал "Гидрометриялық түтік" құрайды. Гидрометриялық түтіктер түрі, конструкциясы әртүрлі болып келгенімен,жұмыс істеу принциптері бірдей. Құрал (1.13-сурет) сұйық ағынына енгізілген гидрометриялық түтікшеден (1)және оның жоғарға жағына қосылған екі шыны түтікшеден (2) – дифференциалды пьезометрден тұрады. Шыны түтікшелердің жоғарғы жағы (3) жабдықталып, резеңке шлангтар арқылы,гидрометриялық түтікше штуцерлерімен жалғанады. Шыны түтікшелердің жоғарғы жағы,ауа сорылатын түтікпен (5) кран (4)арқылы жалғанады.Шыны түтікте (2) нониус қозғалатын дәлдігі (0,1 мм)шкала бөлінділері бар.
Түтіктің дәл көрсетуіне,құбырдағы тесік размері мен есеп алу мұқияттылығы әсер етеді.
Барлық қателіктерді ескеру үшін,есептеу формуласына түзету коэффициенті "К" енгізіледі

V=K 2gh (1.10)
"К" коэффициентінің мәні тәжірбие жүзінде анықталады.Кейде гидрометриялық түтікті өлшеу инесімен бір штангаға қосып құрастырады.Бірнеше бағыттағы жылдамдықтарды өлшеу үшін басы шар түтікшелер (штаукугель) қолданылады.
Гидрометриялық түтікшені жұмыс жағдайына келтіру үшін сумен(мүмкін болса ыстық сумен)жуады. Гидрометриялық түтікшенің түп жағын тыныш тұрған сұйыққа түсіріп, крандар (3), (4)және түтікше (5) арқылы ауа сорылады. Резіңке шлангтерді кезек-кезек қыса отырып,гидрометриялық түтікшедегі ауа шығарылады.Құралда ауаның жоқтығын және оның жұмысқа даярлығын,тыныш күйдегі су деңгейінің екі түтікте де бір биіктікке көтерілгенінен байқаймыз.
1.4 Сұйықтың өтімін өлшеуге арналған құралдар
1.4.1 Көлемдік бактер көмегімен өтімді өлшеу. Лаборатория жағдайында жиі қолданылатын,ең қарапайым және дәлірек,өтімді өлшеу тәсілдері- көлемдік және салмақтық тәсілдер.Көлемдік тәсілде,сұйық,өлшеу багіне ағады,бактің толу уақыты секундомермен анықталады.Сұйықтың өтімін есептеу төмендегі байланыстылықпен табылады
W
Q= 2 −W1
T T (1.11)
2 1
W1 және W2 – тәжірбие басындағы және соңындағы алынған бактегі сұйық көлемдері; Т1 және Т2 – тәжірбие басындағы және соңындағы секундомер көрсетуі.
Егер, сұйықтың өтімін анықтау үшін салмақ тәсілі қолданылатын болса,онда өтім ұйық салмағы (G)мен сұйықтың меншікті салмағы бойынша анықталады. Бұл жағдайда өтім төмендегі теңдікпен анықталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет