«Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі №1293 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына



Дата23.02.2016
өлшемі62 Kb.
#5958


«Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


р/с





Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ Қытай Халықаралық Су шаруашылығы және Энергетика корпорациясымен бірлесіп, мынадай 3 жобаны іске асыруды көздейді:

  • Іле өзенінде контрреттегіш Кербұлақ ГЭС-ін салуды;

  • Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салуды;

  • Шелек өңірінің энергетикалық әлеуетін дамыту және Бестөбе су қоймасындағы Кеңсу өзенінің ағынын бұру, І кезең – шағын ГЭС салу (ГЭС-1,2,19,29) және Кеңсу өзенінің ағынын бұруды.

Аталған жобаларды салу Қазақстан Республикасының энергия тапшылығын көріп отырған Оңтүстік энергетикалық аймағына қосымша қуаттарды енгізуді қамтамасыз ететін болғандықтан, оларды іске асыру Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық әсерін тигізеді.

Осыған байланысты осы жобаларды «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысымен бекітілген Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне енгізу ұсынылады.

Жобаларды Тізбеге енгізу «Самұрық - Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 26 мамырдағы №80 шешімімен бекітілген «Самұрық - Қазына» АҚ Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесінің 138-тармағының 3) тармақшасына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында аталған объектілерді салу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден сатып алуға және ағымдағы жылдың өзінде-ақ оны нақты іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді





Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді



Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар


Республикалық бюджеттен қосымша қаражат пен инвестициялық преференцияларды талап етпейді



Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Іле өзенінде контрреттегіш Кербұлақ ГЭС-ін, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу, сондай-ақ Шелек өңірінің энергетикалық әлеуетін дамыту және Бестөбе су қоймасындағы Кеңсу өзенінің ағынын бұру, І кезең – шағын ГЭС салу (ГЭС-1,2,19,29) және Кеңсу өзенінің ағынын бұру жобаларын Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне енгізу мақсатында.

Осы жобаларды салу Қазақстан Республикасының энергия тапшылығын көріп отырған Оңтүстік энергетикалық аймағына қосымша қуаттарды енгізуді қамтамасыз ететін болғандықтан, оларды іске асыру Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық әсерін тигізеді





Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысы



Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді



Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ



Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет- ресурсына (веб-сайт, интранет-портал немесе басқа ақпараттық жүйе) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі мен күні) және ақпарат (әрқайсысының байт санын көрсете отырып, шығарылған файлдардың атауы)

___________интернет-ресурсында орналастырылды

Рұқсат


Қаулы жобасы - _____ МБ


12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсына (веб-сайтына) қаулы жобасына әлеуметтік маңызы бар баспасөз-релиз хабарламасын (баспасөз-релиз хабарламасының атауы, күні) орналастырғаны туралы ақпарат

Талап етілмейді

13

Реттегіш әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (болған жағдайда)

Жоқ



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі


Ә. Исекешев







«____» ___________ 2015 жыл





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет