Инжиниринг және ақпаратттық технологиялар факультеті


Электр жетегінің функциялары



бет4/6
Дата02.12.2022
өлшемі197.1 Kb.
#466299
1   2   3   4   5   6
Датчик реферат (копия) (копия) (копия) (копия) (копия)

Электр жетегінің функциялары.
Электр жетегінің күштік (энергетикалық) каналын қарастырайық (5.3-сурет). Қуат (Р) желі (Р1) арқылы жұмысшы органға (Р2) беріледі, бұл үрдіс басқарылады және беріліс пен қуатты түрлендіру күштік каналдың әр элементінде  Р шығындарымен болады деп аламыз.
Электрлік түрлендіргіштің ЭТ функциясы болып (егер ол қолданылса) қоректену көзінен (желіден) алынатын және желінің Uж кернеуімен, Iж тогымен сипатталатын электрлік энергияға түрлендіру жатады. Түрлендіргіштер басқарылмайтын (трансформатор, түзеткіш, параметрлік ток көзі) және көбінесе басқарылатын (мотор-генератор, басқарылатын түзеткіш, жиілікті түзеткіш) болады, олар біржақты (түзеткіш) және екі жақты (мотор-генератор, басқарылатын түзеткіш екі комплектілі вентильмен) өткізгіштікке ие бола алады. Түрлендіргіштің біржақты өтімділігі және энергияның кері (жүктемеден) ағыны жағдайында тежегіш энергияны “құю” үшін қосымша R резисторы қолданылады.
Электр механикалық түрлендіргіш ЭМТ әр уақытта электр жетегінде болады, электрлік энергияны (U,I) механикалық энергияға (М,  ) және керісінше түрлендіреді.



5.3-сурет. Энергетикалық канал


Механикалық түрлендіргіш (беріліс) – редуктор, бұрама-сомын жұбы, блоктар жүйесі, қос иінді-бұлғақты механизм және т.с.с. қозғалтқыштың М моментін және  жылдамдығын технологиялық машинаның жұмысшы органының Мм моментімен (Fм күшімен) және wм жылдамдығымен сәйкестендіреді.
Түрленетін энергияны сипаттайтын шамаларды – кернеулер, токтар, моменттер (күштер), жылдамдықтар – электр жетегінің координаталары деп аталады.
Электр жетегінің негізгі функциясы координаталарды басқаруда, яғни олардың қызмет көрсетілетін технологиялық үрдістің талабына сәйкес мәжбүрлік бағытталған өзгерісінде. Координаталарды басқару электр жетегінің элементтерінің құрылымының рұқсат етілген шегінде ғана жасалуы керек, осы арқылы жүйенің жұмысының сенімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл рұқсат етілген шектер жабдықты жасағандармен және оның тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін координаталардың номиналды мәндерімен байланысты.
Дұрыс ұйымдастырылған жүйеде координаталарды басқару (энергия ағынын) кезінде барлық элементте  Р шығындары азайту керек және жұмысшы органға сол кездегі қажетті қуат берілуі керек.
Бұл сұрақтар – әр түрлі электр жетектерінің қасиеттері мен сипаттамалары, олардың координаталарын орныққан – статикалық - өтпелі – динамикалық режимдерде қалай дұрыс басқару, энергетикалық қасиеттерін қалай бағалау және электр жетегінің күштік бөлімін қалай дұрыс жобалау – курстың негізгі мәні болады.
Курста электр жетегінің ақпараттық каналына тиісті қызықты және қарапайым емес мәселелер қарастырылмайды: біз қазіргі заманғы техникалық құрылғылар кез келген қажетті әсерлерді қамтамасыз ете алады деп есептейміз және практика жүзінде қалайша асырылатынына емес, электр жетегін басқару жүйесі не істеу керек, соған баса көңіл аударамыз.
Электр жетегінің күштік бөлімінің құрылымына жай қарағанның өзінен оқу нысанының күрделі екендігін түсінуге болады (5.1.2-сурет): әр текті элементтер – электрлік және электрондық, механикалық, басқаруға қажет қарапайым емес үрдістер, және т.с.с. Пәнді оқыту кезіндегі нәтиже – негізгі құбылыстарды терең түсіну және қарапайым, бірақ практика үшін маңызды есептерді шығара білу – тек шарттар орындалғаннан кейін ғана іске асырылатыны анық.
Біріншіден, өте күрделі объектілердің реалды модельдерімен жұмыс істеуді үйрену керек, яғни реалды объектінің оқытылатын қасиеттері бейнеленетін жасанды қарапайым нысандармен жұмыс істеуді үйрену керек.
Екіншіден, не қажет және қаншалықты қажет екендігін бейнелейтін, артық емес, бірақ жаман да емес тек жақсы модельдерді қолдануға ұмтылу керек. Бұл оңай емес және оған айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Үшіншіден, сол немесе одан басқа модель алынған шарттар қатаң болу керек. Егер олай болмаса, онда нәтижелерінде ешқандай мән болмауы мүмкін.
Сонымен, негізгіні таңдап, қосалқыны (жекені) алып тастай білу керек. Негізгі принциптерді, өлшемдерінің сәйкестігін, бас қатынастарын, заңдылықтарын терең түсіну және практикада қолдана білу – курстың негізгі мақсаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет