«Инновация» терминіне анықтама беріңіз Инновация


Инновациялық әдіс-тәсілдердің кітапханада қолданылуы



бет2/6
Дата13.10.2022
өлшемі32.09 Kb.
#462594
1   2   3   4   5   6
1 аралық бақылау

Инновациялық әдіс-тәсілдердің кітапханада қолданылуы
«АБАЙДЫ ОҚИТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Абай дефилесінің сценарийі
Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлеміне тылсым сырларына үңілту; «Сөз патшасы – өлең» құдыретінің асыл сөз маржандарының бойларына сіңірту, ой – қиялдарын поэзия әлеміне енгізу; Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой–толғауларын насихаттау;
(Оқу залының ортасына сағат бейнесі бейнеленген. Сағат тілі бойынша шығарма кейіпкерлері сахналық костюмдермен айнала тұрады.)
1–Жүргізуші:
–Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге болама, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
– деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді. Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті қауым!
2-Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді әдебиет сүйер қауім, білім нәріне құмар оқырмандар! Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдық шығармашылығына арналған «Абайды оқитын уақыт келді» атты Абай дефилесіне қош келдіңіздер!
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап– күлмес.
«Мені» мен «Менікінің» айрылғанын,
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, Абай атасынан кемеңгер болып жаратылып, анасынан дана боп, өз заманынан ойы озық туған ғұлама, халқының мұңшысы, ұлы ақыны, қазақ үшін дертті болған, сол дертінен айыға алмай, жан – жарасы жазылмай кеткен, кеудесі қайғы мен қасіретке толы қазақ тарихындағы ең ірі трагедиялық тұлға. Өз ұлтын өркендеген өнегелі елдің қатарында көруді көксеген ойшыл ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет