"инжиниринг және ақпараттық технологиялар" факультеті "АҚпараттық технологиялар" кафедрасы есеп беру


Негізгі бөлім 1.1 HTML тілінің атқаратын қызметі



бет2/3
Дата04.10.2023
өлшемі6.83 Mb.
#479775
1   2   3
Алишеров Т

1. Негізгі бөлім




1.1 HTML тілінің атқаратын қызметі


Web-парақтары экранда ықшамды түрде көрсетілгенімен, HTML тілін мәтіндерді пішіндеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана заводтан шыққан бір компьютерді Windows жүйесінде жұмыс істей алатын браузер бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі браузерды пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіншіліктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көсетіледі.


Ал, үшінші компьютердегі Web-парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі браузер программаларымен көретіндіктерін ескерсек,
HTML тілін мәтіндерді пішіндеу тәсілдерін жасауға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейнелеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
Мысалы егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны браузер-программа өз мүмкіншілігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтінді дербес синтезаторы арқылы берілген болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасауы да мүмкін.
HTML тілін мәтінді пішіндеу тәсілдерінің де бар екенін айта кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұнымен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.
Мысалы тілдің соңғы HTML нұсқасында мәтінді пішіндеу командаларын пайдалану ұсынылған.
HTML тәгтері(командалары)
HTML тіліннің бастапқы мәтіндерді белгілейтін командалары белгілі немесе тәг (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тәг”кіші” (<)символдарынан басталады да, “үлкен” (>) символдармен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады.
Ашылған бұрыштық жақшадан кейін команда аты болып табылатын түйінді сөз- тәг орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуына әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпте де кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі-ашады, екіншісі-жабады.
Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг –сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық симвлымен (/) басталуы тиіс.
Кейбір тәгтер өз жазылу орынына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды.
Егер тәг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып, кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Браузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет