7
тексеріп, міндетті түрде актілер жасалады. Сонымен қатар, тәрбиешілер күн
сайын
топтардағы жиһаздар мен жабдықтардың жайын және серуендеу алаңдарын
тексеріп отыруы тиіс: олар ұшты бұрыштарсыз, шегесіз, кедір-бұдырсыз, шығыңқы
бұрандасыз болуы тиіс, топтардағы барлық жиһаздар мен учаскелердегі жабдықтар
сенімді
бекітілуі керек; сырғанайтын тӛбешіктер, баспалдақтар орнықты болуы
керек, бала жеңіл құлауы үшін берік тақтайша мен амортизациялық беттер,
таяныштар балалардың жасына және санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек.
Кӛктемгі-күзгі кезеңде жаңбырдан кейін жиналған суды серуенге шығар
алдында тазарту;
қоқысты жинау; бұталарды сәнді кесу бойынша іс-шаралар
жүргізіледі.
Қысқы кезеңде серуен басталар алдында барлық құрылыстардың шатырын
қардан және сүңгілерден, балалар алаңдарын, жолдарды қардан және мұздан тазарту,
құм себу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
Топтық бӛлмелерге қайнаған су әкелуге тыйым салынады. Дәліздер мен
баспалдақтарда балалар болмаған кезде асханадан тағамдарды әкелу керек.
Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін тек қайнатылған немесе бӛтелкедегі суды
пайдалану қажет.
Қайнаған суды ауыстыру кестесін сақтау.
Ата-аналардан
балабақшадағы
балалардың
тамақтану
рационында
қарастырылмаған ӛнімдерді (торттар, бәліштер және т.б.), әсіресе дайындау мерзімі
кӛрсетілмеген тағамдарды қабылдауға тыйым салынады.
Әр тамақтан кейін ауызды шаюды ұйымдастыру керек.
Балаларды аузындағы
тамақ, сағыз, кәмпиттер және т.б. ұйықтауға жол бермеу, осы мақсатта әр баланың
ауыз қуысын ұйқы алдында тексеру.
Тамақтану кезінде тәрбиеленушілердің ас құралдарын дұрыс пайдалануын
қадағалау қажет.
Жарақаттануды болдырмау үшін асхана мен шай ыдыстарында жарықтар мен
сынықтар болмауы керек.
Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескеру (оның
ішінде олардың
жекелеген азық-түлікке және тағамдарға тӛзбеушілігі)
Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек (ас
блогының жағдайына, жеткізілетін тамақ ӛнімдеріне, оларды тасымалдауға, сақтауға,
дайындауға, тағамдарды таратуға және т.б. тиісті санитарлық талаптарды сақтау).
Білім беру процесін ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Тәрбиешілер соқтығысуды, құлауды, дау-жанжалдарды болдырмайтын
балалардың мазмұнды ойын әрекеттерін ұйымдастыруы керек.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері
тәрбиеленушілерді балабақшада,
кӛшеде, тұрмыста қауіпсіз мінез-құлық негіздерімен таныстыруға міндетті.
Спорт залында және серуенде ірі спорт жабдықтарын пайдалана отырып,
балалардың қимыл әрекетін ұйымдастыру кезінде, бассейнде тәрбиешілер балаларды
құлау мүмкіндігінен, жарақатанудан сақтандыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Психологиялық жайлылық жасау (қарым-қатынастың демократиялық стилі,
әрекетті еркін таңдау үшін жағдай жасау, оқшаулану орындардың болуы,
топқа ата-
аналар еркін қатысу мүмкіндігі).
8
Тәрбиеші
тәрбиеленушілермен
дене
шынықтыру
және
музыка
ұйымдастырылған оқу қызметін ӛткізген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал
етуге міндетті.
Педагогтерге балаларға қандай да бір тапсырма беріп топтан тыс жерлерге
қараусыз жіберуге тыйым салынады.
Тәрбиеленушілермен
ұйымдастырылған оқу қызметін ӛткізу кезінде
санитарлық-гигиеналық, дидактикалық, эстетикалық талаптарға сәйкес келетін берік,
жарамды демонстрациялық және үлестірмелі материалдарды пайдалану қажет.
Жүзу тамақ ішкеннен кейін 30-40 минуттан ерте емес 10-12
тәрбиеленуші
санымен кіші топтар бойынша ұйымдастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: