Иодты чили селитрасын тазалағанда қосалқы өнім ретінде алады. Ол сондай-ақ теңіз өсімдіктерінің күлінен де алынуы мүмкін. Зертханалық жағдайда иодты калий иодидінің (Кℓ) сулы ерітіндісіне хлормен әсер еткенде алады



бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141595
  1   2   3   4   5

jod_o

Иодты чили селитрасын тазалағанда қосалқы өнім ретінде алады. Ол сондай-ақ теңіз өсімдіктерінің күлінен де алынуы мүмкін. Зертханалық жағдайда иодты калий иодидінің (Кℓ) сулы ерітіндісіне хлормен әсер еткенде алады.

jod_w

Иод – салыстырмалық тұрғыдан алғанда сирек элемент. Табиғатта тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Иод теңіз өсімдіктерінде өте аз мөлшерде және чили селитрасында ілеспе ретінде кездеседі. Иод қосылысы адам организміндегі қалқанша безінде болады. Жер қыртысы массасындағы иодтың үлесі 1,4 құрайды.

jod_wo

Иод – өзіне тән иісі бар және металдық жылтырағы бар, сұр-қара түсті қатты зат түріндегі бейметалл. Иод жеңіл булана ұшады, оның қою-күлгін түсті буы көзді, танауды және тамақты күшті тітіркендіреді. Иод суда нашар ериді, бірақ этанол сияқты, органикалық қосылыстарда жеңіл ериді. Иод – химиялық белсенді элемент. Ол металдармен әрекеттесіп, иодидтер түзеді, мысалы магний йодиді. Иод сутекпен әрекеттесіп, йодты сутекті HI түзеді. Иодты 1811 жылы француз химигі Бернар Куртуа ашқан. Ал 1813 Жозеф Луи Гей-Люссак бірінші болып оны зерттеді және қасиеттерін сипаттады. Аталуы гректің “күлгін” деген сөзінен шыққан.

jod_z

Иодты (спирттегі ерітіндісін) медицинадағы зарарсыздандырушы құрал ретінде пайдаланады. Иодтың радибелсенді изотопын – иод–131 қалқанша безінің ауруын анықтау және оны емдеу үшін қолданады. Иодты химиялық талдауда пайдаланады, атап айтқанда иодометрия үшін. Иод – адам организміндегі маңызды микроэлемент, ол зат алмасудың дұрыс жүруі үшін қажет.

kadm_w

Табиғатта кадмий тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Негізгі кадмилік минерал – гринокит CdS, ол әдетте мырыштық кендерде кездеседі. Кадмий Жердегі таралуы бойынша 65-ші орында орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 1,1 % құрайды.

kadm_wo

Кадмий – жұмсақ және созылғыш, көгілдір түсті реңі бар күмістей ақ түсті металл. Ол ауада қарайып, оксидтің CdS жұқа қабықшасымен қапталады. Қатты қыздырғанда кадмий қызыл түсті жалын беріп жанады. Қышқылдарда ериді және су буымен әрекеттеседі. Кадмий және оның қосылыстары өте күшті улы. Кадмийді 1817 жылы Фридрих Стромейер және, одан тәуелсіз, К.С.Л. Герман және Дж.К. Ролоф ашты. Аталуы гректің “мырышты кен” – деген сөзінен пайда болған.

kadm_z

Кадмиді кейбір төмен балқитын құймаларға қоспа ретінде пайдаланады. Мыстың кадмимен құймасының беріктігі, мыстың өзінікінен жоғары, сондықтан олардан телеграфтың, телефонның және троллейбустың сымдарын дайындайды. Кадмиді акумуляторлардың сілтілік электродтарын (кадмий-никелді) дайындау үшін қолданады. Кадмилік өзекшелерді ядролық реакторлардағы тізбекті реакциялардың жылдамдығын реттеу үшін пайдаланады.

kaliforn_o

Калифорнийді альфа-бөлшектермен (гелий ядроларымен) Кюрий-242-ні соққылап алады.

kaliforn_w

Калифорний табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

kaliforn_wo

Калифорний актиноидтар ұяласына-тобына жатады. Калифорний қасиеті әлі толық зерттелінбеген, өйткені ол өте аз мөлшерде алынған. Қазіргі кезде калифорнидің келесі қосылыстары алынған: калифорний (ІІІ) оксиді, калифорний (ІІІ) хлориді және калифорний (ІV) оксиді. Калифорний атомдық массасы 92-ден үлкен болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді трансурандық элементтерге жатады. Оның барлық изотоптары радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін Сf изотопының жартылай ыдырау периоды 900 жыл. Калифорний – қауіпті элемент, өйткені жоғары радибелсенділікке ие және сүйек кемігенде жинақталуға бейім. Калифорниді 1950 жылы америка ғалымдары Глени Теодор Сиборг, Стэнли Дж. Томпсон, Кеннет Стрит және Альберт Гиорсо ашқан. Калифорния штатының құрметіне аталған.

kaliforn_z

Калифорниді нейтрондардың көзі ретінде пайдаланады.

kiur_oL

Кюри плутоний–239-ді -бөлшектермен (гелий ядроларымен) соққылап алынады. Металл күйіндегі кюрий 1275ºС температурада кюрий (ІІІ) фторидін барий буымен тотықсыздандырғанда алынуы мүмкін.

kiur_w

Кюрий табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

kiur_wo

Кюрий – күмістей ақ түсті ауыр металл. Ол актиноидтар ұяласына – тобына жатады. Кюрий – химиялық белсенді элемент. Ол хлормен, сутекпен және азотпен әрекеттеседі, ауада жеміріледі. Оксидтер мен хлоридтер – кюридің барынша тұрақты қосылыстары. Олардың арасындағы белгілілері кюрий (ІV) оксиді, кюрий (ІІІ) оксиді, кюрий (ІІІ) бромиді, кюрий (ІІІ) хлориді, кюрий (ІІІ) иодиді. Кюрий атомдық массасы 92-ден үлкен болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді элемент – трансурандық элементтерге жатады. Кюридің барлық изотоптары радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін изотобы кюрий–247, оның жартылай ыдырау периоды 4,78 жыл. Кюрий - қауіпті элемент, өйткені ең жоғары радибелсенді және сүйек кемігенде жинақталуға қабілетті. Кюриді 1944 жылы америка зерттеушілері Гленн Теодор Сиборг, Ральф Джеймс және Альберт Гиорсо -бөлшектерімен (гелий ядроларымен) плутониді-239 соққылау жолымен ашқан. Оны “кюрий” деп Мария Склодовская-Кюри және Пьер Кюри құрметіне атаған.

kiur_z

Кюрий іс-жүзінде қолданылмайды. Тек зерттеушілік мақсатта ғана пайдаланылады.

kobalt_o

Кобальтты кобальт тұздарын электролиздеп немесе көмірмен кобальт оксидін тотықсыздандырып алады.

kobalt_w

Кобальт Жердегі таралуы бойынша 32-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2 % құрайды. Құрамында кобальты бар, аса маңызды минералдар-смальтитт CoAs және кобальтит CoAsS.

kobalt_wo

Кобальт – күмістей ақ, ауыр металл, омырылғыш, бірақ созылғыш. Жылтырлата ысқыланған кобальтта көгілдір рең болады. Кобальттың күшті ферромагниттік қасиеті бар, яғни магниттік өрісте магнитті болу қабілеті. Оның ең жоғары Кюри нүктесі – 1121ºС (бұл температура тұсындағы зат ферромагнитік қасиетін жоғалтады). Ауадағы кобальт жеміріледі. Температураны көтергенде күкіртпен, оттекпен және галогендермен әрекеттеседі. Кобальттың қосылыстары ертеректен белгілі. Кобальтты бірінші болып 1735 жылы швед химигі Георг Брандт алған. “Кобальт” аталуы ХV ғасырдың аяғынан бері қолданыста бар. Ол Kobald деген сөзден пайда болған, ал бұл сөз “қара рух” дегенді білдіреді. Металл аталуы туралы аңызды былайша түсіндіреді. Табиғаттағы кобальт мышьякты кендерде кездеседі, одан күйдіру жолымен таза кобальт алуға болмайды, өйткені жоғары температурада бұл қосылыстар оксидке айналады. Орта ғасырдағы кен қазушылар, оны күйдіргенде металл бермейтін кендер деп санаған, яғни тау рухы бар зат деген, бұған байланысты металл аталуы пайда болған.

kobalt_z

Кобальтты құймаларға қосымша қоспа ретінде қолданады. Магнитті дайындайтын болатта, 35% дейін кобальт болады. Кобальттың изотопы Со-60 бар, оны кобальтты бомба деп атайды, медицинада қатерлі ісіктерді емдеу үшін және тағамды зарарсыздандыру мақсатында сәулелендіру үшін пайдаланады. Кобальтты катализатор ретінде қолданады. Кобальтттың қосылыстарын көк бояу жасауға қолданады.

krypton_o

Криптонды сұйытылған ауаны ректификациялау арқылы алады.

krypton_w

Атмосферадағы криптонның мөлшері іздік мөлшерде. Оның үлесі ауа көлемінің 0,0001% шамасын құрайды. Криптон Жерде таралуы бойынша 82-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2 % құрайды.

krypton_wo

Криптон – суда нашар еритін, түссіз және иіссіз газ. Криптонның химиялық белсенділігі төмен. Оның атомдары екі атомдық молекулаға қосылмайды. Арнайы жағдайлар жасалғанда (электрлік разряд, төменгі температура) криптон (ІІ) фториді алынуы мүмкін. Криптонды ағылшын химиктері Уильям Рамзай және Моррис Траверс асыл газдарды бірден буландыра айдаған кезде ашқан. Аталуы гректің kryptos “жасырын” деген сөзінен шыққан.

krypton_z

Криптонды қуаттылығы жоғары және флуоресценттік шамдарды толтыру үшін қолданады. Криптон электрлік разряд әсері кезінде өзіне тән сары-қызғылт жарық шығарады. Криптондық шамдарды әуежайларда қолданады. Олардың жарығы өте алыстан көрінеді.

krzem_o

Таза кремний кремнеземді магнимен немесе алюминимен тотықсыздандыру арқылы алынады.

krzem_w

Кремний Жердегі таралуы бойынша оттектен кейінгі екінші орында тұрған элемент. Жер қыртысы массасындағы оның үлесі 27,7% құрайды. Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде ғана кездеседі, олар силикаттар, алюмосиликаттар және кремнезем-кремний (ІV) оксиді SіO2.

krzem_wo

Кремний – металлоид-бейметалл. Кремнийдің екі аллотроптық формасы кездеседі: аморфты және кристалдық. Аморфты кремний – қоңыр ұсақ ұнтақ. Кристалдық кремний сұр, қатты, бірақта айтарлықтай омырылғыш болып келеді. Кремнийдің құрылымы алмастың құрылымына ұқсас. Кремний – жартылай өткізгіш. Қалыпты температурадағы кремнийдің химиялық белсенділігі аса жоғары емес, осылай болса да ұнтақты кремнийдің белсенділігі жоғары. Кремнийдің кейбір қосылыстары улы болады, мысалы кремний фтор сутек қышқылының H2SіF6 тұздары. Кремнийді 1823 жылы швед химигі Йенс Якоб Берцелиус ашқан және алған.

krzem_z

Кремний жартылай өткізгіш ретінде электртехникада кеңінен қолданылады. Кремнийді қосымша ретінде құймаларға қосқанда олардың жемірілуге тұрақтылығы жоғарылайды. Силикаттар, алюминсиликаттар және кремнезем-шыны мен керамика өндірісі, сол сияқты құрылыс өнеркәсібі үшін негізгі шикізат.

ksenon_o

Ксенонды сұйытылған ауаны ректификациялау-тазалау кезінде алады.

ksenon_w

Ксенон – сирек кездесетін элемент. Ол Жердегі таралуы бойынша 84-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2 % құрайды.

ksenon_wo

Ксенон – иіссіз, түссіз және дәмсіз асыл газ. Ол ауадан 4,5 есе ауыр. Кез келген асыл газдар сияқты, ксенонның химиялық белсенділігі төмен. Оның атомдары екі атомдық молекулаға бірікпейді. Ксенонды 1898 жылы ағылшын химигі Уильям Рамзай және Моррис Траверс ашқан. Аталуы гректің ksenoc – “бөтен”— деген сөзінен алынған. 1962 жылы ксенонның бірінші қосылысы алынды, бұл ксенонның және басқа асыл газдардың мүлдем инерттілігі жайлы теорияны жоққа шығарады.

ksenon_z

Ксенонды жоғары әсерлі және импульстік шамдарды толтыру ұшін пайдаланады. Ксенон электрлік разряд әсерінен аса жарық ақ сәуле шығарады. Мұнан басқа, ксенон атомдық электростанцияларындағы реакторларда да қолданылады.

lantan_o

Лантанды лантан хлоридінің LaCl балқымасын электролиздеп немесе лантан хлоридін натриймен не кальциймен тотықсыздандырып алады.

neon_o

Неонды сұйытылған ауаны тазалау кезінде алады.

neon_w

Неон атмосферада іздік мөлшерде болады. Оның ауадағы үлесі массаның 1,2 10-3% және көлемнің 1,8 10-3% құрайды. Ол ауадағы таралуы бойынша 5-ші орынға, ал Жердегі таралуы бойынша 81-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 7 10-9% құрайды.

neon_wo

Неон – түссіз және иіссіз газ. Неон гелий тобына енеді. Ондағы элементтерді “асыл газдар” дейді, өйткені олардың химиялық белсенділігі төмен. Неон тек ауада ғана кездеседі. Неонды 1898 жылы ағылшын химиктері Уильям Рамзай және Моррис Траверс ашқан. Аталуы гректің “жаңа” деген сөзінен алынған.

neon_z

Неонды қызыл түсті жарық шығаратын, неондық шамды толтыру үшін пайдаланады. Әуежайларда және сулы аймақтағы тұманға қарсы шамдарда қолданады.

neptun_o

Нептунийді уран-238-дің радибелсенді түрленуі кезіндегі қосалқы өнім ретінде алады. Сол сияқты нептунийді нептуний (ІІІ) фторидін барий буымен тотықсыздандырып та алуға болады.

neptun_w

Табиғаттағы нептуний уранды кенде аз мөлшерде кездеседі.

neptun_wo

Нептуний – ауыр күмістей металл. Ол актиноидтар ұяласына жатады. Ол да уран сияқты химиялық белсенді. Температураны жоғарылатқанда оттекпен әрекеттесіп, нептуний (ІV) оксидін NpО2 түзеді. Сол сияқты ол көміртекпен, сутекпен және галогендермен әрекеттеседі. Бұл атомдық массасы 92 үлкен болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді элемент – трансурандық элементтердің біріншісі. Нептунийдің барлық изотоптары радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін 237 изотопының жартылай ыдырау периоды 2 миллион жыл шамасында. Нептунийді 1940 жылы америка физиктері Эдвин М. Макмиллан және Филипп Х. Эйблсон ашқан. Нептун планетасының құрметіне аталған.

neptun_z

Нептунийді нейтрондық сәуле шығару көзі ретінде пайдаланады.

nikiel_o

Никелді никелдік кенді күйдіру арқылы алады.

nikiel_w

Никель Жердегі таралуы бойынша 23-ші орынға орналасқан. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 8 % құрайды. Бос күйіндегі никель тек метеориттерде ғана кездеседі. Құрамында никелі бар аса маңызды кендер – хлоантит NіAs және миллерит NіS. Никелдің бай кен орындары Канадада, Қытайда және Кубада табылған.

nikiel_wo

Никель — күмістей ақ түсті металл, қатты және созылғыш. Оның ферромагниттік қасиеті бар, яғни магниттік өрісте магниттенуге қабілетті. Никельдің Кюри нүктесі 357ºС (бұл заттың ферромагниттік қасиетін жоғалтатын, температурасы). Ол жақсы жылу және электр өткізгіштікке ие. Ауада жемірілмейді. Температура жоғары болғанда фосформен, мышьякпен, оттекпен және галогендермен әрекеттеседі. Қышқылдарда еріп, сутекті ығыстырады. Никель және оның қосылыстары улы. Алғашқы рет никелді 1751 жылы швед химигі және минерал танушысы Аксель Кронштедт ашқан. Аталуы немістің “жарамсыз”– деген сөзінен пайда болған.

nikiel_z

Никелді басқа металлдарды, әсіресе темірді және болатты қорғаушы қабат ретінде қолданады. Сол сияқты никелді катализатор ретінде де пайдаланады. Ол никель-кадмилік аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болады. Никелдің мыспен қорытпасын тиындар дайындау үшін пайдаланады.

niob_o

Ниобийді ниобий (V) оксидін Nb2O5 натриймен тотықсыздандырып алады. Ол сондай-ақ ниобий және калий фторидтерінің балқымасын электролиздеу арқылы алына алады.

niob_wo

Ниобий — сұр түсті металл, айтарлықтай қатты, бірақ созылғыш. Ниобийдің химиялық белсенділігі төмен. Ол қалыпты температурада атмосфера әсеріне тұрақты, қышқылдармен және негіздермен әрекеттеспейді, тек балқытқыш қышқылда НҒ ғана әрекеттеседі. Қыздырғанда тұтанады. Жоғары температурада сутекпен, азотпен, көміртекпен және галогендермен әрекеттеседі. Ниобийді 1801 жылы ағылшын химигі Чарльз Гатчет ашқан. Элемент грек аңызындағы Тантал батырдың қызы Ниобий құрметіне аталған, өйткені қасиеті бойынша Танталға жақын (грек батыры Танталдың құрметіне аталған элемент).

niob_w

Табиғаттағы ниобий тек қосылыс түрінде ғана кездеседі, әдетте танталмен бірге. Ниобий Жердегі таралуы бойынша 33-ші орында. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2 % құрайды.

niob_z

Ниобийды құймаларға қосымша ретінде пайдаланады. Ол болаттың химиялық әрекетке тұрақтылығын және мыс құймаларының жоғары температура әсеріне тұрақтылығын арттырады. Ниобий сол сияқты ядролық реакторлардың салқындату жүйесін жасағанда қолданылады.

nobel_o

Нобелийді көміртек-12 иондарымен кюрийді соққылау арқылы алады.

nobel_w

Нобелий табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

nobel_wo

Нобелий – металл, актиноидтардың ұяласына енеді. Трансурандық элементтерге – атомдық массасы 92-ден артық болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді элементтерге жатады. Нобелийдің төмендегі қосылыстары алынған: нобелий (ІІ) оксиді NoO, нобелий (ІІІ) оксиді No2O3, нобелий (ІІ) фториді NoF2 және нобелий (ІІІ) фториді NoF3. Нобелийдің барлық изотоптары радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін изотоптың 259 No жартылай ыдырау периоды 58 минут. Нобелийді бірінші болып 1957 жылы кюрий-244-ді көміртек-12 иондарымен соққылап бір топ америка, ағылшын және швед ғалымдары ашқан. Динамитті тапқан және Нобель сыйлығын негіздеген Альфред Нобель құрметіне аталған.

olow_o

Металл түріндегі қорғасынды оттектің қатынасуымен галенитті (қорғасын жылтырағын) күйдіріп және күйдіру нәтижесінде алынған қорғасын (ІІ) оксидін кокспен онан әрі балқытып алады. 2PbO+C=2Pb+CO2.

olow_w

Табиғаттағы қорғасын тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Аса маңызды қорғасын кені – галенит PbS, немесе қорғасын жылтырағы. Басқа кені – англезит PbSO4 және церуссит PbCO3. Қорғасын Жердегі таралуы бойынша 36-шы орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 1,4 10-3% құрайды.

olow_wo

Қорғасын – сұр түсті жұмсақ металл. Электрді жақсы өткізеді. Шамалы қыздырса жұмсарып, өңдеуге оңай көнеді. Қорғасынның кесіндісі жылтырақ, бірақ ауада тез қарлығып, сұр түске енеді-қорғасын (ІІ) оксидінің PbO және қорғасын (ІV) оксидінің PbO2 жұқа қабатымен жабылады. Қорғасын және оның косылыстары улы. Қорғасын – уранның, торийдің және актинийдің радибелсенді ыдырауының соңғы өнімі. Қорғасын адамзатқа өте ертеден белгілі. Египетте және басқа ежелгі елдерде одан үлкен кірпіштер, байлар мен құдайлардың статуяларын, мөрлер мен түрлі тұрмыстық бұйымдар дайындалады. Қорғасыннан қоланы, сондай-ақ өткір қатты затпен хат жазу үшін тақтайша дайындайды. Ертеректе римдіктер су құбырын жасаған.

olow_z

Қорғасынды акумуляторларды жасау үшін қолданады. Ол көптеген құймалардың, оның ішінде мойынтіректің де (подшипник) құрамына енеді. Қорғасын радибелсенді сәулеленуден қорғайды. Қорғасын қосылыстарынан бояулар мен уларды әзірлейді.

osm_o

Осмийді платинаны тазалау кезінде қосалқы өнім ретінде алады, өйткені әдетте минералдағы платинамен бірге жүреді.

osm_w

Әдетте осмий таза күйінде кездеседі және көбіне платинамен бірге жүреді. Осмийдің біраз мөлшері никелді кендерде де болады. Осмий Жердегі таралуы бойынша 80-ші орынға ие. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 10- % құрайды.

osm_wo

Осмий ақ сұр түсті қатты да омырылғыш ауыр металл. Химиялық белсенділігі төмен, тек патша шарабымен ғана (концентрлі тұз және азот қышқылдарының 3:1 қатнасындағы қоспасымен) әрекеттеседі. Температураны көтергенде осмий оттекпен әрекеттесіп, аса улы осмий (VІІІ) оксидін O3O4 түзеді, бұл заттың иісі ұнамсыз. Сол сияқты жоғары температурада осмий фтормен, хлормен, күкіртпен және фосформен әрекеттеседі. Осмийді 1803 жылы ағылшын химигі Смитсон Тентант ашқан. Аталуы гректің “osme” - “сасық”– деген сөзінен пайда болған.

osm_z

Осмийді құймалардың беріктігін жоғарылататын қоспа ретінде оларға қосады. Осмий құймаларын элетрлік түйістірушілерді, қыздыру шамдарының типтерін, қаламұшты өндіргенде қолданады. Осмий (ІV) хлоридін OsCl4 саусақ ізін анықтау үшін пайдаланады.

pallad_o

Палладийді негізінен платинаны өңдеу кезінде қосалқы өнім ретінде алады.

pallad_wo

Палладий — ауыр металл, жұмсақ, күмістей ақ тұсті. Қышқылдар мен негіздердің әрекетіне тұрақты, тек азот қышқылымен және патша шарабымен (концентрлі тұз және азот қышқылдарының 3:1 қатнастағы қоспасымен) ғана әрекеттеседі. Температураны жоғарылатқанда палладий оттекпен, күкіртпен және галогендермен реакцияға түседі. Палладий өзіне сутекті дарыта (сіңіре) алады (өз көлемінен 90 есе үлкен көлемді), мұның нәтижесінде омырылғыш болады. Палладийді 1803 жылы ағылшын химигі Уильям Хайд Волластон ашқан. Кіші паланета Паллады құрметіне аталған, ал оны 1801 жылы неміс астрономы Ольберс тапқан болатын.

pallad_w

Палладий әдетте таза күйінде кездеседі, жиірек платинамен немесе басқа асыл металдармен бірге жүреді, мысалы браггит (Pt,Pd,Nі)S сияқты минералда сирек болады. Палладий – сирек кездесетін элемент. Ол Жердегі таралуы бойынша 77-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 6 10-8% құрайды.

lantan_w

Табиғаттағы лантан қосылыс түрінде ғана, көбінесе церийдің, торийдің, лантанның және басқа лантаноидтардың фосфатты қоспалы қосылыстары болып келетін монацит минералында кездеседі. Минерал массасының 50% осы элементтер үлесіне тиесілі. Лантан Жердегі таралуы бойынша 28-ші орынды алады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 3,2 10-3% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет