«институционалдық экономика» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/3
Дата21.06.2016
өлшемі261 Kb.
#151538
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-04.01.20.67-2009

ПОӘК

«Институциональдық экономика» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

№ 1 баспасы _____________



«ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЭКОНОМИКА»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6N0903 «Бағалау» мамандығы үшін

магистранттарға арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2009



Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Тәжірбелік (семинар) сабақтар

  4. Магистранттардың өздік жұмысы


1. Глоссарий
«Институт» - латын тілінде заң ережелері, тәртіп деген мағынаны білдіреді. Институционалды экономика, яғни реттелген, заңдастарылғаң, әлеуметтік жағынан қорғлған, тәртіпке келтірілген, айқың экономика жүйесі ХХ ғасырдың екінші жаптысында бұрынғы капиталистік Солтүстік Америка және Батыс Еуропа елдерінде қалыптасты. Еркін бәсеке жойлып, монополиялардың үстемдегі орнаған жағдайда мемлекеттің экономикаға, оның барша салаларына және экономикалық қатынас жүйелеріне, оның ішінде, нарық қатынастарына белсенді араласуы қажет болды. Мемлекттің экономикаға араласу түрлері мен әдістері, шегі мен бағыттары әр елде өзгеше болды. Бірақ олардың барлық ұстанымдары мен заңдары бірдей келеді. Институциоанлизм теориясы алғашында АҚШ-да қалыптасып, оның тұжырымдадамалары негізінде АҚШ-да экономиканы мемлекет тарапынан болжау, реттеу, бағдарламалар жасау, заңдар қабылдау, оларды іске асыратын және бақылайтын мемлекттік және қоғамдық институттарды (құрылымдарды) құру тәжірибесі қалыптасты. Жиналған тәжірибенің негізінде АҚШ-ды

Институционалдық талдауға кіріспе. Жанаклассикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық тұрғыдан сынау. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары. Институционалды экономика теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Институционализмнің әдістемелік ұстанымдары.

Нарықтық Басқа индивидтін қажеттілігін қанағаттыру әркім индивидтің пайдалығын максималдатырад

Индустриалды Өндіріс процессін ұдайы өндіріс

Дәстурлі Дәстурді қайта жаңарту

Азаматтық Жеке ынтаның жалпыға бағынуы

Қоғамдық пікір Қоғамдың назар аудару

Творчествалық іс-әрекет Анлогы жоқ ерекше нәтижеге жету

Экологиялық Табиғатты қорғау

Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері. Дәстүрлі институционализмнің пайда болуы және даму кезендері мен бағыттары. Ежелгі институционализмнің теориялық ерекшеліктері. Ежелгі институционализмнің осы күнгі кезеңі және институционалдық–эволюциялық теорияның қалыптасуы. «Жаңа» институционализмнің әдістемелік-салыстырмалық сипаттамалары.

Институт институционалдық талдаудың негізгі элементі ретінде. «Институт» ұғымы. Институт жалпы әдістемелік категория ретінде. Институттардың әлеуметтік–экономикалық табиғатын, шығу тегін әртүрлі әдістемелік көзқарас тұрғысынан қарастырып айқында. Институттар жүйесі. Институттардың қызметтері. Институт және ұйым: айырмашылық белгілері. Институттардың экономикалық жүйенің қызмет атқаруындағы орны.

Экономиканың қызмет атқару ережелері. Мөлшерлемелер және ережелер. Экономика ережелері. Ережелердің бағыттау және бөлу қырлары. Ережелерді жіктеу. Ресми және бейресми ережелер. Ережелер мен құқықтардың иерархиясы. Ережелер және экономикалық мүдделер. Ережелердің орындалуын қамтамасыз ету.

Трансакциялар. Трансакция ұғымы және оның маңызы. Дж. Коммонстың трансакцияларды жіктеуі: іскерлік трансакциялар, басқару трансакциясы, оңтайлау трансакциялар. О. Уияльямсонның трансакция туралы тұжырымдамасы. Трансакциялардың өлшемдік сипаттары және келісім-шарт қатынастарын басқару.

Трансакциялық шығындар және олардың түрлері. Трансакциялық шығындары әр тұрғыдан анықтау. Трансфорациялық және трансакциялық шығындар. Трансакциялық шығындардын түрлері. Трансакциялық шығындарды өлшеу және оларды минималдау. Трансакциялық шығындардың маңызы.

Меншік құқықтарының экономикалық теориясы. Меншік құқықтары теориясының негізгі ұғымдары. Толық және шектеулі құқығы. Құрылық-европалық және ағылышыңдық құқық дәстүрлері. Коуз теориясы және меншік құқықтарының ерекшеленуі. Меншік құқықтарының айқындалмауы. Меншік құқықтарының әртүрлі тәртіп-ережелері және олардың салыстармалы артықшықтары. Экономикалық таладуда меншік құқықтарының орны.

Келісім-шарт теориясы. Келісім-шарт ұғымы. Экономикалық қатынастардың келісім-шарттық табиғаты. Активтердің ерекшеліктері және келісім-шарт үлгілері. Активтердің ерекше үш түрі: жалпы мақсаттағы активтер, ерекшеленген активтер, өте ерекшеленген активтер.

Фирма теориясы. Фирманы талдаудағы әртүрлі көзқарастар. Фирманың жана классикалық теориясы. Фирманың келісім-шарт теориясы. Фирманың меншік құқықтары теориясымен анықтау. Фирмалардың үлгілері.

Мемлекттің институционалдық теориясы. Институционалды теорияда мемлект ұғымы. Мемлекет институты және оның экономикадағы ролінің өзгеруі. Мемлекеттің ролін институционалдық тұрғыдан талдау. Мемлекетке қатысты принципиал-агент талдауға қатынастарының ерекшелігі. Д.Норттың мемлект туралы тұжырымдамасы. Мак Гир-олсон үлгісі. Финдли-Уилсон үлгісі.

Институционалдық өзгерістер. Институционалдық өзгерістерді талдауғы әртүрлі көзқарастар. Институционалдық өзгерістердің себептері, мақсаттары және тетіктері. Институционалдық өзгерістердің орталықтану барысы. Экономика субъектілірінің институттарды тандау. Институттардың біртіндеп өзгеруі. Бұрынғы даму жолына тәуелділігі және институционалдық түйықтар.

Қазақстан экономикасың институционалдық жағынан қайта құру. Нарықтық өзгерістерге байланысты Қазақстан экономикасындағы институционалдық қайта құрудың ерекшеліктері. Қазақстан экономикасының институционалдық жағдайы. Экономикалық институттарды импорттау мәселесі. Қазақстан экономикасының институционалдық түрде қайта құруда мемлекеттің ролі. Мемлекеттің басқару жүйесін жетілдіруде институционалдық көзқарас. Қазақстан Республикасында институционалдық өзгерістердің болашағы.
2. Институционалдық экономика пәні бойынша дәрістер жинағы:
Дәріс 1. Институт ұғымына түсінік. Экономикадағы алатын орны.
Жоспар:

  1. Институттын түсінігі. Инсти­туттардын жұмыс істеу мәні.

  2. Институционализм және жаңа классикалық экономика теориясы.

  3. Көне және жана институциона­лизм.

  4. Қазіргі институцио­нализмдін негізгі ағым­дары.


1. «to institute» ағылшын тілінен аударғанда – орналастыру деген мағынаны үстейді.

Бұл уғым әлеуметтік ғылым бастамаларынан, дәлірек әлеуметтанудан алынған.

Институт деп - рольдер мен статустардың жиынтығын түрлі арнайы қажеттіліктерді қолдануды айтамыз. Институт ұғымын сонымен қатар, саясатты философия мен әлеуметтік психология ғылымдарынан да табуға болады.

Джон Ролз өзінің «Әділеттілік теориясы» атты ғылыми жұмысында институт ұғымын бастапқы мақсатта негіздеп , былай анықтама берген : институт - халықтық ережелер жүйесі, олар түрлі қызметтер мен орындардың ережелерге , тулғаларға қатысын зерттейді.

Экономикалық теорияда институт ұғымын Терстейн Вебленнің анализінде байқалған.

Институт деп негізінен кең ауқымды қоғам мен индивид арасындағы жеке қатынастардың ой түрілігін айтамыз және соларға қатысты функциялардың жиықтығын.

Веблен институт түсінігіне мыналарды енгізген:


  • әдетті әдістердің стимулға қатынасы

  • өндірістік және экономикалық механизм құрылымы

  • осы уақыттағы қоғамдық өмір жүйесы.

Институционализм негізін қалаушылардың бірі Джон Коммонс ұғымдары мынадай:

Институт – ужымдық қозғалыс босатуға, кенейтуге, қадағалауға негізделген индивидтік қозғалыс.

Уэсли Митчел ойы орна:

Институт – жоғары категориялы стандартталған қоғамдық әдеттер жиыны. Индивидтің экономикалық қозғалысы арнайы әлеуметтік ортада жүзеге асады. Сондықтан буған қоғамның қалай қарайтыны ерекше орын алады.



2. Неоклассика аумағында қазіргі экономика саласына дәлме-дәл жауап беретін практикалық теориялар жоқ. «Ескі» инстиуционализм , экономикалық ағым сияқты шетелде 19-20 ғасырларда пайда болды. Ол тарихи бағыттармен экономикалық теорияда тығыз байланысты. Бұл мектептердің өкілдері: Т. Веблен, Дж. Коммонс, У. Митчелл, Дж. Гелбрейт. Бірақ Коуз (айтқандағы бойынша) байқаған, американдық инстиутционалистердің жұмыстары ешқандай шешімді экономикалық теориясына әкелген жоқ. Жаңа институционализм өзінің бастауларын пионерлік жұмыстардан алады, мысалы Рональд Коуздың «Фирма табиғаты», «Әлеуметтік шығындар проблемасы».
Дәріс 2. Инстиуционалдық экономикадағы адамның мінез-құлық модельдері.
Жоспар:

  1. Тақыстық экономикстегі экономикалық адамның моделі

  2. Оңтайлы мінез-құлық. Оңтайлылық принипі.

  3. Инстистциоанлдық анализдің мінез-құлықтық алғышарты.

  4. Шаруашылық әдеп және экономикалық мінез-құлықтық инстистуты.


1. Экономикалық теория жеке сала ретінде құрылу күнінең бастап экономикалық адам үлгінін қолданып келген. Мұндай үлгінің пайда болу себебі шаруашылық саласындағы жеке тулғалардың тандауымен мотивацияларын зерттеуге бағытталған. Саймон айтқан: «Неоклассикалық теория түп нұсқасында тандау процессін зерттемейді, оның тәтижесін зерттейді». Қазірғі заман ғылыми әдібиетінде экономикалық адамды ағым- REMM деп атайды. REMM – бейімдейтін сынаушы, мaксималдандыратын адам дегенді білдіреді. Мұндай үлгі адам өзіне қажеттісің қолайлықтардан алуда өзін-өзі толықтай оңтайлы сезінеді. Бұл келесі шарттарды қарастырады:

  • шешім қабылдауға қажетті информация жеке тұлғаға толықтай мәлім.

  • Адам экономика саласындағы өз істерінде толықтай өзімшілдікпен бурмаланады, сол себепті оған бәрібір оның істерінен соң басқа адамдың экономикалық жағдайы қалай болатындығында шатағы жоқ.

  • Айырбас жасауға сырттан ешқандай тыйым салынбайды.

  • Озінің қорын ұлғайту мақсаты тек қана айырбас формасында жүргізіледі тонау немесе басып алу формасында жүргізілмейді.

Мұндай қателіктер тақыстық экономика пән атына кір келтіреді. Осыған байланысты тақыстық экономика пәні шынайы өмір жағдайларынан алыстап «сынып тақтасы экономикана» айналып бара жатыр деп атына кір келтірді. Неоклассиктер көзқаратсарына қарап адамды осал жері жоқ жан деп түсінуы болады. Олар өздерін және өздерінің істерін толықтай қадағалайды.

Және де ол басқа адмдарынң қалауларымен санаспайды, оларға оның шешімі позитивті немесе негативті түрде тию мүмкіндігі мен ол санаспайды, ол мақсатпен мақсатқа жету арасындағы қатынасты жоққа шығарарды. Сол себепті бір адамдарынң шешімі келесі адамдардың шешіміне немқұрайлығының тақыстық теорияны әлеуметтік экономика пәнінен алшақтатады.

Линдберг бойынша әлеуметтік адам үлгісінің екі түрі бар:


  • SRSM - әлеуметтендірілген адам роль атқарушы және жазалау санкцияларына ұшырау қаупі (мүмкінділігі) бар адам. Ол адам толығымен қоғаммен қадағаланады. Алға мақсат қойылады – толық әлеуметтілік. Процесс қоғаммен бақыланады – адам онда өз ролін атқарады.

  • OSAM - өз көзқарастырады бар адам тез қабылдайтың іскер адам. Ол адам қорш. ортаға байланысты түрлі көзқарастарға ие. Ол тез қаблдағыш, бірақта өз коз-қарасы бойынша істейді. Бірақта ол экономикалық адаммен ешқандайда қатынасы жоқ, онда ойланып табу мен шектік қасиеттері жоқ.

Осы екі үлгіні салыстыра отырып экономикалық адам өзінің бойында қарапайым адамның мінез құлқын сақтайтындығын көруге болады. Әлеуметтік адамның мінез құлқымен жұмыс істеу қабилеті бейнелемеді: Шындығында қоғам атқарушы роль атқармайды, ол жеке және бір топ адам жұмыстың нәтижесі б.т. Сондықтан да қазіргі замандағы қоғамға байланысты ғылымдарэкономикалық адам моделіне көбірек сүйенеді әлеуметтік адам моделі өзімен ешқандайда нақтылықты көрсетпеді, оның қоғаммен адам арасындағы байланысы тұрақты емес.

2. Адамдар өз тандауын жүзеге асыратын институттардың ортаның негізгі элементі норма б.т.

Норма - адамдар арғы ара-қатынастардың негізге реттеуіші.

Норма деп әртүрлі жағдайларда индивид өз-өзін қалай устау керектігін және буйрықтың өз еркімен немесе санкциялар әлеуметтік , экономикалық , заңдық негізінде орындалуын айтайды.

Нормалар элементтері:



  • Нормалар таралған адамдар группасын анықтайтын атрибуттар.

  • Міндеттену факторы (мүмкін, міндетті немесе міндет емес)

  • Мақсат

  • Нормалар әрекет ететін шарттар

  • Юристік және әлеуметік болатын санкциялар

Осы бес элемент көмегімен нормалар түрлерін белгілүге болады, ортақ стратегия, норма және ереже. Осы нормалар түрлінің структуралары:

Нормалар анализін зерттеудін теориялар: 1. Қоғамдық тандау теориясы

2. Келесім экономикасы (Л. Тевеко, О. Фавро, А. Орман) Қоғамдық тандау теориясы нормаларды «рационализациялауды» көздейді, яғни нормалар адамдарың саналы түрде меңгеріп алынған, рационалды (ұтымды) таңдау деп есептілінген. Қоғамдық тандау теориясы (Дж. Бьюкенен заңды нормаларды зерттеуді құқықта белгіленген) рационалды тандау моделі. Келесім экономикасы келісімдерді яғни нормалардың формальды емес жиынтығын зерттейді. Келісімдің 7 түрі бар.


Кесте 1. Келісім түрлері

Келісім

түрі


Мінез-құлық

Негізгі нормалары



Заттар

Информ.

көздері


Уақыт

Векторы


Іс-әрекет

сферасы


Нарықтық

Басқа индивидтін қажетті-лігін қанағаттыру әркім индивидтің пайдалығын максималдатырад

Тауар,

ақша

Баға

Қазіргі

уақытта

Класси-калық

нарық

Индустриалды

Өндіріс процессін ұдайы өндірісі

Технологи

ялық

жабдық

тар

Стандарт-

тар

Болашақ

Соғыс өнеркә-сіптік комплекс

Дәстурлі

Дәстурді қайта жаңарту

Бұрынғы

заттар

Дәстүр,

әдет-ғұрып

өткен

уақыт

Жануя

Азаматтық

Жеке ынтаның жалпыға бағынуы

Қоғамдык

игілік

Заң

Қазіргі

уақытта

Саяси сфера

Қоғамдық

Пікір

Қоғамдың назар аудару

Мәртебелі

заттар

Хабарлар

Қазіргі

уақытта

Буқаралық ақпараттар құралы

Творчеств. іс-әрекет

Анлогы жоқ ерекше нәтижеге жету

өнер

табысы

Талант

Дискрет

тік

уақыт

Творч.

іс-әрекет

Экология-

лық

Табиғатты қорғау

Табиғи

объекті

лер

Қорш. Орта

Туринформ.

Уақыт

тың циклды

лығы табиғатымен

циклдау

Табиғатты қорғау

іс-әрекет



Дәріс 3. Трансакциялық щығындар.
Жоспар:

  1. Трансакция туралы түсінік және оның түрлері.

  2. Трансакциялық шығындардын туралы түсінік.

  3. Трансакциялық шығындар және меншіктің қуқықтық ерекшілектер.

  4. Трансакциялық шығындардың ішкі әсері. Коуз теоремасы.

  5. Трансакциялық шығындар және келісімдер қатынасы.




  1. Трансакция туралы түсінік және оның түрлері. Трансакция түсінігі ең бірінші Дж. Коммонстың ғылыми еңбектерінде енгізілді.

Трансакция – тауарлар айырбасы емес, бұл меншік құқықтарды айыру мен иелену және құрылған қоғамның бостандығы. Осындай анықтамадан мындай түсінік алуға болады: институттар жалғыз адамның күш-жігерін арттырып облыс колемінен тыс жерлерде, қоршаған ортаға тигізетін тікелей іс-әрекетін өрістетіп, таратуды қамтамасыз етеді,яғни физикалық бақылаудың тегінен тыс.

Коммонс трансакциялық үш негізгі түрін ажыратып берді:



  • Келесім трансакциясы – меншіктік құқықтар мен бостандықтарды иелену және айыруды нақталы іске жағдайда міндетті түрде тараптардың экономикалық қызығушылықтарымен келісу керек. Трансакциялық келісімде контрагенттер арасындағы қатынастарда симметриялық шарт сақталады. Коммонстың пікірінше трансакциялық келісімнің ерекшілігі ол өндіріс болып табылмайды, тауарды қолдан қолға тарату.

  • Басқару трансакциясы – мұның негізі болып бағынуды басқару қатынасы табылады. Ол шешімді қабылдау құқығы тен бір жаққа тиісті жағдайдағы адамдар арасындағы қатынасты болжайды. Трансакциялық басқаруда ассимметриялық тәртіп болады. Бұдан тараптардық жағдайы және құқықтық қатынастары ассимметрилы болады.

  • Ұтымдылық транаскциясы – тараптардың құқықтық жағдайы сақталады, бірақ құқықтық ерекшіліктердің функциясын орындайтын және басқаратын ұжымдық орган болып табылады.

Ұтымдылық транаскциясына мыналарды жатқызуға болады: компаниялардың бюджеттін құрастыратын директор кеңесі, үкіметтің федеральдық бюджетін құрастыратын және бекітетін үкіметтік органдар, байлықтарды бөлісу кезіндегі жұмыс істеп тұрған субъектлердің даулары туралы арбитраждық соттардың шешімдері.

Ұтымдылық транаскциясында басқару мүлдем жоқ. Осындай трансакциялардың арқасында экономикалық агенттердің байлықтары боліске түседі.



2. Трансакциялық шығындардын туралы түсінік. Классикалық емес теория жағдайында, айырбас шығынсыз өтеді деген ұғым, экономикалық анализға жаңа ұғым – трансакциялық шығындарды енгізуге негіз болды. Трансакция шығындар ұғымы 30-жылдары Р.Коуздың «Фирмалар табиғаты» мақаласына енгізілді. Ол нарықтың иерархияның құрылымдарынық, соның ішінде фирмалардың қарама – қайшылықтарының тууын түсіндіру үшін пайдаланылды. Р.Коуз фирмалардың құрылуын, олардың үнемдеу жағдайындағы артықшылықтарын трансакциялық шығындарымен байланыстырды. Фирмалардың функционалды ерекшеліктерін ол құнды тетіктерін басу және оны ішкі әкімшілік бақылау жүйесімен айырбастау арқылы көрді.

Қазіргі экономикалық теория шеңберінде трансакциялық шығындар көптеген трактаттар алды. К.Эрроу трансакциялық шығындарды экономикалық жүйені пайдалау шығындары деп анықталды. Ол трансакциялық шығындардыдың экономикадағы іс-әрекетін, физикадағы үйкелістің әрекетімен салыстырды. Осындай болжамдардың негізінде мынадай ұғымдар қалыптасады: егер экономика Вальрастың жалпы теңдік моделіне жақын болса, соғұрлым трансакциялық шығындардың дәрежесі төмен болады және керісінше.

Д.Норттың еңбектерінде трансакциялық шығындар «айырбас объектілерінің пайдалы қасиеттерінің шығындарын бағалаудан және олардың құқықтарын қамтамасыз ету шығындарынан, оларды сақтаудан турады». Бұл шығындар әлеуметтік, саяси және экономикалық институттардың қайнар көзі болып табылады.

Басқа экономистердің теорияларында трансакциялық шығындар тек қана нарықтық экономикада ғана емес, сонымен қатар басқада экономикалық ұйымдардың, соның ішінде жоспарлы экономикада бар болатындығын айтылады. Чангтың айтуы бойынша максималды трансакциялық шығындар жоспарлы экономикада байқалады, ал бұл жоспарлы экономикаға оң өзгеріс әкелмейтінін анықтайды.



Трансакциялық шығындардың типологиясы. Трансакциялық және трансформациялық шығындар.

Экономикалық әдебиеттерде трансакциялық шығындардың көптеген классификациясы және типологиялары бар. Соның ішінде мынадай трансакциялық шығындардың типологиясы көптеп таратылған:



  • Ақпараттарды іздеу шығындары. Келісімдер немесе келісім шарттар бекітілгенге дейін нақты сатып алушылар , сатышылар, олардың тауарлары және өндіріс факторлары, бүгінгі күнге дейінгі қалыптастасқан бағалары туралы ақпараттармен қаралану керек. Осындай ақпараттарды іздеу, уақыт пен күш жігердің шығындануына әкеледі. Сонымен қатар іздегең ақпараттық жоқ болып, оның толық болмауы шығындарға әкеліп соқтырады.

  • Келіссөздер жүргізудің шығындары. Нарық келіссөздерді бекіту және хаттауда белгіленген шараға көніл бөледі. Осындай шығындарды үнемдеудің негізгі құрамы стандартты (шартты) келіссөздер.

  • Өлшем шығындары. Кез келген тауар немесе қызмет бұл мінездемелік комплекс. Айырбас жағдайында олардың тек бірнешеуі ғана еспке алынады. Ал оларды бағалау (өлшеу) дәдігі жуықталып алынады. Кейде қызығушылық білдірген тауарлар өлшемсіз болады және оларды бағалау сурогаттардың көмегімен жүзеге асады. (Мысалы: алманың теріне қарап дәмін анықтау). Бұған өлшеу жасайтын техникалардың шығындары, өлшеу кезінде кететін қателіктерден тараптарды қорғау шараларын жатқызуға болады. Шығындарды өлшеу оларды дәл өлшеуге қойылатын талаптармен қатар өсіп келеді. Өлшеудің шығындарын үнемдеу өлшемдер мен салмақтардың стандарттарын адам баласы ойлап табудың нәтижесінде мүмкін болды. Сонымен қатар осындай шығындарды үнемдеу мақсатында жұмыс практикасында мынадай формалар енгізілді: кепілдік жөндеу, фирмалық жарлықтар, үлгі бойынша тауарлардың партияларын алу және т.б.

  • Ерекшеліктер және меншіктік құқықтарды қорғау шығындары. Осы категорияға уақытты мен күш жигерін құқықтардың бұзылуын қалпына келтіруге жіберген соттар, арбитраждық соттар, мемлекеттік қызметкерлер кіреді. Сонымен қатар олардың нашар ерекшеліктері мен қорғауды қамтамасыз ете алмауы салдарынан кеткен шығындар кіреді. Кейбір авторлар (Д.Норт) бұған қоғамдағы консенсустық идеологияны қолдау шығындарын кіргізеді. Қоғам мүшелерін жалпы қабылданған жазылмаған ережелерді және этикалық нормаларды сақтауға тәрбиелеу ол әділеттік бақылау жасаудан гөрі меншіктік құқықтарды қорғаудың үнемделген жолы.

  • Оппортунистік әрекеттің шығындары. Бұл экономикалық теория негізінде өте жасырын , және трансакциялық шығындардың өте қызықты элементі болып табылады. Оппортунистік әрекеттің екі негізгі формасы бар. Оның бірінші – моральдык тәуекел. Моральдык тәуекел мына жағдайда қалыптасады. Келіссөз жасаған кезде бірінші тарапқа екінші тарап туралы дұрыс ақпараттарды алу үлкен шығындарды талап етсе немесе олар туралы ақпарат мүлдем болмаса , онда бірінші тарап екінші тарапқа сенім білдіреді. Оппортунистік әрекеттің ең көп тараған түрі ол – жалқаулың, яғни агент келісім шартта көрсетілген талаптарға өз мөлшерде жұмыс жасаса. Жалқаулыққа негіз болатын нәрсе ол біріккен еңбекті бүтін топтың жұмыс жасауы. Мысалы: заводта немесе үкіметтік мекемелерде жұмыс істейтін әрбір жұмысшының жалпы жұмысқа тигізген және әсерін қалай анықтауға болады ? Ол үшін суррогатты өлшемдер пайдаланылады , яғни шығындар бойынша (еңбектің ұзақтығы), бірақ бұл көрсеткіш үнемі дәл бола бермейді. Жалпы көрсеткішке егер әр агенттің енгізген жеке еңбегі дұрыс бағаланбаса , онда оның еңбегінің әсері шын мәнінде дұрыс бағаланбайды. Бұдан жаңаға жұмысшының жалқаулығы арта түседі.

Жеке фирмаларда үкіметтік мекемелерде арнайы қиындатылған және қымбат құрылымдар жасалған. Олардың негізгі қызметі агенттің әрекетін бақылау, оппортунистік жағдайды анықтау, жазалауды қалыптастыру және т.б. Оппортунистік әрекет шығындарын қысқарту - әртүрлі ұйымдардың басқару аппараттарының негізгі функцияларының бірі.

Оппортунистік әректтің екінші формасы қиянат ету (қорқыту)№ Бірнеше өндірістік факторлар ұзақ уақыт бірге өте тығыз жұмыс жасап келе жатқанда бір-біріне етене жақын болғанда , яғни әрбіреуі, қайталанбас басқа топтың мүшелеріне бірегей болғанда қиянат жасау пайда болады. Бұл деген қандайда бір фактор топтан кетуге шешім қабылдағанда, кооперацияның басқа мүшелері оған нарықта дәл келетін айырбас таба алмайды. Осы кезде олар орны толмас шығынға ұшырайды. Сондықтан топтың мүшелеріне топтан кетуге шешім қабылдаған фактор тарапынан қорқыту пайда болады. Тіпті қорқыту ғана болған жағдайда, ол өзінің шығындарын ала келеді.

Көрсетілген классификациялар жалғыз ғана емес , сонымен қатар тағы да К.Менардың классификациясы бар:


  1. шығындардың мүшеленуі

  2. ақпараттық шығындар

  3. масштабтық шығындар

  4. әректтік шығындар.

Трансакциялық шығындар анализі енгізілгеннен кейін, фирмалардың шығындарының құрылымдарын анықтау керек.

Нарықтық экономикада фирмалардың шығындарын үш топқа бөлуге болады: трансформациялық, ұйымдастырушылық, трансакциялық.

Трансформациялық шығындар - өндірістік факторларды қолдану процесінде тауарлардың физикалық қасиеттерінің өзгеруінің шығындары.

Ұйымдастырушылық шығындар – ұйымдардың ішіндегі ресурстарды бақылау және бөлуді қамтамасыз ету шығындары. Сонымен қатар ұйымдардың ішінде оппортунистік әрекеттерді азайту.



Трансакциялық және ұйымдастырушылық шығындар бір-бірімен тығыз байланысқан ұғымдар болып табылады, біреуіартуы екіншісінің кемуіне алып келеді және керісінше.

.
Қазіргі экономикалық анализде трансакциялық шығындар жүйелілігік қолдануға ие болды. Трансакциялық шығындардың сұраныстары мен сойлемдері салықты жүргізумен бірдей екендігін кейбір зерттеулер нәтижелері көрсетті.

Сонымен қатар трансакциялық шығындарды (ТС) қолдану институционалдық тепе-тендік және институционалдық динамикалардың анализдері бойынша институттарға сұраныстық функциясын ашып көрсетеді. «Институционалдық нарық» институттарының пікір сапасында ұжымдық іс-әрекетің шығындары жұмыс жасайды. (САС) –институттарды құрудағы шығындардың шегі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет