Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді құру (Ашхабад келісімі) туралы келісімге қосылу туралы



Дата02.07.2016
өлшемі43.5 Kb.
#172943
Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді құру (Ашхабад келісімі) туралы келісімге қосылу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді құру туралы келісімге (Ашхабад келісімі) қосылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ашхабад келісіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосылатыны туралы Депозитарий- Мемлекетті хабардар етсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді құру (Ашхабад келісімі) туралы келісімге қосылу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

түсіндірме жазба


Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді құру туралы келісімге қосылу бойынша 2014 жылғы 1 қазандағы № 12-35/04-167//93-5.5 (ПӘ) тапсырмасының 3-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес


3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды.

Жаһанданудың жалғасып жатқан процесі шеңберінде халықаралық сауданың кеңеюі салдарынан халықаралық жүк тасымалдары көлемінің ұлғаюы




4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар


Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Орта Азия, Иран және басқа да Парсы шығанағы елдерімен, қарқынды ынтымақтастықты және елдің транзиттік жүк айналымын арттыру, байланысты нығайту және қосымша жүк тасымалын жұмылдыру, жаһанданудың кеңеюі салдарынан халықаралық сауданың жалғасып жатқан процесі шеңберінде халықаралық жүк тасымалдары көлемінің ұлғаюы күтілуде


6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер


Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі


Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері


Талап етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер


Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі


Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mir.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Қаулы жобасының көлемі – 325 КВ


12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mir.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Баспасөз релизінің көлемі – 325 КВ

13.

Реттегіш ықпалын тигізу талдауын жүргізу нәтижесі бойынша ақпарат (бар кезінде)

Жоқ




Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет