Инновациялық дамудағы Оңтүстік Кореяның тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіншіліктері



Дата07.07.2016
өлшемі182.33 Kb.
Инновациялық дамудағы Оңтүстік Кореяның тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіншіліктері
А.Жидебекқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Азия аймағында ғылыми-техникалық дамуда үлкен жетістікке жетіп, әлемдік қауымдастыққа экономиканы аз уақыттың ішінде жоғарғы қарқынмен дамытудың сәтті үлгісін көрсеткен елдердің бірі – Оңтүстік Корея. Бұл мемлекеттің дамуында ғылыми-техникалық саясат пен инновацияның рөлі зор. Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан индустриалдық-инновациялық даму даңғылына бет алған шақта, Оңтүстік Кореямен әріптестік пен тәжірибе алмасудың маңыздылығы басым.

Оңтүстік Корея Жапония сияқты өз ғылыми-техникалық саясатын алғашқыда басқа мемлекеттердің ғылыми жетістіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырған болатын. Ол кезде Оңтүстік Кореяда ғылыми-техникалық саясатты басқа жолмен дамыту мүмкіндігі де болмаған еді.

1948 жылы Корей үкіметі жаңадан құрылған шақта елді кедейшілік пен жұмыссыздық жайлап, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ небәрі 67$-ды құраған болатын. Ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш 31700$-ға жетіп, Корея экономикасы әлемдегі 12-орынға табан тіреді. 1960-жылдардан 1980-жылдардың соңына дейін ерекше қарқынмен дамыған Корей экономикасы жылына 8%-дық өсіммен алға басты. Сол кезеңнен бастап орын алған елеулі өзгерістерді келесі кестеден көруге болады.

1-кесте

Корея экономикасындағы түбегейлі өзгерістер [1]

Көрсеткіш

Корея үкіметі құрылғаннан кейінгі жылдар (А)

2011 ж (В)

В/А


Ағымдағы ЖІӨ (жүз млн АҚШ долларымен)

13 (1953)

11,164

859

Жан басына шаққандағы ұлттық табыс (АҚШ доллары)

67 (1953)

22,489

335

Экспорт (жүз млн АҚШ долларымен)

0,2 (1948)

5,565

27,825

Валюта қоры (жүз млн АҚШ долларымен)

0,38 (1951)

3,064

10,213

Корея Республикасындағы осындай түбегелі өзгерістердің себептері мен жету жолдарын қарастыралық. 1963 жылы президенттік сайлауда жеңіске жеткен, Корей экономикасының атасы атанған Пак Чжон Хи ел экономикасын жапон мәнеріне сәйкес қайта құруды бастады. Нақтырақ айтсақ, Пактың ойы әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болатын экспортқа бағытталған ірі компаниялар құру еді. Нәтижесінде Жапондық «дзайбатсу» үлгісімен «чебольдер» - экспортқа бағытталған көпсалалы алпауыт холдингтер – құрылды. Себебі, уақыт пен қаржылық ресурстар шектеулі болған жағдайда, барлық күш-қуатты бір орталыққа шоғырландырып, мемлекеттің айрықша қолдауымен әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болатын ірі монополияларды құру арқылы ғана бұл тығырықтан шығуға болатын еді. Пак Чжон Хи ең алдымен жоғары біліктілікті талап етпейтін, бірақ еңбек сыйымдылығы жоғары салаларда өнім өндіруді бастап, осы қызмет барысында жиналған кәсіпкерлік тәжірибені 1970-жылдары ауыр өнеркәсіп, электроникалық құралдар мен тұрмыстық техника өндірісінде табысты пайдалана білді. Чеболь ретінде негізі қаланған, ал қазіргі таңда әлемге әйгілі компанияларға Hyundai, Samsung, LG компанияларын мысал ретінде келтіруге болады.



Алайда, чебольдердің қызметі тек мемлекеттің қаржыландыруымен жүзеге асқандықтан жемқорлық деңгейі күрт өсіп, аталмыш даму үлгісі сәтсіздікке ұшырады. Мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалану салдарынан компаниялардың қарыздары күрт өсіп, нәтижесінде үкімет корей вонын девальвациялауға мәжбүр болды. Соның салдарынан 1997 жылы елде ауыр дағдарыс орын алды. Осы дағдарыстан сабақ алған Корея билігі чебольдердің құрылымына оң өзгерістер енгізіп, жүйені толық жаңғыртты. Мысалға, банктер жекешелендіріліп, чебольдердің тиімді жұмыс істеуін қадағалау күшейіп, менеджменттің сапасы кәсіби деңгейге көтеріліп, жалпы экономикалық жүйе нарықтық бағытта қызмет ете бастады.

Дағдарыстан кейін елдің жаңа басшылығы шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөліп, ШОБ субъектілеріне бизнес жүргізуге барынша қолайлы жағдайлар жасай бастады. Халықтың кәсіпкерлікпен айналысуын қолдайтын кешенді және ауқымды бағдарламаның орындалуы нәтижесінде елдегі жұмыссыздық төмендеп, әлеуметтік жағдай жақсарды. Тәуелсіздік алғаннан бастап күні бүгінге дейін Корей экономикасы қандай негізгі кезеңдерді бастан өткергенін 1-суреттен көруге болады.



1-сурет. Корея экономикасының дамуындағы басты кезеңдер

Ескерту. Зерттеу материалдары негізінде автормен құрастырылған
Қазіргі таңда Корей үкіметі ұзақ мерзімді экономикалық өсудің алғы шарты - білім мен ғылымды дамытуға ерекше назар аударуда. Елдің 408 ЖОО мен колледждерінде 3,5 млн студент білім алуда, олардың 32%-ы инженерлік мамандықта оқиды. Студенттердің саны бойынша Корея әлемде алдыңға қатарлардан көрінеді. Сонымен қатар, білім саласына, мемлекеттік қаражаттан бөлек, елдің ірі корпорациялары қайтарымсыз қомақты ақша қаражатын аударып отырады. Үкімет жоспары бойынша 2012 жылдың соңына қарай Корея ғылым мен техникасы дамыған әлемдегі ең үздік бес мемлекеттің қатарына кірмекші. Сондықтан, ғылым мен технологияның заманауи салаларына жаппай инвестициялау жүргізіліп, ҒЗТКӘ-ге ЖІӨ 3,5% бөлінеді деп жоспарлануда [3].

1999 жылдан бастап Кореяда жаңа индустрияландыру саясатының негізінде елдегі аймақтардың әлеуетін пайдалану мен аудандар арасындағы алшақтықтарды теңестіру жүргізілді. Тәжірибе ретінде елдің ең ірі қалаларындағы өнеркәсіпті қолдау шаралары қабылданды: Дэгу – тоқыма өнеркәсібі, Пусан – аяқ киім өндірісі, Кенгсаннам-до – машина жасау, Кванджу – оптикалық электроника. 2002 жылдан бастап бұл бағдарлама жалғасын тауып, өзге де қалаларды қамтып, «4+9» атауымен жүзеге асып келеді. Алғашқы 4 қалаға кейіннен қосылған 9 қала мен өзге де кішігірім аймақтар және олардың мамандану салалары 2-кестеде қарастырылған.



2-кесте

Корея Республикасындағы жаңа инновациялық экономиканың территориалдық және өндірістік құрылымы [2]

Аймақ

«4*9» бағдарламасының аясында жергілікті өндірістің негізгі салалары

Сеул қаласы

Компьютерлік технологиялар

Биоөндіріс

Сандық құрауыштар

Қаржылық және іскерлік қызметтер

Инчон қаласы

Компьютерлік технологиялар

Автомобиль жасау

Машина жасау мен металлургия

Логистика

Кенгги-до аймағы

Компьютерлік технологиялар

биоөндіріс

Мәдениет

Халықаралық логистика

Пусан қаласы

Визуалды компьютерлік технологиялар

Автобөлшектер өндірісі

Туризм

Айлақ логистикасы

Дэгу қаласы

Тоқыма өндірісі

Мехатроника (робот шығару)

Ұялы және нанақұралдар

биоөндіріс

Кванджу қаласы

Оптикалық электроника

Автобөлшектер өндірісі

Дизайн және мәдениет

Тұрмыстық техника

Дэджон қаласы

Ақпараттық технологиялар

биоөндіріс

Жоғары технологиялық материалдар өндірісі

Мехатроника (робот шығару)

Ульсан қаласы

Автомобиль жасау

Экология

Кеме шығару

Химия өндірісі

Кангвон қаласы

Медициналық құрал-жабдық шығару

биоөндіріс

Материалдардың жаңа түрін ойлап табу мен табиғи апаттардың алдын алу

Туризм

Чжончонбук-до

Жартылай өткізгіштерді шығару

биоөндіріс

Ұялы байланыс құралдары

Заманауи ұялы телефон шығару

Чжунчоннам-до

Электрондық құралдар

биоөндіріс

Автобөлшектерді шығару

Хай-тек мәдениет

Чоллабук-до

Автомобиль және машина жасау

Биоөндіріс (тамақ өнеркәсібі)

Энергияның баламалы көздері

Туризм

Чолпанам-до

Кеме жасауға арналған жаңа материалдар өндірісі

Биоөндіріс (тамақ өнеркәсібі)

Логистика

Туризм

Кенгсанбук-до

Машина жасауға арналған жаңа материалдар өндірісі

Дәстүрлі қытай медицинасы

Электроника

Туризм

Кенгсаннам-до

Зияткерлік машина жасау

Биоматериалдар жасау

Зияткерлік тұрмыстық техника өндірісі

Мехатроника (робот шығару)

Чжеджу-до

Сандық құрауыштар

Биоөндіріс (косметика жасау)

Экологиялық

Туризм

Қазақстанда Корея тәжірибесіне ұқсас аймақтарды мамандануы бойынша жіктеп, басым бағыттарды анықтау 2005 жылдан бастау алды. «Металлургия», «Көлік логистикасы», «Тоқыма өнеркәсібі», «Құрылыс материалдары», «Азық-түлік өнеркәсібі», «Туризм» және «Мұнай-газ машина жасау» сияқты жеті пилоттық кластер құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен анықталып, бекітілді. Кластерлік бастаманы сәтті іске асыру үшін заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылым элементтерін құру, инвестициялық нақты жобаларды іске асыру және кадрлық қамту мәселесін шешу бойынша жалпы жүйелік шаралар қарастырылды. Кластерлік даму аймақтардың бәсекеге қабілетін, олардың экономикалық дамуын арттыру құралы ретінде елдің аймақтық дамуының жаңа қадамы болу қажет болатын. Қазақстандық кластерлік бастаманың негізгі мақсаты индустрия саласында жеке меншік бизнес-құрылымдарды жұмылдыру негізінде экономиканың шикізат секторын дамытудағы Қазақстанның бәсекелестік артықтышылығын барынша көп пайдалану мүмкіндігін жасау болып табылды.

Қазақстандық кластерлік инициативаның аталған шаралары тұтастай алғанда жоспар бойынша іске асырылуда. Алайда, толыққанды қызмет ететін кластерлерді құруға біршама уақыт талап етілетіні айқын.

Сонымен қатар, белгілі бір аудандар немесе қалалардың қызметін оңтайландырып, бір салаға мамандандыру үшін 9 арнайы экономикалық аймақтар да құрылды. Оның ішінде үш экономикалық аймақ Индустрияландыру бағдарламасының аясында 2011 жылдың соңында нақты салалық бағыт бойынша құрылған. 2011 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Заңы қабылданып, құжат елімізге халықаралық тәжірибесі бар кәсіби басқарушы компанияларды тартуға, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік беруге бағытталды. Қазақстандағы кластерлер мен арнайы экономикалық аймақтар тізімін 3-кестеден көруге болады.


3-кесте

Қазақстандағы кластерлер мен АЭА жіктемесі [4, 5]

Кластерлер және негізгі орталықтар

Арнайы экономикалық аймақтар

Құрылыс материалдары. Алматыдағы құрғақ ерітінділер қоспасын өндіру бойынша кластер,

Астанадағы лак пен бояу өндіру бойынша кластер



«Астана – жаңа қала» Астана қаласы


Тамақ өнеркәсібі. Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Алматыдағы сүт өнімдері өндірісі кластерлері, Алматы облысындағы жеміс-жидек өндірісінің кластері

«Теңізпорт Ақтау» – Ақтау қаласы

Металлургия. Қарағандыдағы металлургиялық кластер

«Ақпараттық технологиялар паркі» – Алматы қаласы

Мұнай – газ машинасын жасау салалары. Алматы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысындағы жоғары қысым резервуарларын өндіруші кластер

«Оңтүстік» – Оңтүстік Қазақстан облысы

Көліктік логистикалық қызметтер. Алматы қаласындағы транспорт-логистикалық кластер

«Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк» - Атырау облысы

Тоқыма кластері. Шымкент, Алматы қалаларындағы тоқыма кластерлері

«Бурабай» - Бурабай демалыс зонасы

Туризм. Оңтүстік Қазақстандағы, Алматыдағы туристік кластерлер

"Қорғас-Шығыс қақпасы" – Алматы облысы

Химиялық кластер. Батыс Қазасқтан, Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан

"Сарыарқа" - Қарағанды облысы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кластері (жоба)

"Павлодар" – Павлодар облысы

Қазақстан мен Кореядағы аймаққа бөліп, мамандану мәселесін салыстырып қарайтын болсақ, Кореядағы аталмыш аймақтарды дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаржылардың жартысынан астамы инновацияларды енгізу мен еңбек ресурстарының біліктілігін арттырып, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге үйретуге жұмсалады. Шетелдің тәжірибесіне көз салсақ, кластерлік технологиялар белгілі бір аумақта, қысқа мерзімде бәсекеге қабілетті өндірісті құру кезінде үлкен нәтиже беретінін көре­міз. Бұл істе бизнес пен мемлекеттің әріп­тестігі қажет. Ал Қазақстандағы кластерлердің дамуы, өкінішке орай, материалдық базаның қалыптасуы мен кәсіпкерлерді ынталандыру сатысында қалып отыр.
Кластерлердің ішінен кө­лік-логистикалық кластер ғана белгілі бір нәтиже беруде. Туризм, тігін жә­не тағам өнеркәсібінде кластер құру сәтсіздікке ұшыраса, қалған салалардағы жұмыс әзірге дағдарып тұр.

Арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) бұл тұрғыдан қызметі табыстырақ. Мысалға, «Астана – жаңа қала» АЭА территориясында 277 объект тіркелген, «Ақтау теңіз порты» АЭА 29 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда, «Ақпараттық технологиялар паркінде 63 компания тіркеліп, «Оңтүстік» АЭА аумағында «OxyTextile» және «Хлопкопром-Целлюлоза» компанияларының екі инвестициялық жобасы орындалған. «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк» біріктірілген газ-химиялық кешен құрылысын жүргізуде. 2011 жылдың соңында арнайы экономикалық аймақтарда қатысушылар саны 3 есеге өсіп, жалпы саны 300 субъект тіркелген. Алдағы уақытта да Қазақстан Үкіметі АЭА дамыту мен қызметін жетілдіру бағытында жұмыс істейтін болады.

Оңтүстік Кореяның инновациялық экономика құрудағы басты табыстылық кілттерінің бірі – ғылым мен білімге көңіл ерекше көңіл бөлу – Қазақстан үшін жақсы үлгі бола алады. 2000-2005 жылдар аралығында Ким Тэ Джунның кезінен бастап Кореяда 7 ең маңызды сала таңдалып алынып, осы салаларға сәйкес ғылымдар қарқынды түрде оқытылып, зерттеулер жүргізіле басталды. Атап айтсақ, олар – іргелі ғылымдар, информатика, биотехнология, мехатроника, қоршаған ортаны қорғау, энергия мен материалдардың жаңа түрлерін игеру. Сонымен қатар, ғылым мен өндірістің байланысын күшейту үшін қыруар еңбек атқарылды. Соңғы онжылдықтарда әлемді таң қалдырып, нарықтық экономикадан инновация мен жаңа технологияларға негізделген экономикаға қарай секіріс жасаған Оңтүстік Корея 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамыту бағдарламасын жасап, осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін барлық жағдай жасауда.

Кесте 4

Корея Республикасының ғылымы мен техникасын дамытудың ұзақмерзімді жоспары [6]

Классификация/ Жылдар

1997

2005 

2015    

2025

ҒЗТКӘ-ге инвестициялар: Барлығы

ЖІӨ-дегі үлесі



12,8 млрд.долл. 
2,69%

20 млрд.долл.
3,0%

47 млрд.долл
3,5%

80 млрд.долл.
4,0% .

Ғылыми қызметкерлер:

Барлығы


10 мың адамға шаққанда

138438


30

196000


40

258000


50

543500


74

Патенттерді тіркеу:

Ішкі патенттер

Шетелдік патенттер

35900 


3391

128600 


17500

333600 


45400

 

-

-



Ғылым мен техноло-гияның экономикалық өсуге қосатын үлесі, %       

19

23

26

30

Басқару жүйесінің тех-нологиялық қамтамасыз етілуі; әлемдегі орны

46

25

15

7

Ғылым мен техника саласындағы бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемдегі орны

26

20

12

7


Қазақстанда да ғылым мен білімді дамыту мақсатында біраз жұмыстар жүйеге қойылған. Мысалы, ғылымды басқарудың мүлдем жаңа моделін іске асыратын «Ғылым туралы» Заң қабылданды; зерттеу университеттері мен практикаға ғылыми жетістіктерді нақты енгізуге бағытталған ЖОО-лар, Ұлттық ғылыми кеңестер мен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылуда.  Қаржыландыру көлемі де жыл сайын өсіп келеді.  2010 жылы ғылымды қаржыландыру көлемі 24,2 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы - 29,3 млрд. теңге, ал 2012 жылы 54,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға деген шығынның үлесі ішкі жалпы өнімнің 0,24 %-ын құраса, 2010-2014 жылдарға арналған инновацияны дамыту және технологиялық жаңғырту бағдарламасында бекітілгендей, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1%-ға дейін артады деп жоспарлануда. 2011 жылы мемлекет бекіткен басым бағыттар мыналар: энергетика, шикізат пен өнімді терең өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылымдар, елдің интеллектуалдық әлеуеті. Алдағы уақытта осы бағыттарды жетілдіріп, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіп, ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейге шығару мақсатында жұмыс жүргізіледі.

Қазақстан үшін тағы бір ден қоюға тұрарлық мәселе – корейлік патенттік жүйе. Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның патенттік жүйесі әлемдегі ең табыстылардың бірі болып табылады. Интеллектуалды меншік жөніндегі Кореялық ведомство (KIPO) 1997 жылдан бастап АҚШ моделінің негізінде қайта құрылды, нәтижесінде патенттерді тіркеу мен пайдалану жүйесі жетіліп, шағын және орта бизнесті дамыту мен университеттердің ғылыми өнертабыстарын өндіріске енгізуге қолайлы жағдай жасалды. Оңтүстік Кореяның дағдарысты кезеңдерден сәтті шығуының бір себебі – Жапония және АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттердің ғылым мен технологиядағы патенттерін сатып алып, өз елдерінде инновацияны дамытуға негіз жасауы. Яғни, экономиканы инновациялық бағытта дамыту үшін бар технологияны қайта ойлап табуға тырысып, зерттеулерге қыруар қаржы мен уақыт жұмсаған жоқ, әлемдегі қолданыстағы технологиялардың құпиясын сатып алып, жетілдірілген инновацияларды ойлап таба бастады. Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техника және электроника саласындағы ірі корпорациялары осыған көрнекті мысал бола алады. Дәл сол сияқты, Қазақстан үшін де ғылымды инновациялық тұрғыдан дамытып, оны өндіріспен байланыстыру үшін дайын патенттерді сатып алып, өз еліміздегі табиғи-климаттық, ресурстық факторлардың әсеріне сәйкес қайта бейімдеу әлдеқайда тиімдірек болады.

Оңтүстік Кореяның экономикасындағы айрықша жетістіктерге жету жолдарын тәжірибе барысында үйренуге, және өз елімізде қолдануға мүмкіндік көп. Себебі, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының дамуы да жедел қарқын алуда. Қазіргі кезде Қазақстанда корейлік капиталдың қатысуымен 300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, және Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының жалпы көлемі 3,4 миллиард долларды құрайды.

Сонымен қатар, 2011 жылғы 25 тамызда «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және Корея инновациялық кластерлік қоры арасында Корея-Қазақстандық технология ынтымақтастық орталығы (КҚТЫО) құрылды. Ынтымақтастықтың әлеуетін барыншы тиімді пайдалану үшін Корея Республикасының Тэджон қаласында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның және Астана қаласында Корея инновациялық кластерлік қорының өкілдіктері ашылған. Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:

1. Ақпарат тарату, инвесторлар, серіктестер және технологияларды іздеу арқылы Қазақстан Республикасы және Корея Республикасының компаниялардың арасында ынтымақтастық орнатуға жәрдемдесу;

2. Бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды үйлестіру;

3. Бірлескен инновациялық бастамаларды қолдау және ынталандыру үшін басқа шараларды өткізу [8].

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны ертеден келе жатқан достық, әріптестік қатынастар байланыстырады. Сондықтан, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында Кореямен орнатқан сауда-экономикалық байланыстары мен әріптестіктің әлеуетін пайдаланып, өз еліміздегі экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту стратегиялық мақсатына қол жеткізуге септігін тигізетін тәжірибелерін дұрыс пайдалана білуіміз қажет.
Әдебиеттер:

1. Парк Чеол-Кю. Рост экономики Кореи и рост малого и среднего бизнеса (аударма) // Сеул. 2012. 2-4 бет.

2. Д. Абдурасулова. Промышленная политика Кореи. // Экономический портал. Раздел «Промышленность», 2011. http://institutiones.com/industry/897-promyshlennaya-politika-yuzhnoj-korei.html

3. А.Смирнов. Опыт Южной Кореи: уроки для России // Агентство политических новостей. 2008. http://www.apn.ru/publications/article19535.htm

4. Руководство по развитию кластеров. «Центр маркетингово-аналитических исследований» // 2006. Алматы

5. Қазақстанда 9 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі // 2012. http://www.cci.kz/index.php/kz/all-news-kz/news-kazakhstan-kz/779-v-kazakhstane-9-sez



6. С.С.Суслина - Значение научно-технических ресурсов в современном экономическом развитии  Южной Кореи. «Мировое и национальное хозяйство», №2 (17) 2011.

7. Қазақстан-Корея қарым-қатынастарының жаңа серпіні // «Ел газеті» ұлттық қоғамдық-саяси апталық. 2010. http://www.elgazeti.kz/?p=3846

8. Корея-Қазақстандық технология ынтымақтастық орталығының ресми сайты www.kttn.kz/kz/
Аннотация

В данной статье рассматриваются ключи к успешному развитию экономики Республики Корея и возможности их применения в Казахстане. Была проанализирована взаимосвязь проводимых реформ и развития науки и инновационных технологий в Южной Корее в плане достижения высоких результатов в экономическом развитии. Были сравнены основные показатели и программы двух стран, обеспечивающих инновационное развитие, такие как: кластеризация и специализация отдельных регионов, государственные программы поддержки науки и инновационного развития, патентная система страны.
Summary

This article describes the keys to successful economic development of the Republic of Korea and their applicability in Kazakhstan. In this article relationship of the reforms and the development of science and innovation in South Korea were analyzed in terms of achieving high results in economic development. Also, here main indicators and programs of the two countries, providing innovative development, such as clustering and specialization of certain regions, government programs to support the development of science and innovation, the patent system of the country were compared.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет