«инженерлік және компьютерлік графика»



жүктеу 0.8 Mb.
бет1/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.25/03-2013



«Инженерлік және компьютерлік графика » пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№3 басылым 09.09.2013ж 03.09.2012ж

№2 басылым орнына





    «ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА»



пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған



    ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013
мазмұны

1. Глоссарий


2. Дәрістер

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы
1. глоссарий

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

Растрлік графика-негізгі элементі нүкте болып табылатын графиканың саласы

Векторлы графика-негізгі элементі түзу болып табылатын графиканың саласы

Фрактальді графика-базалық элементі ретінде математикалық формула алынатын графиканың саласы

AutoCad сызба-графикалық жұмыстарды автоматтандыратын жүйе

Қабат-жеке-жеке элементтерді орналастыратын сызбаның бір бөлігі

Сызық салмағы – салынатын сызық қалыңдығы

Объектіні байлау-әртүрлі объектілерді бір-бірімен қандай да бір мақсатта байланыстыру

Компьютерлік графика - программалық-аппаратты есептеу комплекстері көмегімен бейнелерді құру және өндеу негізгі әдістерін зерттейтін информатиканың арнайы саласы

Пиксел – растрдың элементар нүктесі

Сызық – векторлық графиканың базалық элементі

Рендеринг – нақты бейнелерді есептеу процессі

Мультимедия – қолданушыға бірнеше канал арқылы бір уақытта әсер ету

Командалық жол – қолданушымен жүйенің байланысатын облысы

Экспорт – AutoCAD жүйесінің суреттерін басқа графикалық жүйелердің форматында сақтау

3-орбита – модельді кез-келген бағытта қозғалтатын команда

Екі өлшемді объектті қысу – биіктікті өзгерту операциясы

ISOLINES – бейнеленген беттерде жасаушы сызықтар санын көбейтетін команда

Видовой куб – AutoCAD-тың көлемді және беттік модельдердің жазықтық бейнесін айландыруға мүмкіндік беретін құрал

Штурвал – орбита бойынша айналдыру, панорамирлеу, центрлеу және зуммирлеу командаларын тез қосуға мүмкіндік беретін құрал
2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы:

№ 1-Дәріс. Графикалық мәліметтерді бейнелеу негіздері


  1. Компьютерлік графикаға кіріспе

  2. Растрлік графика

  3. Векторлік графика

  4. Фрактальді графика

  5. Үш өлшемді графикасының негізгі түсініктері

Мәліметтерді компьютер мониторында графикалық түрде бейнелеу ғылыми және әскери зерттеулерде қолданылатын үлкен ЭЕМ-ге 50-ж –да іске асырылды. Сол уақыттан бастап мәліметтерді графикалық түрде бейнелеу компьютерлік жүйелердің көбінде негізгі болып табылады.

Программалық-аппаратты есептеу комплекстері көмегімен бейнелерді құру және өндеу негізгі әдістерін зерттейтін информатиканың арнайы саласы компьютерлік графика деп аталады. Ол монитор экранында немесе сыртқы тасымалдауыштағы бейнелерді шығарудың барлық түрлерімен формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз компьютерлік әлем ғана емес, барлық шынайы өмірді де елестету мүмкін емес. Мәліметтерді визуалдау адамның өмірінің әртүрлі салаларында қолданыс табады. Мысалға медицинаны келтірейік (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер (заттың құрылысын, векторлы өрістерді визуалдау және т.б.), матаны және киімді модельдеу, тәжірибелі-конструкторлы жұмыстар.

Бейнелердің құрылу әдісіне байланысты компьютерлік графиканы растрлік, векторлы және фрактальді деп бөлуге болады.

Виртуалды кеңістікте объектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді графика жеке пән болып саналады. Мұнда бейнені құрудың векторлы және растрлік әдістері қолданылады.

Түстік қамту бойынша ақ-қара және түсті графика деп бөледі. Әртүрлі салаларда қолдану бойынша инженерлі графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлі полиграфия және т.б.

Компьютерлі, телевизионды және кино-технологиялар тоғысуында компьютерлі графиканың және анимацияның жаңа облыстары дамуда.

Компьютерлі графикада ойындар үлкен орын алады. Ойындарда мәліметтерді графикалық бейнелеу механизмі түсінігі пайда болды. Ойын программаларының нарығының айналымы оншақты миллиардпен есептеліп, графиканың және анимацияның дамуының жаңа этапы ретінде қабылданады.

Компьютерлі графика тек құрал ретінде есептеледі, оның құрылымы және әдістері фундаменталды және қолданбалы ғылымдар жетістіктеріне негізделген: математика, физика, химия, биология, статистика, программалау және т.б. Компьютерлі графика информатиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі және көптеген жағдайларда бүкіл компьютерлік индустрияны алға тартатын локомотив болып саналады.



Растрлік графика

Нүктелерден құрылған растрлік бейнелер үшін ұзындық бірлігіне келетін нүктелер санын білдіретін шешуші түсінігі маңызды. Келесі түрлерін ажыратады:



  • Оригинал шешушісі;

  • Экран бейнесінің шешушісі;

  • Баспа бейнесінің шешушісі.

Оригинал шешушісі. Шешуші дюймге келетін нүктелермен есептеледі және бейненің сапасына, файл көлеміне, бейнені құру әдісіне, файлдың форматына және т.б. параметрлерге байланысты. Сапасы жоғары болу үшін оригинал шешушісі жоғары болу керек.

Экран бейнесінің шешушісі. Бейненің экранды копиялары үшін растрдың элементарлы нүктесін пиксел деп атайды. Пикселдың мөлшері экранды шешуші, оригинал шешушісі және бейнелеу масштабына байланысты болады.

19-24 дюйм диагональді мониторлар келесі шешушілерді қамтиды: 640×480, 800×600, 1024×768, 1280×1024, 1600×1200, 1600×1280, 1920×1440, 1920×1600, 2048×1536 нүкте.



Баспа бейнесінің шешушісі. Қатты копиядағы және экрандағы растрлі бейне нүктесінің мөлшері қолданылған әдіске және оригиналды растрлеу параметрлеріне байланысты болады. Растрлеу кезінде оригиналға ұяшықтары растрдың элементтерін құратын сызықтар торы салынады. Растр торының жиілігі дюймге келетін сызықтар санымен өлшенеді және линиатура деп аталады.

Векторлық графика

Егер растрлы графикада базалық элемент болып нүкте табылса, векторлық графикада сызық саналады. Сызық математикалық тұтас объект ретінде қабылданады, сондықтан растрлік графикадан қарағанда векторлы графикада бейнелеу мәлімет көлемі аз болады.

Сызықтың келесі қасиеттері болады: форма(түзу, қисық), қалыңдығы, түсі, сызу типі(тұтас, пунктирлі). Тұйық сызықтар толтырылу қасиетіне ие болады.

Тұтас емес сызық түйін деп аталатын екі нүктемен шектеледі.

Векторлы графиканың барлық объектілері сызықтары құрылады. Мысалы, кубты 12 қосылған сызық ретінде көрсетуге болады.

Векторлы графиканың матаематикалық негіздері

Нүкте, түзу сызық, кесінді, екінші ретті сызықтар, үшінші ретті сызықтар, Безье сызығы.

Фрактальді графика

Фрактальді графика, векторлы графика сияқты математикалық формулаларға негізделген. Бірақ базалық элемент ретінде математикалық формула алынады, яғни компьютердің жадысында ешқандай объектілер болмайды, бейне тек математикалық формулаға негізделіп құрылады. Осылай қарапайым структураларды және де табиғи ландашафттарды, үшөлшемді объектілерді имитациялайтын күрделі иллюстрацияларды құрады.



Үшөлшемді графиканың негізгі түсініктері

Үш өлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлі жобалау, физикалық объектілерді компьютерлі модельдеу облыстарында қолданыс тапты. Мысал ретінде күрделі үшөлшемді модельдеу – нақты физикалық дененің қозғалысын бейнелеу.

Ол үшін:


  • Нақты формасына ұқсас объектінің виртуалды каркасын жобалап құру керек;

  • Нақтыға ұқсас виртуалды материалдарды жобалап құру керек;

  • Материалдарды объектінің әртүрлі бөліктеріне иелендіру;

  • Объект қозғалатын кеңістіктің физикалық параметрлерін жасау – жарықтандыру, гравитация, атмосфера қасиеттері, объектілердің әсерлесуін;

  • Объектілердің қозғалыс траекториясын беру;

  • Кадрлердің тізбегін анықтау;

  • Қорытынды анимациялық роликке эффекттерді жасау.

Объектінің моделін құру үшін геометриялық қарапайым фигураларын қолданады.

Күрделі математикалық модельдерді қолдану жарылыс, жауын, өрт, түтін, тұман сияқты физикалық эффектілерді имитациялауға мүмкіндік береді. Бөлшек жүйелерінің байланысын есептеу әдістері бар. Бірақ оларды толығымен қолдану көптеген есептеулер қажет етеді, сондықтан компьютерлерде қарапайым варианттары қолданылады.

Қазіргі уақыт режиміндегі үшөлшемді модельдеудің маңызды облысы – техникалық құрылғылардың тренажерлары: автокөліктер, кеме, космостық аппараттар. Бұл аппараттарды объектілердің техникалық параметрлерін және қоршаған ортаның қасиеттерін нақты бейнелеу керек. Қарапайым варианттарында транспортты құралдарды жүргізуге персоналды компьютерде тренажер арқылы іске асыруға болады.

Қазіргі күнде ең дамыған құрылғылар космостық кемелерді және әскери ұшақ аппараттарын пилоттауға мүмкіндік береді. Мұндай тренажерларда объектілерді модельдеу және визуализациялауды бірнеше арнайы графикалық станциялар іске асырады. Жүйені он және жүзшақты процессорлардан тұратын суперкомпьютер басқарады. Мұндай кешендердің құны 9 орынды сандармен есептеледі, бірақ олар тез арада өз құнын ақтайды, өйткені нақты аппараттарда үйрену ондаған есе қымбат болады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлі графика түсінігі

2. Графиканың негізгі түрлері

3. Графиканың қолдану салалары


Ұсынылатын әдебиет:

  1. AutoCad 2000 Рассоловский Н.М. Москва , 2001

  2. AutoLISP: программирование в AutoCad Кудрявцев Е.М., Москва 1999

  3. AutoCad 2000 Амура Д., Москва, 2000

  4. Пантюхин П.Я., Быков А.В. Компьютерная графика Москва, 2008

  5. Джакабаев Ж.Ж. Компьютерная графика, Алматы, 2001

  6. Тимофеев Г., Тимофеева Е. Графический дизайн, Ростов-на Дону, 2004


Лекция №2: ИМГ түрлерінің классификациясы және графикалық құралдардың қолдану салалары

  1. ИМГ түрлері

  2. Файлдар форматтары

  3. Растрлі графика форматтары

  4. Векторлы графика форматтары

Қазіргі кезде компьютерлі графика әртүрлі салаларда қолданады. Әрбір бағытқа графикалық программа немесе графикалық пакет деп аталатын арнайы программалық жабдықтау жасалады.

Ғылыми графика.

Бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Мақсаты – ғылыми зерттеулердің объектілерін визуализациялау (көрнекі бейнесін жасау), есептеулер нәтижесін графиқалық өндеу, нәтижелерін көрнекті түрде беретін есептеу эксперименттерін жүргізу.



Жұмыстық графика.

Әртүрлі мекемелердің жұмысында қолданылатын көрнекіліктерді жасауға арналған компьютерлік графиканың саласы. Жоспарлық көрсеткіштер, есептік документтер, статистикалық жиынтықтар сияқты объектілерге деловая графика көрнекті материалдар жасайды. Көбінде ол графиктер, диаграммалар.



Конструкторлық графика.

Жаңа техника жасайтын инженер -конструкторлар жұмысында қолданылады. Компьютерлі графиканың бұл түрі жобалауды автоматизациялау жүйелерінің(ЖАЖ) қажетті элементі болып саналады. ЖАЖ-да графика жобалайтын құралдардың техникалық сызбаларын дайындауға қолданылады. Графика оптималды конструкцияны, детальдердің ең тиімді жиналымын іздеу, конструкцияны өзгерткенде пайда болатын салдарды болжау. Конструкторлық графиканың құралдары арқылы жазық бейнелерді (проекциялар, қималар) және кеңістіктік, үшөлшемді бейнелерді алуға болады.



Иллюстративті графика.

Иллюстративті графиканың программалық құралдары адамға қағазға карандаш, бояу, циркуль, сызғыш көмегімен сурет салғандай, компьютер сурет салуға мүмкіндік береді. Иллюстративті графика пакетінің ешқандай өндірістік бағыты жоқ. Сондықтан олар жалпыға арналған қолданбалы программалық қамтамасыз етуге жатады.



Көркем және жарнамалық графика.

Бұл салыстырмалы түрде жаңа сала. Компьютер көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видео сабақтар, видео презентациялар және т.б. жасалады. Бұл мақсатта графикалық пакеттре компьютердің жылдамдығына және жадысына талаптар қояды. Бұл класстың графикалық пакеттерінің айырмашылығы нақты бейнелер, «қозғалатын суреттер» жасау мүмкіндігі. Нақты бейнелер жасау үшін графикалық пакеттерде күрделі математикалық аппарат қолданылады. Мысалы, үшөлшемді объектілердің суреті, қозғалыстары, әсерлесуі – геометриялық есептеулерімен байланысты. Жарықтандыруды, көлеңкені, бет фактурасын көрсету үшін оптика заңдарын ескеретін есептеулерді қажет етеді. ЭЕМ-де қозғалатын бейнелерді алу компьютерлік анимация деп аталады. «Анимация» сөзі жандандыру деген мағынаны білдіреді. Мысалы, мультфильм жасау үшін суретшілерге бір-бірінен тек біраз ғана айырмашылығы бар мыңдаған суреттер салу керек. Содан бұл суреттер кинопленкаға түсіріледі. Компьютерлік анимация жүйесі жұмыстың көптеген бөлігін өзіне алады. Суретші экранда қозғалатын объекттің бастапқы және соңғы күйлерін салады, ал барлық аралық күйлерді компьютер жасайды. Мұны жасау үшін берілген қозғалыс типін сипаттайтын математикалық аппаратты қолданады. Экранға белгілі жиілікпен шығарылатын суреттер қозғалыс иллюзиясын жасайды. Мультимедия деп қолданушыға бірнеше каналдармен әсер етуді түсінеді. Мультимедия оқыту, жарнама, ойындар саласында қолданыс тапты.



файлдар форматы

Форматтарды білу бейненің саспасын бағалауға және сақтауға дұрыс формат таңдауға мүмкіндік береді. Кейбір кезінде танымал болған форматтар қазіргі уақыт талаптарын сай емес, кейбір форматтар ешқайда қолданыс таппаған, өйткені оған программалық қамтамасыз ету жасалмаған.



Растрлік графика форматтары

Растрлік графика жұмыс нәтижелерін сақтауға ең тиімді формат tiff, PhotoShopта жұмыс жасау үшін — psd форматы қолданылады. Басқа форматтар веб-графикаға арналған немесе арнайы мақсатта қолданылады.




Кеңейтілуі

Форматтың толық атауы

Қолданысы

bmp

Windows Bitmap

Windowsтағы бейнені экранда көрсетуге арналған. Ол суреттерді жұмыс столында орналастыруға тиімді және программалық қамтамасыз етуді жасауда қолданылады (заставка, экрандық кнопкалардағы пиктограммалар). Bmpға конверттауда алғашқы файлдың сапасы сақталады, бірақ басқа мақсаттарда оптималды емес.

icо, cur, ani

Icon, Cursor, Animated

ico — белгілі мөлшерлі bmp (16x16) пиксел.

cur — сол сияқты , курсорларды шығаруға (бағыттауыш, құмдық сағаттар және т.б);

ani — анимацияланған курсор


gif

CompuServe Graphics Interface Format

Аз түсті(256 түске дейін) графиканы сақтауға арналған және оны интернетке орналастыруға арналған формат. Мәліметтерді сығып сақтайды. Экранды графикаға арналған. Мөлдір фонда бейнелер жасау, жол арқылы жүктеуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі – бірнеше бейнені бір файлда сақтау, яғни ол анимацияланған роликты веб-бетке шығаруға мүмкіндік береді.

jpg (jpe, jpeg, jif -…-)

Joint Photographics Expert Group

Қазіргі уақыттағы экранды графиканың ең тараған форматы. Сығу алгоритмі жоғары (bmp форматындағы 1,5 мб файл JPEG форматында 10-150 кб орын алады). Бұл форматта цифрлық фотоаппараттың фотосуреттері сақталады.

Растрлік графиканың сапасы бұл форматта әртүрлі болуы мүмкін (сығу коэффициентіне байланысты). Jpgда негізгі мақсат- файлдың көлемін азайту, сапасы екінші орында.



tif (tiff)

Tagged Image

Pile Format



Дайын растрлік бейнелерді сақтау және баспаға жіберу ең оптималды формат. Конверттау кезінде алғашқы бейненің сапасын толығымен сақтайды, кеңейтілуін сақтайды. Aldus және Microsoft фирмалары құрған. RGB және CMYK түсті модельдерінде TIFF форматы 16,7 млн. түсті қамтиды (24 бит).

TIFFтың бірнеше варианты және оның барлығын қамтитын программа жоқ. TIFFтың сығылмаған файлдары үйлесімді болады. TIFFтың сығылған файлдарымен жұмыс жасағанда көшіруде қиындықтар болады.



рсх

PC Paintbrush Format

Қазір сирек қолданылады, бірақ алғашында тараған болған. рсх форматы – ашық формат, сондықтан оны жөндеу, зерттеуге қолданатын.

psd

PhotoShop

Document


AdobePhotoshop документтерін сақтау форматы. Бейнені сақтайды және оны қайта түзетуге мүмкіндік береді, бейненің барлық қасиеттері туралы мәліметтерді сақтайды. Сондықтан tifтан қарағанда көп орын алуы мүмкін.

png

Portable Network Graphics Format

Сапасын жоғалтпайтын сақтау форматы. Ашық формат болып есептеледі, біраз уақытта gifты ауыстыру мүмкіндігі бар(жетіспеушілігі- анимация мүмкіндігі жоқ).

Векторлы графика форматы

Бір компьютерден екіншіге көшіргенде векторлы форматтардың барлығына келесі ескертулер актуальді:



  • Суреттегі шрифттар көшірілетін машинада орнатылған болу керек

  • Программаның жаңа версиясының пайда болғанында форматтың да жаңа ферсиясы пайда болады, яғни алдыңғы программаның версиялары бұл форматты қабылдамайды.

Кеңейтілуі

Форматтың толық атауы

Қолданысы

cdr

Corel Draw Format

CorelDrawда жасалған векторлы бейнені сақтау форматы. Файл форматы CorelDraw версиясына байланысты болады. 6 версияның файлдарын 11 версияда ашу мүмкін емес.

wmf, emf

Windows Enchanced Metafile

Жай графикаға арналған Microsoft форматы. MsOfficпен алмастыруға тиімді.

swf

Flash Shock wave

Векторлы графиканы интернетке орналастыруға арналған Macromedia Flash форматы.

ai

Adobe Illustrator

Adobe Illustrator программасының форматы. Epsтың азайтылған варианты.

еps

Encapsulated PostScript

Баспаға шығарудың өндірістік стандарты. PostScript беттерді сипаттау тіліне негізделген. Adobe фирмасы жасаған. Егер сізге бейнені QuarkXPress, Adobe Illustrator немесе PageMaker қарау программаларында сақтау керек болса, EPS форматын таңдаңыз. Ерsте векторлық және растрлік бейнені сақтауға болады

fh*

Macromedia Freehand Format

Macromedia Freehand программасының форматы, * версия номерін көрсетеді (мысалы fh8 — Freehandтың 8-версиясы).

pict

Apple PicT Format

Макростарға арналған epsтың аналогы . PC-да қолданылмайды.

Өзіндік бақылау сұрақтары:



  1. Растрлік графика форматтары

  2. Векторлық графика форматтары

Ұсынылатын әдебиет:



  1. AutoCad 2000 Рассоловский Н.М. Москва , 2001

  2. AutoLISP: программирование в AutoCad Кудрявцев Е.М., Москва 1999

  3. AutoCad 2000 Амура Д., Москва, 2000

  4. Пантюхин П.Я., Быков А.В. Компьютерная графика Москва, 2008

  5. Джакабаев Ж.Ж. Компьютерная графика, Алматы, 2001

  6. Тимофеев Г., Тимофеева Е. Графический дизайн, Ростов-на Дону, 2004

3-дәріс AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері және артықшылықтары



  1. AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері

  2. AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары

Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті AutoCad сызу жұмыстарына арналған қуатты құрал болып табылады. Ол сіздің нұсқауыңыз бойынша сізге қажетті сызбаның тез және дәл, нақты генерациясын алуды қамтамасыз етеді. Бұл программа сонымен қатар сізге сызу барысында жіберілетін қателерді оңай жөндеуге және үлкен дәлдеп түзетулерді бүкіл сызба жұмысын қайтадан құрмай-ақ орындауға мүмкіндік береді. Ол программа сызудың таза, нақты және соңғы вариантын генерациялайды. AutoCad жүйесі сіз үшін жұмыс істейді. Сызбаңызға «өзінен» ешнәрсе қоймайды. AutoCad жүйесінің көмегімен дайындалған сызба сіздің асықпай анық қолмен дайындаған сызбаңызбен ойша бірдей болып келеді. («Ойша» дейміз себебі AutoCad жүйесі өзінің мүмкіндіктеріне байланысты оның нақтылығын арттырады). Сіздің сызбаңыз нұсқауыңыз бойынша дәл болады, және әрбір элемент қалаған орныңызда дәл орналасады.

AutoCad программалар пакеті сіздің микрокомпьютеріңізге арналған қосымша сызба жұмыстарының жүйесін ұсынады. Сызба жұмысын автоматизациялаудың қосымша жүйелері өте қуатты құрал болып табылады. Есептеу жүйесінің пайдалануымен дайындалған сызбаны дайындау және модификациялаудағы жылдамдық пен жеңілдігі қолмен сызудан қарағанда көп уақыт үнемдеуін қамтамасыз етеді. AutoCad жүйесі микрокомпьютер қолданушыға бұрын тек үлкен және қымбат есептеуіш жүйелерінде ғана мүмкін болған үлкен мүмкіндіктерді береді.

Негізінен алғанда AutoCad жүйесін пайдаланғанда сызба жұмыстарына шектеу жоқ. Егер сызба қолмен дайындалған болса, ол компьютермен де генерацияланған болу керек.

Төменде жүйенің кейбір мүмкіндіктері көрсетілген:



  • барлық архитектуралық сызбалар

  • интерьерді жобалау және орналастыруды жоспарлау

  • технологиялық сызбалар және ұйымдастырылған диаграмалар

  • кез келегн қисықтар

  • электронды, химиялық, құрылыстық және машина жасаудағы қосымшаларға арналған сызбалар.

  • Графиктер, математикалық және т.б. ғылыми функцияның көрінісі.

  • Суреттер салу.

Қазіргі кезде Автокад жобалық-сызба жұмыстарының автоматизациясының стандартталынған жүйесіне дейін өсті. Компьютерлік техникалық ақпараттық құралдарының жақсы дамуы Автокадты ойлап шығарушылардың оны екі өлшемді жазық сызбалар жасауға, сонымен қатар күрделі көлемді концтрукцияларды модельдеуге, әр түрлі сандық және символдық массивтермен байланысты құрылымдық жүйелер құруға мүмкіндік туғызды. Жүйенің аты ағылшын тіліндегі қысқартылған “Automated computer Aided Drafting and Design” сөз тіркесінен алынған, аударғанда «ЭВМ көмегімен автоматизацияланған сызба салу және жобалау» және бұны былайда түсінуге болады: автоматизацияланған жобалауды программалау жүйесі.

Автоматизацияланған жобалау есептегіш техника қолданылатын бірден-бір маңызды облыс. Компьютер технологтар мен құрастырушыларға САПР толық мүмкіндігін береді, оларды қолмен жұмыс жасаудан босатады, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін САПР таратылуы баяу жүрген, оған 1-шіден себеп құрастырушы есептердің алгоритмдерінің қиындығы, 2-шіден құрастырушыға онша жақындатылмаған диолог пен компьютерлік жүйелер. Автокадпен жұмыс жасауды әр бір адам мыналарды білу керек: жүйеге қалай кіру керек, бұрын жасалған суретті қалай жүктеу керек, жаңадан қалай құру керек, оны қалай сақтау керек, түстермен, қабаттармен қалай жұмыс істеу керек т.б.

Auto CAD сызбалы - графикалық жұмыстарды автоматизациялау жүйесін басқарады. Auto CAD графикалық пакетінде сызба құруға қажетті барлық конструкторлар бар. Автоматизацияланған ортада қолмен сызу құралдары графикалық примитивтермен (нүкте, кесінді, шеңбер және т.б) оларды реттейтін командалар (өшіру, орын ауыстыру, көшіру және т.б), команданы құру примитивтері (ендік тапсырма, графикалық обьектілердің типімен түрі) сәйкес келеді. Керекті форматтағы беттерді және сызбаның масштабын таңдау үшін сызбаны баптауға сәйкес келетін командалар бар. Өлшемін алу үшін конструктор сызбаның өлшемін береді, өлшем, сызылған сызық және тіл (стрелка) және жазулар автоматты түрде орындалады.

(1 - сурет) Суретте AutoCAD – тың жұмыс экраны көрсетілген.

Бұл экранда төрт функционалдық зонаны ерекшелеуге болады:

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет