32
Осылайша басқа кодтар бойынша жоғары, орташа, төмен деңгейлерді
есептеуге болады.
Ехсеl форматтағы Бақылау парақтарында берілгендей
егер топтағы бала
саны 25-тен кем немесе артық болған жағдайда таблицадағы ең төменгі
ұяшықтың үстінен тінтуірмен бассаңыз жоғарыдағы жолда 25 саны көрінетін
формула пайда болады. Оны топтағы қажетті бала санына түзетіп, одан кейін
төменгі «педагог пен баланың күтілетін нәтижелерге жетуі» бойынша нәтижелер
дұрыс шығуы үшін осы жолақтың бірінші ұяшығын шетінен тінтуірмен шертіп
алып, соңына дейін белгілеу қажет. Осылайша топтағы бала санына сәйкес
нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Стандартқа сәйкес ерекше және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу
және оқыту кезінде баланың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес үлгілік оқу,
арнайы, жеке/бейімделген білім беру бағдарламалары қолданылатындығын
ескере отырып, аталған балаларға мониторинг жүргізу үшін
берілген
критерийлерді бейімдеп жүргізу ұсынылады.
Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жас топтарында мониторинг
балалардың жасына сәйкес жүргізіледі.
Сонымен осылай әрбір критерийге берілген үш индикаторға сәйкес
балалардың Үлгілік бағдарлама мазмұнын игеруін, өз білімін қолдана отырып,
білік, дағдыларды игеруін, сондай-ақ балалар мен педагогтің күтілетін нәтижеге
жету деңгейлерін анықтауға және баланың жеке даму картасын жүргізу үшін
алдағы жұмысты жоспарлауға жалпы жеке баламен, топпен тәрбиелеу-білім беру
процесін тиімді ұйымдастыруға болады.
Мониторингті осылай әрбір критерийдің индикаторларына сәйкес
белгілеу, мониторингті шынайы жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ топтың
Үлгілік бағдарламаны игеруі бойынша толық нәтижесін көруге, Үлгілік
бағдарлама мақсатына жетуге әрбір баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері
мен
қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар
негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашуға ықпал етеді.
Топтың мониторинг нәтижелері негізінде мектепке дейінгі ұйымның
әдіскері берілген қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның мониторингін
ұйымдастыру үшін алдымен берілген қосымшаға сәйкес жас топтары бойынша
тәрбиешілер мен педагогтердің жасаған мониторингі негізінде жеке-жеке жинақ
есепті құрастырады. Жинақ есепке барлық
топтар бойынша алынған
мәліметтерді енгізген соң қорытындысы балалардың саны мен пайыздық
көрсеткіштері автоматты түрде шығады.
Аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармаларының
әдіскерлері мен мамандары аудан, облыс бойынша мониторингті берілген
қосымшаларға сәйкес алынған мәліметтерді кестеге енгізген кейін қорытындысы
балалардың саны мен пайыздық көрсеткіштері автоматты түрде шығады.
Оқу жылының басында бір рет баланың оқу жылына арналған жеке даму
картасын әзірленеді және диагностиканың (бастапқы, аралық,
қорытынды
Ф
төмен
= (n3
ф1
+ n3
ф2
+ n3
ф3
+ ... +n3
фn
)
n
33
бақылау) нәтижелері бойынша жеке даму картасына өзгерістер енгізіледі.
Топтың мониторингінен алынған деректер негізінде оқу жылына Баланың
жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке дамыту картасын толтыру
кезінде педагог кестеге дамытушы немесе түзету шараларын, қажет болған
жағдайда бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралардың екі түрін енгізеді.
Бастапқы бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) қазан-
желтоқсан, аралық бақылау нәтижесіндегі
шаралар ақпан-сәуір, қорытынды
бақылау нәтижесіндегі шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.
Қорытындыға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму
деңгейі жазылады.
Жеке картаны жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ
тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен,
музыка
жетекшісімен) бірлесіп топ тәрбиешісі және мектептің (лицей, гимназия)
мектепалды сыныптың тәрбиешісі дербес толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: