2. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеуді
жүзеге асыру тәртібі
Зерделенетін ұйымдардың таңдау тобы облыстағы, республикалық маызы бар қалалардағы білім беру ұйымдарының (оқытылу тілі ескеріле отырып) 25%-ын қамтуы керек. Таңдау тобының іріктелуін және өңірлік жұмыс тобы мүшелерінің білім беру ұйымдарына бөлінуін білім басқармасы іске асырады. Таңдау тобы кездейсоқ іріктелу әдісімен тізімделеді.
Зерделеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы; білім беру үдерісінің мазмұны.
Зерделеу барысында келесі әдістер қолданылады: құжаттама талдау, өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және талдау, мұғалімдермен әңгімелесу, сауалнама.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісінің ұйымдастырылуын зерделеу бойынша қызмет:
Оқушылардың пән бойынша оқулықтармен қамтамасыз етілуін тексеру;
Педагогикалық кадрлардың құрамы мен олардың біліктігін тексеру;
Әдістемелік жұмыстың жүргізілуін, өзін-өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілуін және олардың жұмыстарының бақылануын тексеру: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының өзін-өзі тану сабақтарына қатысуы және педагогтарға семинар өткізуі; озық педагогикалық тәжірибенің зерделенуі және насихатталуы; педагогикалық кеңес отырыстарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу сапасының талқылануы.
Білім беру үдерісінің мазмұнын зерделеу бойынша қызмет:
Сабақ кестесіне сәйкес әртүрлі сыныптағы 8-10 өзін-өзі тану сабағына қатысу және талдау (1-қосымша);
Мұғалімдерге сауалнама жүргізу (2-қосымша);
Оқушыларға сауалнама жүргізу (орта буын және жоғары сынып) (3-қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: |