Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының 2015 жылғы



Дата26.02.2016
өлшемі105.08 Kb.







Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының 2015 жылғы


«25» тамыздағы

№ 121 бұйрығымен бекітілген




Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі




  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы


№ 327 Жарлығына және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістерін айқындайды.

2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.

4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауынан) тұрады.

Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттауды өткізу туралы шешімді қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Төрағасы құрады.

9. Комиссия кемінде үш мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.

10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия төрағасы:

комитетте - төраға;

аумақтық бөлімшелерінде - басшы болып табылады.

Комиссия хатшысы персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.



  1. Бағалау жүргізуге дайындық

11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды жүргізу кестесін әзірлейді.

Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.



  1. Тікелей басшының бағалауы

12. Тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей басшының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.

Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.





  1. Айналмалы бағалау

13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы тұлғалар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын тұлғаның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.

14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.

17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.



  1. Қызметшінің қорытынды бағасы

18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c

a – қызметшінің қорытынды бағасы,

b – тікелей басшының бағасы,

c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,

21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,

33 балл және одан жоғары – «тиімді».





  1. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен мынадай жағдайларда бағаны түзетеді:

1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау ұсынылады;

2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.

Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда, персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.





  1. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға береді.

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау

әдістемесіне 1-қосымша


Тікелей басшының бағалау парағы


Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): ______________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________


р/с



Критерий

Көрсеткіштің мәні

(саны)


Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін




2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін




3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін




4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін




БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы):

 






Таныстым:


Қызметші (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________
күні ___________________________
қолы ___________________________

Тікелей басшы (Тегі, аты, әкесінің аты



(бар болған жағдайда)

_______________________________


күні ___________________________
қолы ___________________________

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау

әдістемесіне 2-қосымша

Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің  Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): _____________________________________________________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________




р/с№

Критерий

Көрсеткіштің мәні

(саны)


Баға (балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін

 

2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін

 

3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

 




Барлығы (барлық бағалардың бағасы):

 

Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін

 

2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

 

3.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін

 




Барлығы (барлық бағалардың бағасы):

 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау

әдістемесіне 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы



р/с



Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1

 

 

 

 



 

 

 

 

Комиссия қорытындысы:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Тексерген:

Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: ____________________



(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Комиссия төрағасы:_______________________  Күні: ____________________



(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Комиссия мүшесі:  ________________________ Күні: ____________________



(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет