1.Электр жетегінің негізгі сипаттамалары
Қозғалтқыштар немесе беріліс механизмдері орындаушы механизмді қозғалтады, сондықтан осы екі бөлімді жетек деп атайды. Қозғалтқыштарға су мен желдің күштері, ішкі жану қозғалтқыштары, беріліс механизмдері, білікдар, тісті дөңгелектер, іске келтіруші белбеулер және т.б. жатады.
Электр жетегі деп машинаның органдарын қозғалысқа келтіру және олардың технологиялық үрдістерін басқару үшін арналған электр механикалық құрылғыны айтады.
Егер де қозғалту үшін электр қозғалтқыштары қолданылса, онда осы түсінікті электр жетек деп атайды. Көптеген ғалымдар практикада айнымалы токта электр жетекті іске қосу нәтижесін дәлелдеген. Мысалы трансформатор электр энергиясын бірнеше қашықтықта тұрған жерге жеткізе алады. Осы құбылысты Яблочков ойлап тапқан. Сонымен қатар айнымалы токты үш фазалы жүйеде қолдану үрдісін 1890 ж Доливо-Добровольский ойлап тапқан болатын. Бұл негізінде үш фазалы асинхронды қозғалтқышты электр жетегін өндірісте кеңінен қолдануға мүмкіндік туғызды.
Электр жетегінің түрлері
.Электр жетек кәсіпорынның немесе жеке цехтың трансмиссиясын айналдыратын бу машинасын алмастырды. Жетектің бұл түрі топтық деп аталады.
Бұл электр жетегінің кемшілігі үлкен механикалық трансмиссиялардың сақталуы, олардың көмегімен механикалық энергия қозғалатын жұмысшы машиналарға және орындаушы механизмдерге таралады.
Кәсіпорындардың және цехтардың топтық электр жетегі жеке машиналардың топтық электр жетегімен ығыстырылды.
Топтық электр жетегі деп бір электр қозғалтқышынан бірнеше жұмысшы машиналар немесе бір машинаның бірнеше орындаушы механизмдері қозғалысқа келтірілетін электр жетегін айтады. Топтық электр жетекті машиналар осы уақытқа дейін кең қолданысқа ие болған.
Топтық электр жетегінің орындаушы механизмдерінің қозғалыс заңын басқару механикалық құрылғылармен (басқарылатын жалғастырғыш, беріліс қораптары және т.б.) жасалады. Соңғыларының кинематикасы күрделі болады, өйткені оларды өндіру, жасау және оларға қызмет көрсету үлкен шығындарды қажет етеді. Сол себепті электр жетегінің дамуында келесі қадам дара электр жетегін құру болып табылады.
Дара электр жетегі деп машинаның әр орындаушы механизмі жеке электр қозғалтқышымен немесе бірнеше электр қозғалтқышымен қозғалысқа келтірілетін электр жетегін айтады. Соңғы жағдайда электр жетегі дара көп қозғалтқышты деп аталады.
Электр жетегінің дамуында дара электр жетегіне ауысу сапалы болып табылады, өйткені бұл жағдайда электрлік энергияны механикалық энергияға түрлендіретін басқа электр жетегі механизмді қозғалысқа келтіретін технологиялық үрдістерді басқару функциясын орындайды.
Қазіргі заманғы электр жетегі дара автоматтандырылған электр жетегі болып табылады. Бұл электр жетегі автоматты басқару жүйесі (АБЖ) болып табылады, АБЖ-де қарапайым жағдайда электр жетегін іске қосады және токтатады, ал күрделі жағдайларда қозғалысқа келтірілетін орындаушы механизмнің технологиялық үрдісін басқарады.
Автоматтандырылған электр жетегінің қуаты бірнеше ваттан (Вт) бірнеше он мыңдаған киловаттқа (кВт) дейінгі диапазонды қамтиды. Автоматтандырылған электр жетегі басқарылатын және басқарылмайтын, тұрақты және айнымалы токты, транзисторлық және тиристорлық болып бөлінеді. Осы уақытқа дейін реттелетін электр жетегі ретінде тұрақты ток электр жетегі қолданылған. Соңғы жылдары күштік түрлендіргіш техникадағы елеулі жетістіктер сенімді реттелетін айнымалы токты транзисторлық және тиристорлық электр жетектерінің құрылуына әкелді. Айнымалы ток электр қозғалтқыштарының тұрақты ток электр қозғалтқыштарына қарағанда артықшылығы көп болғандықтан (арзанырақ, сенімді, салмақтық және өлшемдік көрсеткіштері жағынан артық және құрылымы салыстырмалы түрде қарапайым) алдағы уақытта басқарылатын айнымалы ток электр жетегінің қарқындап дамуы күтілуде. Бұған басқарылатын электр жетегіне микроүрдісорлық техниканың кең көлемде енгізілуі жағдай жасап отыр.
Машиналардың және механизмдердің кинематикалық тізбектерін қарапайымдауға ұмтылу редукторсыз электр жетектерін құруға әкеледі, мұнда редукторлықтармен салыстырғанда сенімділігі және істеу шапшаңдығы артық болады. Машинаның кинематикасын, айнымалы, тұрақты токты сызықты машиналар негізінде басқарылатын электр жетегінің қолданылуын қарапайымдатады. Бұл кезде жұмысшы органдардың қозғалысы кезінде машиналардың тиімді құрылымы үшін максималды ыңғайлықтар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |