Құру (Создать) батырмасын басады.
18-сурет. Жаңа аккаунт құру
2-кезең. Сайт құру жұмысын бастау
Бұл кезеңде мынадай жұмыстар жасалады:
Сайттың тақырыбын анықтау (мақсатын белгілеу);
Сайт аудиториясын анықтау (сайт кім үшін? не үшін? ауди- тория қызығушылығы мен қажеттілігін қанағаттандыру жұмыстарын жүргізу);
Сайттың қандай болатынын ойластыру, болашағын елестету (бәсекелес сайттарды қарап шығу);
Сайт стилін анықтау (дизайнына қарай шаблон таңдау, түс- тер мен қаріптер түрін таңдау);
Сайт макетін құру (сайт картасы барлық парақшаны қам- туға тиіс, қай парақша қайда алып баратынын көрсету керек, суреттер, бейнелер мен мәтіндердің, батырмалардың орналасу орнын анықтау).
3-кезең. Сайт шаблонын таңдау
Wix сайт конструкторы 500 шаблон түрін ұсынады. Шаб- лондағы барлық элементтер түзетіліп, қайта бапталады. Онда- ғы элементтердің орнын ауыстырып, дизайнын өзгертуге бо- лады.
4-кезең. Сайтты безендіру
Сол жақта орналасқан құрал-саймандар тақтасы сайтты безендіруге қолданылады. Онда мына әрекеттер жүзеге асыры- лады:
Сайт парақшаларымен жұмыс.
Дизайнмен жұмыс (мәтін, кескін, бейне, батырма, мәзір, әлеуметтік желілер, фон ауыстыру және т.с.с. қосу).
Басқару панелін қолдану (сайт атауын өзгерту, мобильді нұсқаны қосу, контактілер формасын қосу, әлеуметтік желі профилін орнату және т.с.с.).
Суретті өңдеу (формасын өзгерту, жиек қосу, сілтеме қосу).
Мәтін қосу (қаріп таңдау, туралау, стиль өзгерту).
Сайт құру парақшаның оң жақ жоғары бұрышында орна- ласқан батырмасын таңдаудан басталады. Әрі қарай сайттың мақсатына байланысты қандай сайт түрі керек екен- дігі таңдалады (19-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |